Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Санды 7-ге көбейту, бөлу. -

Санды 7-ге көбейту, бөлу.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1949 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Уақыты: 15.12.09
Класс: 3 «Ә»
Мұғалім: Бақова Жадыра Оспанқызы, №18 ОМ бастауыш класс мұғалімі.
Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: Санды 7-ге көбейту, бөлу.
Сабақтың мақсаты:
• 7-ге көбейту және бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру.7-ге бөлу,кеміту, есе арттыру, есе кемітуге арналған есептер шығару.
• 7 санына байланысты өзгермейтін ұғымдарды, қасиетті дәстүрді атай отырып, 7-ге көбейту кестесін құру. Ұлттық дүниетаныммен байланыстыра отырып, ой-өрісін, ауызша есептеу қабілеттерін дамыту.
• Сабақ үстіндегі әрекеттерді орындай отырып, ұқыптылық пен әдептілікке тәрбиелеу, ұйымшыл болуға, ата дәстүрді қастерлеуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, ойан-сұрақтар.
ән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, қазақ тілі.
Көрнекілігі :дидактикалық материалдар, сабақ эпиграфы жазылған плакат.


Сабақ барысы
1.Алғашқы ұйымдастыру.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз!
Күлімдеген күндейміз,
Ш уайымды білмейміз!
-Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әр ісімізге сәтт»лік!
2.Үй тапсырмасын тексеру.
-Үйге қандай тапсырма берілді?(Кезекші оқушы оқушылардың дәптерлерін жинап алыптапсырады, үй тапсырмасының орындалуы туралы есеп береді.)
Санды 6- ға көбейту және бөлу жағдайына байланысты ауызша есептеулер.
« Кім зерек?» ойыны арқылы өтілген көбейту кестесін пысықтау.
8163 6*3 = 18
4569 6*9 = 54
8864 6 *8 = 48
2504 5*4 = 20
- Басқа қандай теңдіктер шығарып алуға болады? Енді мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейік:
• Адам 1 күнде 30 000 адым жасайды екен. 6 күнде шамамен қанша адым жасайды? 30 000*6= 180 000
• Еңбекқор жәндікті білеміз бе? Иә, құмырсқа 1 күнде 20 000 дәнді жердің астына тасиды. 6 құмырсқа 1 күнде қанша дән тасуы мүмкін?
6 * 20 000 = 120 000
- Ал , осы 6 цифры туралы не айтар едіңдер? (өлең, мақал, мәтіннен үзінді)
3. Сабақтың мақсатын хабарлау .
- Балалар, бүгін санды 7 – ге көбейту, бөлу жағдайларын қарастырамыз. Сабағымыздың ұраны Саққұлақ бидің мына нақыл сөздері болмақ:
Адамның басшысы - ақыл,
Жетекшісі – талап,
Жолаушысы – ой,
Жолдасы – кәсіп,
Қорғаны - сабыр,
Қорғаушысы – мінез,
Сынаушысы - халық..
Осы 7 нәрсені жадымызда сақтайық. Істі ақылмен істеп, талаптанып, ой елегінен өткізіп, бір кәсіппен тұрақты айналысып, сабырлы болсақ, мінезіңе ие бола білсең, міне артыңда сынаушың – халқың отыр. Атам қазақ 7 санын – киелі сан деп атайды. 7 санына байланысты ұғымдар аз емес. Қане, ойланайықшы, өздерің не айта алар едіңдер?

Негізгі түсінік Қосымша түсінік
Оқушылар 7 санына байланысты өз білетіндерін жазады.

- Жеті нота – жеті дауыс (до, ре, ми, фа, соль, ля, си.)
- Жеті күн (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
- Жеті нан пісіру.
- Жеті қазына (Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл – білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)
- Жеті ата (Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата. Ата, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.)
- Жеті қарақшы
- Жеті керемет ( Египет пирамидасы, Вавилон аспалы бағы, Зевс мүсіні, Родос алыбы, Александрия манары, Артемида храмы, Галикарнас мавзолейі), Тәуке ханның 7 жарғысы, Жетіген аспабы, Жетісу, Жеті ғалам, жеті жұт, жеті жоқ, жеті жетім, жеті қат көк, жеті қат жер, т.б.
- Ал өздерің 7 цифрына байланысты не айтар едіңдер? (балалар жауабы)
«Жеті рет өлшеп, бір рет кес», «Жеті атасын білген ер, ел – жұртының қамын жер», «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс жеті өнер көп емес».
4.Түсіндіру.
Көбейту дегеніміз - бірдей қосылғыштардың қосындысы.

7*7 = 7*6+7 = 49
7*8 = 8*6+8 =56
7*9 =9*6+9 =63
7*10 =10*6+10 = 70

49 – болмасын соғыс.
56 – оқы есеп шартын.
63 – жинап алдық бойға күш.
70 – біз бітірдік үлкен іс.
Бөлу амалымен өрнек құру.
49:7 =7
56:7 =8
63:7=9
5. Оқулықпен жұмыс.
87 – бет.№2 Салыстыр, ұқсастығы мен айырмашылығын тап.
1тонға – 7тері 1 құлақшынға – 2 тері
7 тонға- ? тері 63 тері 7құлақшынға - ? тері ? тері
Қалғаны-? тері Қалды – 12 тері
Ш: 63 – 7*7 = 14 Ш: 7*2+12 =26
Ж: Шеберханада 14 тері қалды. Ж: Барлығы 26 тері.

Ұқсастығы - теріден тігіледі, 2 амал.
Айырмашылығы - тон – құлақшын, қалғанын – барлығын табу.
№3. Өрнектер құрып, мәнін табу. Тақтада талдана отырып 4 оқушы шығарады.
9*7 =63
63:9 = 7
63: 7=9
7*9 = 63
№4 ауызша орындалады. Қай өрнектер 7 – ге көбейту кестесінде кездеседі?
6.Сергіту сәті «Компьютер ойнайық».

Х 3 5 4
6
8
7

№6. Математикалық диктант түрінде орындалады.
7 – ге 21 мен 7 – нің бөліндісін қос.
7 мен 21 – дің қосындысын 7 есе кеміт.
7 –ге 49 бен 7 –нің бөліндісін қос.

№7. Көрнекілік арқылы орындалады. Қандай сандардың көбейтіндісі 24 –ке тең болады?
4*6


222224
8*3 12*2



24*1

7.Шығармашылық тапсырма:
Талғат атасынан: Сіз неше жастасыз? – деп сұрады. Атасы : - Егер менің жасымды 7 есе кеміткенде шыққан санды 7 –ге кемітсең, 2 шығады. Менің жасым нешеде екенін таба ғой, - депті. Талғаттың атасы неше жаста?
Х : 7 – 7 =2
Х : 7 =2+7
Х : 7 =9
Х = 7*9
Х = 63 Ж: Атасы 63 жаста.
8.Сабақты қорытындылау:


Негізгі түсінік Қосымша түсінік
Оқушылар сабақта алған жаңа ұғымдарын жазады.

Қадір Мырзалиевтің «Жеті» өлеңін оқу.
9.Оқушылар білімін бағалау.
10. Үйге тапсырма: №5 мысалды орындау, 7 – нің көбейту кестесін жаттау
№ 18 орта мектеп

3 – класта математика пәнінен ашық сабақ

Тақырыбы: « 7 – ге көбейту, бөлу»




Өткізген Бақова Ж.О.

Ақтөбе, 2009 желтоқсан
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.