.
.
Cабақтың тақырыбы: Сан есім. Сан есім.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1638 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
1. Сан есімнің заттың санын, ретін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру. Сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.
2. Оқушылардың ақыл-ойын, сөйлеу тілін дамыту, қиялын ұштау. Танымдық тапсырмалар арқылы ой белсенділігін, ығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, тестілік, өзіндік жұмыс.
Көрнекілігі: электрондық оқулық, тірек-сызба, мультимедиалық кабинет, сурет.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
- оқушыларды сабаққа әзірлеу;
- балалар, қазақ тілі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтарға өзіміздің білімдерімізді көрсетіп, белсене қатысайық;
- психологиялық даярлау: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
- дәптерлерін тексеріп, ауыстыру;
- балалар, бүгінгі сабақта жаңа тапсырмаларымен жұмыс жасай отырып, сан есім туралы сабақ өтеміз.
- қазақ тілінде неше сөз табы бар?
- біз қандай сөз таптарымен таныстық?
- ендеше, өткен сабақтарға байланысты семантикалық картамен жұмыс жасайық:
Семантикалық карта
Сөздер Зат есім Сын есім Етістік
асхана
жасыл
күліп отыр
қағаз
бесеу
ұзын
жүгіріп жүр
қасқыр
- сергіту сәті: Қарлығашқа ұқсайық,
Қане, қанат жасайық,
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып-ұшып қонайық.
3. Жаңа сабаққа даярлық кезеңі.
Дәптермен жұмыс
- дәптерімізді ашып, бүгінгі күн ді және мен жасырған жұмбақ жауабын көркем етіп жазайық: Бесте бар, баста жоқ. Бұл қандай әріп?
- көркем жазу минуты: Ее әрпін бір жолға жазамыз да, бес сөзін екінші жолға жазамыз (Әріптің басталу нүктесі мен байланыстарына назар аудара жазыңдар).
- әдемі, көркем етіп жазып болсақ, маған айтыңдаршы біз қай сөзді көркем етіп жаздық?
- әрине, бес, бес дегеніміз не?
- бұл сөзге сұрақ қояйықшы қанше? немесе неше? Ал мұндай сұрақтарға жауап беретін сөз табымен таныстық па?
4. Жаңа сабақ.
- ендеше бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Сан есім».
Заттың санын, ретін білдіретін сөздер сан есім деп аталады. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: жеті, он, жиырма, сексен бес. (хор)
Оқулықпен жұмыс
182 бет. 1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Осы сөздер нені білдіреді? Слайд
183 бет. 3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдерден сан есімдерді тауып, астын сыз. Оларға сұрақ қой.
Тақтада берілген жаттығуды жазайық. Өлеңді түсініп оқы.Өлеңнен сан есімдерді тауып, көшіріп жазамыз және бір сан есіммен сөйлем құрастырамыз.
- сергіту сәті: Қарлығашқа ұқсайық,
Қане, қанат жасайық,
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып-ұшып қонайық.
5. Қорытындылау.
- балалар, сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
- бүгін қай сөз табымен таныстық?
- ендеше, осы сөз табына байланысты тест жұмысын өткізіп, қаншалықты түсінгендеріңді көрейік:
Тест.
Сан есім.
р/с сұрақтары нұсқалары
а ә б в
1 Сан есім нені білдіреді? заттың сынын заттың санын,ретін заттың атын заттың сапасын
2 Сан есімнің сұрақтарын көрсет кім?не?
кімдер?нелер? не істеді?қайтті? қандай? қай? қанша?неше?
нешінші?
3 Сан есімді көрсет жасыл он бес дала парта
4 42 саны қай нұсқада дұрыс жазылған? қырық қырық тоғыз тоқсан қырық екі
5 92 саны қай нұсқада дұрыс жазылған? тоқсан үш тоқсан екі сексен бір жетпіс
- үйге тапсырма: 4-жаттығу,183 бет. Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі цифрдің тиістісін сөзбен жаз. Үлгі: ...(7,0) жасар Нұрым әжесінің айтқан ертегісін мұқият тыңдайды. Жеті жасар Нұрым әжесінің айтқан ертегісін мұқият тыңдайды.
- бағалау: семантикалық карта бағасы
сабаққа белсене қатысқаны үшін баға
беттестіру тестінен алған баға
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.