.
.
Қазақ тілі 3 «Е» сынып Мұғалімі: Гупранова Кенжегул Сагиндиковна Сан есім
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1448 | Размер: | Автор: Нартай4540Тақырыбы: Сан есім Мақсаты:
а) Білімділік:
Оқушылардың өтілген тақырыптары бойынша білімін пысықтау. Сан есімнің сөйлемдегі қызметін меңгерту;
ә)Дамытушылық:
Оқушылардың сөздік қорын молайту. Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын қалыптастыру. Өз ойын жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру
б) Тәрбиелік:
Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулу. Топпен бірігіп жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сыни-тұрғыдан ойлау, сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, сергіту жаттығулары.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірме қағаздар, семантикалық карта.
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақ барысы:
I.Қызығушылықты ояту 1.Тренинг өткізу. Жақсы қасиеттер туралы әңгімелеп, балалардың зейінін сабаққа аудару. Сөз таптарына байланысты сыныпты төрт топқа бөлу. 2. Үй жұмысын тексеру.
5-жаттығуды әр топқа оқыта отырып, көп нүктенің орнына қойған сөздерді тексеру.
2. «Ұяшықты таңдау» ойыны арқылы сөз таптарын пысықтау.
Балалар ұяшықтан сандар таңдайды.
-Зат есім дегеніміз не? Зат есімнің түрлері.
-Негізгі сын есім дегеніміз не?
-Сан есім дегеніміз не?
-Туынды етістік дегеніміз не?
-Тәуелдік жалғау дегеніміз не?
-Түбір дегеніміз не?
II. Мағынаны тану.
1.Күннің жадын жазу. Көркем жазу.
Тт дыбысын көркем, әдемі жаздыру. Басқа әріптермен байланысын көрсету.
Телефон сөзін жазу. Телефонның алғаш пайда болуы туралы мәлімет беру. Телефонның түрлерін атау.
2. Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.Сөйлемдерді оқып, сан есімдерді тауып, сөзбен жазу.
Диалог түрінде тақтаға шығарып оқыту.
225-15-22 271-23-68
Телефон нөмірлерін жазбаша түрде жазу.
2-жаттығу. Өз бетімен жұмыс.
Сөздерді үлгі бойынша сөз таптарына бөліп жазу.
Зат есім Етістік Сын есім Сан есім
құлпынай, сағат жүгірді, барды дәмді, аласа елу бес, бес жүз
Сағат тілінің бағытымен балалар тақтадан дұрыс жауапқа қарап, бірін-бірі тексереді Топпен жұмыс. «Қызықты жазулар»
1.Сан есім, сын есім, зат есім, етістік жазып, шыққан сөздерді оқу.
2.Сергіту сәті.
«Қос қарлығаш» әні бойынша қимылдар жасап бой сергіту. Қос сөзінің мағынасын ашу.
Тақтада сандар көрсетіледі. Сол сандарға байланысты балалар білетін мақал-мәтелдерін айтады.
4-жаттығу. Мәтелді түсініп оқы. Сан есімдерді тап. Сан есімге сұрақ қою.
Жаздың бір күні
Қыстың мың күнін асырар.
Мәтелдің мағынасын ашу. Сан есімге байланысты байланысты мақал тауып жазу.
Математикалық жұмбақ. «Тапқыр болсаң шешіп көр»
5-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап жаз.
1.Бір жылда неше ай бар?
2.Бір айда қанша күн бар?
3.Бір сағатта қанша минут бар?
4.Бір метрде неше сантиметр бар?
Сан есімдерге назар аударып, сұрақтарға жауап беру.
IV.Бекіту.
III. Семантикалық карта.
Сөздер
Атаулары әдепті жүгірме он жеті пайдалы жазба балық алпыс бес дәрі
Негізгі зат есім
Болымсыз етістік
Туынды сын есім
Сан есім
Суретпен жұмыс.
-Қандай балықтар бейнеленген?
-Қай балық қанша жыл жасайды?
Үй тапсырмасы: Сөйлемдерді көшіріп жазып, сан есімдері тауып сұрақ қою. 3-жаттығу.
Сабақ үстінде геометриялық фигуралар арқылы бағаланған оқушылардың бағасын атап шығу.
Сабақ аяқталды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.