.
.
Сабақтың тақырыбы: Сандардың нумерациясы. Сандардың нумерациясы.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3934 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Сандардың нумерациясы жайында түсінік беру. Мың көлеміндегі сандарды оқу, жазу, салыстыру, разрядтардың атауын және нөмірлеуін, бірліктер класын қайталау.
2. Дамытушылық:
Ой -өрісін дамыту, өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту;
3. Тәрбиелік:
Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру. Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, қайталау;
Сабақтың көрнектілігі: интерактивтік тақта, оқулық, слайдттар, кірпінің суреті, жемістер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Балалар, бүгін бізді ерекше сабақ,
Сабақта алаңдамай еркін еңбек етіңдер. Өз ойларыңды қысылмай, ашық айтыңдар. Мен сендерге сәттілік тілеймін.
ІІ. Психологиялық дайындық: бір – біріне тілек айту.
Математика керек әр күйге, математика қажет өмірде.
ІІІ. Үй тапсырмасынын тексеру.
І. Жаңа сабақ.
Балалар бізге электрондық почтамен хат келді.
Ендеше хатты оқиық.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге мына хатты үлкен өтінішпен жолдап отырмын. Маған сендердің көмектерің керек
Күз келді, бірақ жемістерді жинап үлгермей жатырмын.
Бүгінгі сабақтағы тапсырмалар дұрыс орындалса, Жемістер жиналады. Көмектесіңдерші, балалар!!!
Балалар, бұл хат кішкентай кірпіден келіпті. Көмектесеміз бе кірпіге?
Сабақта мұқият болыңдар. Егер тапсырмалар дұрыс орындалса, түрлі жемістер жинайтын боламыз.
ІV. Жаңа тақырып
Бүгінгі біздің тақырыбымыз Сандар нумерациясы.
Тақтаға назар аударамыз.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Балалар, біз үшінші сыныпта мың көлеміндегі сандарды қосу мен азайтуды, үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға бөлу мен көбейтуді өткенбіз. Мысалы:
562+56
687-57
682:2
154*4 (мұғалім тақтаға шығарып, оқушылардың естеріне түсіреді)
1-слайд. «Контейнер» ойыны. Натурал сандарды контейнерге жинастыру. Оқушыларды кезекпен шығару.
Сандар: 5, 200, 254, 100, 1000, 589, 5
2
2) Математикалық диктант:
А) ең кіші екі таңбалы сандыжаз: 10
ә) ең үлкен үш таңбалы санды жаз: 999
Б) ең үлкен екі таңбалы санды жаз: 99
Жұппен жұмыс істеу: Жазғаннан кейін оқушылар дәптерлерін ауыстырып, бір-бірін тақтаға қарап тексереді.
2-слайд. Жауабы: 10, 999, 99
3. «Кім тез?» ойынын ұйымдастыру.
Салыстыр:
І-қатар ІІ-қатар ІІІ-қатар
384 * 385 749 * 649 865 * 845
600 * 598 758 * 738 400 * 398
2м 3дм 5см * 235 см 3 м 2 дм 4 см *324 см 4 м 3 дм 2 см * 432 см
(Оқушылармен жарыс ұйымдастыру. Қай қатар тез шығарады. Бір-бірден тақтаға шығып орындайды)
4. Ауызша талдап, содан кейін дәптерге сандарды кему ретімен өз беттерімен жаздырту.
3-слайд.
А) Кестедегі сандарды қалдырылып кеткен цифрларын ата. Осы сандарды кему ретімен жаз.
жүздіктер ондықтар бірліктер Санның оқылуы
5 3 8 Бес жүз отыз сегіз
5 3 Бес жүз отыз
5 8 Бес жүз сегіз
ә) Кестедегі сандарды оқы және осы сандарды өсу ретімен жаз. Олардың әрқайсысында әрбір разрядтың неше бірлігі бар екенін айтып бер.
жүздіктер ондықтар бірліктер Санның оқылуы
3-разряд бірліктері 2-разряд бірліктері 1-разряд бірліктері
3 4 7
3 0 0
4 0 7
4-слайд. Есте сақтау! Бірліктер, ондықтар және жүздіктер бірінші класты құрайды. Оны бірліктер класы дейді.
5. Сұрақтарға жауап беру:
а) 999 неше таңбалы сан? Осы санда әрбір разрядтың неше бірлігі бар?Оңнан солға санағанда бірінші орында 9 саны нені білдіреді? Екінші орындағы 9 саны ше? Үшіншідегі ше?
ә) 999 кім разряттық қосылғыштарға жіктеп жазып береді?
Б) 999+1 тең неше болады?
5-слайд.
Мың –екінші кластың, яғни мыңдар класының бірлігі.
V. Сергіту сәті
6. Оқулықпен жұмыс. 5-бет, 8-тапсырма.
Есеп шығару.
«Жетісуда» - 300 оқушы
«Сарыарқада» - одан 100 оқушы артық
«Сарыарқада» -?
Шешуі: 300+100 =400
Жауабы: «Сарыарқада» 400 оқушы демалды.
7. Шығармашылық тапсырма:
6-слайд. Сандарды жалғастырып айт:
890, 895, 900.....
8. Топпен жұмыс № 9 5-бет.
7-слайд. 1-бағанды І-топ орындайды
7 м =.....см
7 жүзд. = .... бірл.
7 дм = ...см
7 онд. = ... бірл.
2 -бағанды ІІ-топ орындайды
600 бірл. = ... жүзд
600 см = ....м
600 см = .... дм
VІ. Сабақты қорыту:
Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Сабақ ұнады ма?
Қонжықтың тапсырмасын орындадық деп ойлаймын.
Слайд «жемістер»
Балалар елімізде төтенше жағдайлар еш уақытта болмасын.
Күз келіп жемістерді жинасын.
VІІ. 8-слайд.
Үйге тапсырма: 5 бет № 10
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.