.
.
Математика 2-сынып Санды 4-ке көбейту кестесі.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3066 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: Санды 4-ке көбейту кестесі.
Мақсаты: 4-ке көбейту кестесін меңгерту.
Міндеттері:1) Оқушыларға 4-ке көбейту және бөлу кестесімен таныстыру;
2) Өтілген сабақтарда алған білімін тиянақтау,ойлау қабілетін дамыту.
3) Оқушыларды білімділікке, еңбексүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ (І- кезең – 5 минут, ІІ – кезең 25 минут, ІІІ – кезең – 15 минут)
Сабақтың мазмұны: І – ІІІ кезеңдік тапсырмалар (оқушының жұмыс дәптерінде және мұғалімдерге арналған жауаптар кілтінде берілген)
Сабақтың әдіс – тәсілдері: І – кезеңде – сұрақ – жауап; ІІ – кезеңде – а) оқулықпен өз бетімен іздену әдісі; б) практикалада бекіту әдісі; ІІІ – кезеңде үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындату арқылы бағалау әдістері
Сабақтың формасы: І – кезеңде – жеке; ІІ – кезеңде – топтық; ІІІ – кезеңде – жеке
Сабақтың көрнекіліктері: жұмыс дәптері, ашық журнал, мұғалім мен оқушылардың жеке журналдары, оқулық, слайдтар
І – кезең Ұйымдастыру кезеңі
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне: Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың III кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді.
«Көпір»
Тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары Ойын: Тек жауабын ғана жаз.
а) Мектеп асханасына жішіктермен 32 кг алма әкелінді. Әр жәшікте 4 кг алма болды.Мектеп асханасына неше жәшік алма әкелінді? (32/4=8. Жауабы: 8 жәшік)
ә) Анар 16 жаста, ал сіңлісі одан 4 есе кіші. Сіңлісі неше жаста?
(16/4=4. Жауабы: сіңлісі 4 жаста.
ІІ – кезең (топтық жұмыс) Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгерту
Жаңа сабақтытоптық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау:
а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут);ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды
(10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
Теориясы: «Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?қандай?қалай? нені?қашан?не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек) Оқулықпен жүмыс. №1 есеп
: 4
Жаңа сабақты түсіндіру
*4
4*4=4*3=4 4*4= 16 16:4 =4
5*4=5*3=5 4*5= 20 20:4 =5
6*4=6*3=6 4*6= 24 24:4 =6
7*4=7*3=7 4*7= 28 28:4 =7
8*4=8*3=8 4*8= 32 32:4 =8
9*4=9*3=9 4*9= 36 36:4 =9
Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен?себебі?не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)
ІІІ. «Түсіну» теориясы Әр қатарға төмендегідей тапсырмалар беріледі
№ 2 есеп
1) Математика олимпиадасына 8 сыныптыңәрқайсысынан төрт-төрттен оқушылар қатысты. Алғашқы сыннан кейін 15 оөушы сайыстан шығып қалды.Қанша оқушы олимпиаданы жалғастырды?
Шешуі: 8*4=32 32-15=17 Жауабы: 17 оқушы қалды.
2) Олимпиадаға келген 16 оқушы қонақ үйдің бөлмелеріне төрт- төрттен орналастырылды. Оқушылар неше бөлмеге орналасты?
Шешуі: 16:4=4 Жауабы: оқушылар 4 бөлмеге орналасты.
Теориясы: «ЖинақтауҚорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына»жазған жауабына қойылады № 4 есеп
Төрт сегізаяқтың әрқайсысының 8-ден қармалауышы бар. Осы сегізаяқтарда барлығы неше қармалауыш бар?
Көбейту кестесін пайдаланып, олардың санын есептеп тап.
Шешуі: 4*8= 32 Жауабы: барлығы 32 қармалауыш бар.
Теориясы: «Талдау»
(1.Салыстыр, 2.Айырмашылығы неде? 3.Ұқсастығы неде? 4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.) 1. Венн диаграммасын толтыр
Нәтижесі ауызша марапатталады.
Практикасы: «Қолдану» (оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады № 5,6 есептер орындалады.
6*4
5*4
7*4
8*4
9*4
20:4 . . . . . . . . . . . .
20:5 . . . . . . . . . . . .
4*5 . . . . . . . . . . . .
Практикасы: «Баға беру»(Сен қалай ойлайсың?не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады) №6 1.Егер көк кесінді қызыл кесіндіден неше см ұзын?
Ұызыл кесінді көк кесіндіден неше есе қысқа?
III кезең(кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қорытынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді.Қорытынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.
І деңгей (5 балл)
1-қадам – (жеке жұмыс) теория бойынша «Білу» критерийінің индикаторларына сәйкес
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай? нені? қашан?не істеді ? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар іріктелініп ІІ кезеңдегіге қарағанда керісінше қойылады)
2-қадам (жеке жұмыс): Практика жүзінде «ҚОЛДАНУ» критерийіне сәйкес (ІІ кезеңдегіге 5-қадам қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)
а 2 3 4 5 6 7 8 9 10
а*4
1-аралық нәтиже:
Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): – «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі – бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларын меңгере алмаса.
ІІ деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)
1-қадам (жеке жұмыс) - теория бойынша «Түсіну»
критерийінің индикаторларына (неге? неліктен? себебі? не үшін?) сәйкес
сұрақтар оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады. 3-тапсырма. 1-3) Кестедегі бос орындарға тиісті сандарды жаз.
Неге? Себебі
20:4= 5*4= 10
16:4= 4*4= 8
12:4= 3*4= 6
8: 4= 2*4= 4
4: 4= 1*4= 2
2-қадам (жеке жұмыс) - теория бойынша «Талдау» критерийінің индикаторларына сәйкес
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз) деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
№7 есеп Салыстыр:
2*4 * 2+4 2*2 * 2+2
7+3 * 7*3 9+1 * 9*1
1*3 * 1+3 8*0 * 8+0
3-қадам (жеке жұмыс): Практика жүзінде «ҚОЛДАНУ» критерийіне сәйкес (ІІ кезеңдегіге 5-қадам қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалардың өзгертілген жағдайдағы нұсқасы орындалады)
Ботақанға көмектес
4 4 4 4 4 4 4 4 4 4 = 32
2-аралық нәтиже:
Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): – «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі – бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларын меңгере алмаса.
ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)
1-қадам (жеке жұмыс) - теория бойынша «Жинақтау»
критерийінің қорытынды шығаруға бағытталған индикаторлары:
Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады
№ 3 есеп
24:4
2-қадам (жеке жұмыс):
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге қолдана алу дәрежесі бағаланады.
Арифметикалық диктант
4*9 24:3 3*6 36:4
3*7 40:4 7*4 20:2
6*2 28:4 1*9 18:2
3-нәтиже:
Үшінші деңгейдің нәтижесі (түбегейлі көзделген нәтиже): алғашқы екі деңгейде жинаған 9 баллға + 3 балл =12 балл = «5» журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділік»-ке «жүйелілік» пен «саналылық» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады (Ю.К. Бабанский).
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.