.
.
Шығыс Қазақстан облысы Санды 1-ге көбейту.Санды 0-ге көбейту
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2989 | Размер: | Автор: Нартай4540Аягөз қаласы
«К.Бозтаев атындағы қазақ орта мектебі»КММ
Бастауыш пнінің мұғалімі
Касаинова Салтанат Каирбековна
Сабақтың тақырыбы: Санды 1-ге көбейту.Санды 0-ге көбейту
Мақсаты: 1) 1-ді санға көбейту және 0-ді санға көбейту жағдайларын қарастыру.
Жақшалы және жақшасыз өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібі
туралы білімді бекіту.
2) Сабаққа қызығушылығын, зейінің, байқампаздығын,ойлау қабілеттерін
дамыту.
3) Алғырлыққа, шапшандыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Кестелер, карточкалар, беттерге жазылған өрнектер, жұлдыздар,мултиктегі
Сабақтың барысы :
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасып, түгендеп, назарларын өзіме аударамын.
ІІ.Үй тапсырмасы:
(тексерілген дәптерлері таратылып беріледі)
-Ал, қанеки балалар кім бес алды? (Осы жерде үй жұмысынан жіберген қателері жайында айтылады)
8:4=2 5*3=15
Біз қандай математикалық ережелерді біліміз?
Бөлудін компоненттерін айтайықшы?
Азайтудын компоненттерін айтамыз?
ІІІ.Жаңа сабақ:
-Балалар, мен бір сан ойлап тұрмын, оған 2 санын қосқанда 4 болады, ал келесі қандай сан болады? 6,8,10,12,14,16,18,20.
-Жақсы, мен бір санды ойлап тұрмын ол санға 3-ті қосқанда 6 саны шығады.Ол қандай сан, ал келесі қандай сан болады? 9,12,15,18,21,24,27,30.
-(Паравоз музыкасы қосылады)Бүгінгі сабақта біз паравозға мултиктегі кейіпкерлерді отырғызуымыз керек, және дұрыс есепті шығарған балаға паравозға салуға мумкіндік бар және дұрыс есеп шығарғандарға жұлдыз беріледі, сабақтың аяғында 5 жұлдыз алса ол 5 алады.
Тақтаға өрнектер жазылған беттер ілінеді.Балалар қосуды көбейтумен алмастырып, қорытынды жасайды.
1+1=2 2*1=2
1+1+1+1=4 4*1=4
1+1+1+1+1+1+1+1+1+1=10 10*1=10
Қорытынды: Кез-келгкен санды 1-ге көбейткенде сол санның өзі шығады.
0+0+0=0 3*0=0
0+0+0+0+0=0 5*0=0
Қорытынды: Кез-келген санды 0-ге көбейткенде нөл шығады.
Оқулықпен жұмыс:
№1 Оқы.Теңдіктерді салыстыр.Қорытынды жаса.(диофилім лентасы ілінеді)
3*1=3 100*1=100
5*1=5 999*1=999
10*1=10
№2 Оқы.Теңдіктерді салыстыр.Қорытынды жаса. (диофилім лентасы ілінеді)
3*0=0 100*0=0
5*0=0 999*0=0
10*0=0
№3 Ауызша «Көрші-көрші» ойыны
Сыныптағы оқушылардың барлығы қатысады.Кезек-кезек жауабын айтады.
8*1=8 9*1=9 12*1=12 30*1=30 27*1=27 394*1=394
10*0=0 7*0=0 25*0=0 40*0=0 38*0=0 875*0=0
№4 Тақтада баған-бағанмен есеп шығарады 4 оқушы шығады.
Паравозға мультиктегі кейіпкерлерді орналастырамыз.
(37-13)*0=0 (93-70)*0=0 33*0+9=9 5*0+6*1=6
(78+44)*1=122 20*(30-29)=20 44*1-0=44 9*1-7*0=9
№5 Тақтада орындалады.Автобус пен жеңіл көліктерінің суреттері ілінеді.
Автобекетте 10 автобус және 10 жеңіл машина тұрған еді, олардың 15-і жол жүріп кетті.Автобекетте неше көлік қалды?
Автобус-10м
Жеңіл машина-10м
Жүріп кетті-15м
Қалды-?м
Ш: (10+10)-15=5м
Ж: 5 машина
№6 карточкада орындайды
62-(15+29) =
87-(18+60) =
91-(50+34) =
-Балалар енді тақтаға дұрыс жауабын ілемін сендер тексеріп көріндер.
№7 карточкада орындайды
13 дм
17 дм 24 дм
16 дм
Ш.Р=13+24+16+17=70 (дм)
Ж:70 дециметр
ІV.Бекіту.
Карточкалар таратылады:
Нашар оқитындарға: Жақсы оқитындарға:
8*1= 4+4+4=
12*0= 3+3+3=
9*1= 2+2+2=
1*0= 1+1+1=
V.Қорытынды: Кез-келгкен санды 1-ге көбейткенде сол санның өзі шығады.
Кез-келген санды 0-ге көбейткенде нөл шығады.
VІ.Бағалау: Кімде қанша жұлдыз?
Уйге:№6 216 бет 2,3.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.