.
.
Семей қаласы ММ « №19 жалпы орта білім беретін мектеп» Сан есім қайталау.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1941 | Размер: | Автор: Нартай4540Бастауыш сынып мұғалімі: Аманбаева Гульшат Алихановна
Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сан есім қайталау.
Мақсаты: 1) Оқушыларға сан есім туралы алған білімдерін пысықтату, өткен сабақтан алған ұғымдарын кеңейту.
2) Оқушыларды сөздерді дұрыс қолдану білу аясын кеңейту, сөз таптарын ажырата білу қабілетін дамыту, сөйлем құрастыра білу дағдысын жетілдіру.
3) Халқымыздың салт-дәстүрін бағалай білуге баулу.
Сабақтың түрі: кіріктілген сабақ.
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақтаны пайдалану, суреттер, карточкалар, теңгелер.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағың не үшін керек?
Ақыл кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың не үшін керек?
Туған жерде жүру үшін!- ендеше, балалар 12 мүшелерін сау болып, туған жерде үлкен азамат болып өсулеріңе тілектеспін.
Бүгінгі сабағымызда халқымыздың салт-дәстүр, ұлттық ойын және халық ауыз әдебиеті түрлерімен танысамыз!
II - Қане, бәріміз интерактивті тақтаға назар аударайық!
Асыл сөз
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады! – деп Асан қайғы бабамыз жырлап кеткен екен!
Қазақ халқы көшпенді халық болған. Сондықтан қолданыста болған сөздерді жазайық.
Сөздік диктант: Шаңырақ, сәукеле, үзіңгі, рәсім, лебіз, домбыра,теңге.
III Өткенді білмегеннің – ертеңі болмайды. (Өткен тақырыпты пысықтау)
Егер берілген сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер, әр жауапқа Халқымыздың салт-дәстүрлерімен танысамыз!
1) Зат есім дегенміз не? Қандай түрлері бар?
Көпше, жекеше, жалпы есім, жалқы есім- ережелерін сұрау мысал келтіру.
Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне арналған той. Бұл тойда “баланыздың бауы берік болсын” деген құттықтау сөз айтылады.
2) Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
Бесік жыры, бесікке салу.
Шілдехана өткеннен кейін, баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды.
Көз тимесін деп бесікке тұмар тағып, бесік жырын айтады.
3) Етістік дегеніміз не? Етістік нешеге бөлінеді?
Мысал келтір.
Қырқыннан шығару.
Туғанына 40 күн толғанда, баланы қырқынан шығарады. Қазақ халқының ұғымында 40 саны қасиетті сан. Бала қырқыннан шыққанға дейін киген көйлегіне, тәттілерді түйіп, иттің мойнына байлап қоя береді. Балалар итті қуып жетіп, тәттілерді бөліседі.
Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.
Тұсау кесу- сәби қаз тұрғаннан кейін, тез жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпін жасалатын дәстүр. Ала жіппен аяғын байлап, қадірлі адам кеседі.
IV “Халық ауыз әдебиеті “ ( жұмбақ, жаңылтпаш, өтірік өлең)
517 – жаттығу
Ребус шешу. “ Ас атасы- нан “ (2-3сөйлем жазу)
518-жаттығу Жұмбақ есеп ( ауызша) .Санамақ айту.
519-жаттығу
Жаңылтпашты жатқа жазу.
Қырық құлып,
Қырық құрық.
Құлып та қырық,
Құрық та қырық , - Сан есімді тауып, астын сызу.
V “Ұлттық ойын” “ Теңге алу”
Мақсатты : шашылған теңгелерді өз әмиянына салу керек.
Зат есім Сан есім Сан есім Етістік
Ақ тоғызыншы тәтті
бес келді
521- жаттығу
Төлептің 4 ұлы бар. Төрт ұлының адам баласына бір апасы, бір қарындасы бар. Төлептің барлық баласы нешеу болғаны? (6)
VI “ Ән шашу” Халқымыз өлең, жыр, әнді ұнатқан! Барлық тойда ән шырқалады. ( Ақырып ән айтылып тұрады)
Оқушылар 520- жаттығуды дәптерге орындайды.
524- жаттығу тақтаға орындайды.
VII “ Туған жер-алтын бесік”
522- жаттығу
“Туған жер” тақырыбына шағын шығарма жазғызу оқыту.
VIII “Жақсы сөз жақсы ырыc” –дейді халық.
- Қане балалар, сабақтың соңында әрқайсымыз бір-бірімізге жүрегімізден шыққан тілектерімізді білдірейік!
Сабақ барысында әрбір жауапқа ою беріп, бағалау!
Қызыл ою – “5”
Көк ою - “4”
Сары ою – “3’
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.