.
.
Қазақ тілі Сан есім
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2528 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы : Сан есім
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік:
Сан есім туралы бала ұғымын кеңейту, есептік, реттік, дара, күрделі түрлеріне ажырату;
ә) Дамытушылық :
Ой - өрісін кеңейту, танымын арттыруа отырып, жылдам ойлауға, пікірін жеткізе алуға, дұрыс шешім қабылдай білуге бағыттау, өз ойын дәлелдей алуына мүмкіндік туғызу ;
б) Тәрбиелік
Балаларды бірлікке, ұйымшылдыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Сабақтың көрнекілігі: ойын түрлері, тірек-сызба, бағалау нормасы, ағаш макеті, кеспе қағаздар.
Сабақ барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі:
а) балаларды 5 топқа бөліп, орналастыру;
ә) сабақтың тәрбиелік ұранымен таныстыру: Ағаш – өмір, білім - жапырақ.
б) сабақ алгоритмімен таныстыру.
1. «Тез ойла» ойыны (өткен сабаққа шолу)
2. «Кім жылдам» ойны ( сын есім бекіту)
3. «Қайда менің өз үйім ?» ойыны
4. Жаңа сабақ : «Сан есім»
а) шағын диктант.
ә) ой түйіндеу.
б) оқулықпен жұмыс
в) шығармашылық жұмыс
г) ой түйіндеу
5. Қорытындылау
6. Үйге тапсырма
7. Тірек сөз бойынша. «Кім білгір?» ойыны.
Қорытындылау.
Тірек сөздер бойынша сабақты тиянақты өту.
1 Сан есім Он бес
2 Дара Бес
3 Күрделі Жиырма сегіз
4 Есептік Тоғыз
5 Реттік Оныншы
6 Сан есім зат есім Он үй
Үйге тапсырма: 405- жаттығу, ереже жаттау
1. Мәтінді оқу.
2. Сан есімдерді табу
3. Сан есім қай сөз қатысты екенін айту.
Жарыс қорытындысын шығарып, жеңімпаз топты мадақтау. ( өсіп шыққан көшеттерінің санына қарай)
Осы көшет үлкейе келе, мәуелі ағашқа айналып, сабақ басында айтқандай білімдердің толысып, мәуелі ағаш өз жемісін берсін, деген игі тілекпен өз сабағымды аяқтаймын.
Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөздерді сан
есім деп атаймыз.
4. Диктанттағы үш сан есім бойынша бойынша шығармашылық жұмыс жүрүізу.
қанша? неше? нешінші?
Жеті, он бес, бірінші.
1. Алғашқы 2 сөзді салыстыру арқылы құрамына қарай қандай ой түюге болады.
Жеті – дара, 1 сөзден тұрады.
Он бес – екі сөзден тұрады, яғни күрделі.
Ереже қорыту.
Сын есім құрамына қарай 2-ге бөлінеді.
1. Дара – бір ғана сөзден тұратын сан есім
2. Күрделі – екі немесе одан да көп сөзден тұратын сан есім
3. Алғашқы 2 сөзбен 3 сөздің сұрақтарын салыстыру
Ереже қорытындылау
сан есім деп атайды.
Нешінші? Сұрағына жауап беріп, заттың саналу ретін білдірсе, реттік сан есім деп атайды.
Реттік сан есім – ыншы,-інші.
406- жаттығу -інші, –ніші жұрнақтары жалғанады
Оқулықпен жұмыс. 404- жаттығу.
Топпен жұмыс
Шығармашылық жұмыс
1-топ . жылда, 12 айда, 1, әр, 30, болады, ай, күн
2- топ. 100, ширек, 25, ғасырда 1жыл, ал, болады, ғасырда жыл.
3-топ. 1, тәулікте, әр, сағат, 60, бар, минут,24, сағатта
4-топ. 1- апта, айда, 4,7, әр, болады, аптада, тулік.
5-топ. 3600, секунд,1минутта, бар сағатта, әр, ал, 60, секунд қанша? неше? деген сұрақтарға жауап беріп, заттың нақтылы санын білдірсе, есептік.
4
1-тапсырма. Сөздерді дұрыс орналастырып сөйлем құрау
2-тапсырма сөйлем ішіндегі сан есім сөзбен жазылады.
3-тапсырма. Құраған сөйлемдерім есте сақтау диктанты ретінде дәптерге жазу .
Үлгі жауап.
1 - топ . Бір ғасырда жүз жыл, ал ширек ғасырда жиырма бес жыл болады
2 – топ. 1 жылда 12 ай, әр айда 30күн болады
3 – топ. Әр айда 4 апта, әр аптада 7 тәулік болады.
4 – топ. Әр тәулікте 24 сағат, 1 сағатта 60 минут бар.
5- топ. Әр сағатта 3600 секунд, ал 1 минутта 60 секунд бар.
топ басшылар үлгі жауаптар бойынша өз тобын тексеріп қарандашпен бағалайды .қай топ бірінші әрі дұрыс болса көшеттеріне бір жапырақ қосылады.
406-жаттығу.
1. Жұмбақты көшіріп жазу
2. Сөйлемнен сан есім табу
3. Сөйлемдегі сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын тапқызу.
4. Сан есімнің дара күрделі екнін анықтау
Алтын терек он екі бұтақ.
Үш жүз алпыс бес жапырақ
Ой түйіндеу. Сөйлемде сан есім зат есіммен байланысады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.