.
.
Сабақтың тақырыбы: Сан есім. Сан есім.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1408 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларды сөйлем ішінен сан есімдерді табуға, сұрақ қоя білуге үйрету.
2.Сөз таптарын ажырата білуге жаттықтыру,ойлау қабілеттерін ,тілдерін дамыту.
3.Оқушыларды алғырлыққа,тапқырлыққа,елін,жерін,ұлтын сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілі:түсіндіру,сұрақ-жауап,жұптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Көрнекілігі:жұмбақтар,ребус,тірек сызба,сөзжұмбақ,жұптастыру.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық:
Ана тілім – бал тілім,
Өзің барда шалқыдым.
Тілімнен нәр табармын,
Тіліме кім тағар мін – деп сабағымызды бастаймыз.
ІІ.Қызығушылықты ояту.
Жұппен жұмыс. «Сөздің әрбір дыбысынан сөз тудыру жұмысы». Парақтардағы сөздердің әрбір дыбысынан сан жазып шығу.
І жұп ІІ жұп ІІІ жұп
тоқсан жеті қырық
Түс сегіз Жас сексен Қас сегіз
үш алты алпыс
Әр жұптан бір оқушыға оқытып,тапсырманы тексеріп , бағалаймын.
ІІІ. Мағынаны ашу.
498- жаттығу. /Ауызша/.
Әр оқушыға оқытып, ерекше жазылған сөздерге сұрақ қойғызып,қай сөз табына жататынын сұраймын.
499- жаттығу.Жұмбақ жасыру./Көркем етіп,дәптерге жазады/
Тоғыз белбеу,қос жібек,
Екі мұрын, бір шүмек.
(Домбыра).
Тірек- сызба арқылы жаңа сабақты түсіндіремін.
Сан есімнің ережесін оқушыларға қайталатып,өздеріне мысалдар келтірту.
Өткен сөз таптарын,олардың ережелерін,сұрақтарын еске түсіру үшін «Ассоцация» құрайық.
Кім? Не? Қанша? Неше? Нешінші?
Кімдер? Нелер?
Зат ес ім Сан есім
Етістік Сан есім
Не істеді? Қайтті? Қандай? Қай?
Не қылды?
IV.Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып,бір тұрып,
Біз бір дем алайық.
V.Оқулықпен жұмыс.
500-жаттығу .Ребусты шешіп,сол сөзді қатыстырып сөйлем құрау . /Өздіктерінен жазбаша орындайды/. Жүз екі.
501-жаттығу.Берілген сөздердің сан есім екендігін делелдеу. /Ауызша/
VI.Сөзжұмбақ шешу.
А
Н
Е
С
І
М
1)Жанды сағат,
Айғай салат.(Есек)
2).Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды.(Балық)
3)Жерде туып,көкте өледі. ( Түтін)
4) Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ қашады. (Жел)
5) Жылт-жылт етеді,
Жылғалардан өтеді. (Су)
6) Дегендей ешкім тимесін,
Алыпты қадап инесін. (Кірпі)
7)Өзі жап-жас мұрты бар
Ет пен сүтке ұмтылар.(Мысық)
VII. Сабақты қорытындылау.
Бүгін не істедіңдер? Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?
VIII. Бағалау.
IX.Үйге тапсырма.
504- жаттығу.Ережелерді қайталау.
Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
Бірлік негізгі мектебі
Хамитова Жәния Зәмиқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.