.
.
Cабақтың тақырыбы : Сан есім Сан есім
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1528 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың сан есім туралы білімдерін
жүйелеу, толықтыру
2.Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
3.Оқушылардың ақыл-ойын, сөйлеу тілін дамыту, қиялын ұштау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар мен суреттер, шығармашылық тапсырмалар
Сабақтың бөлімдері Сабақтың жүрісі
Ұйымдастыру бөлімі Оқушыларды сабаққа әзірлеу
Үй тапсырмасын тексету 400 - жаттығудың берілісін бір оқушы оқиды.Қалғандары тексеріп отырады.
Өткенді қайталау Ережелерді сызба бойынша қорытып шығарып, еске түсіру
-зат есім, сын есім, етістік, сан есім
Жаңа сабақ -Сан есімнің ережесін қорытып шығарып алу, сұрағын анықтау, сұрақ қою
Дәптермен жұмыс
Күннің жадын жазу , тақырыпты хабарлау
Көркем жазу мәуреті
Кк Көркем кесте тігеміз,
Кілем сырын білеміз
Терме диктант( сан есімдерді табу)
Елу метр есіктен,
Еңкеюмен шақ кірдім.
Жүз қасқырды өшіккен,
Бір қозыға бақтырдым.
-Өтірік өлең деген не? Басқа қандай өтірік өлең немесе мақал-мәтел білесіңдер?
Оқулықпен жұмыс 404-жаттығу
Сандарды сөзбен жазып, сөйлемдерді көшір.
-Бұл сандар нні білдіреді?Уақыт өлшемдерін анықтаңдар.
Шығармашылық тапсырма:
«Менің бір күнім»
Бір күн ішінде қандай істер жасағаны туралы шағын ой толғау жазып, сыныптастарымен бөлісу.Жақсы ісі мен ұнамсыз қылықтары туралы да айта кету.
Сергіту сәті Ойын : «Кел, жаңылмай санайық!»
405-жаттығу
Мәтінді оқып, сан есімдердің қай сөздерге қатысты екенін айт.
Шығармашылық тапсырма:
Көп нүктенің орнына тиісті мәліметтерді қойып, мәтін құрастыр.
Ақтау қаласы мен Жаңа Өзен қаласының арасы ... км. Жолда ... км-ден соң Қарақия ойпаты кездеседі.Оның теніз деңгейінен ... м төмен орналасқанын білеміз. Маңғыстауда ... әулие бар.
Бекіту Ойын «Жина, таңда»
Оқушыларға карточкалар тартылып беріледі де, әрқайсысы сұрағына қарай сөз табына бөлінеді:
Сын есім Сан есім Етістік Зат есім
Қорытынды бөлім Үйге тапсырма беру
406-жаттығу
Бағалау
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалау
Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
М.Әуезов атындағы №20 жалпы білім беру орта мектебі
Ашық сабақ
« Сан есім »
3-сыныптың қазақ тілі пәні
Өткізген: Косжанова Турсынкул Тулеповна
14 сәуір 2010 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.