Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Санды және әріпті өрнектер -

Санды және әріпті өрнектер

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1427 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Ақтөбе облысы, Қобда ауданы,
Бегалы орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Утебаева Бибигуль Хасеновна



Математика 1сынып
Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер
Сабақтың мақсаты:
1) Санды және әріпті өрнектерге есептер шығару жолдарын меңгерту
2)Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту,тапсырмаларды ауызша-
жазбаша өз бетінше есептей білу машықтарын жетілдіру.Логикалық
ойлау қабілеттерін дамыту
3) Топпен жұмыс істеуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдісі:Сұрақ-жауап,топпен жұмыс,ойын
Көрнекілігі:таблица слайдтар,үлестірмелі қағаздар,интерактивті тақта
Түрі:Жарыс сабағы
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық .
2.Үй тапсырмасын тексеру,пысықтау.
3.Жаңа сабақ.
Сабақтың мақсатын хабарлау.
Екі топқа бөліп отырғызу , топ аттарын таныстырады.
1топ- «Қосынды» тобы
2топ- «Айырма» тобы.
-Балалар, ат үстінде ойналатын қандай ұлттық ойындарды білеміз?
-Қыз қуу.Бәйге.Аударыспақ т.б.
-Дұрыс айтасыңдар балалар әр топтан бір-бір ұл бала шығып атқа мінеді.Жарысқа дайынбыз ба? Ендеше «Бәйге» ойынын бастаймыз.
-Қай топтың баласы үйге бірінші жетіп,тапсырмаларды алып, сұраққа толық мүдірмей жауап берсе, сол топтың жеңгені.
-Өте мұқият,белсенді болып,берілген сұраққа толық жауап беріп отырған топ «Білім» ордасының төрінен орын аласыңдар.
Жаңа сабақ бойынша түсіндіру интерактивті тақтада:
А -8, а -30 әріпті өрнектер мұндағы а = 38
20+1, 76-6 санды өрнектер
Дәптерге оқушылардың жазулары.Тақтаға екі топтан оқушылар шығып
әріпті өрнек пен санды өрнекке берілген есептер шығарады (қай топ мүшесі қатесіз,дұрыс шығарғанын ескеру)
- «Бәйге » ойыны
1топ 2 топ
-Өрнек түрінде жаз және мәнін табыңдар:
19 және 1, а мен 9 айырмасын 90 және 10, 8бен а-ның қосындысын
мұндағы а = 30 мұндағы а = 30
-Бос торды толтыр.Екі топқа таблицаны толтыру тапсырылады.

9 6 2
4
5 10 9
4

-Оқулықпен жұмыс.
-Тез ойла.Әр топтың өз беттерінше есеп құрастырып шығарулары:

? 3кг 5кг ?


10кг 8л


-Сергіту сәті.
-Көпбұрышпен жұмыс. Көпбұрышты дәптерге сызу,сұрақтарға жауап беру
-Көпбұрыштың неше қабырғасы бар?
-Неше бұрышы бар?
Бекіту:
Саны және әріпті өрнектерге берілген тақтадағы есепті шығарту
Сабақты қорытындылау:
-Сонымен бүгінгі сабақта не үйрендік,не білдік?
-Санды өрнек пен әріпті өрнектің айырмашылығы мен ұқсастығы неде?
-Ойымызды жинақтап,қорытындылап,әр топтың жинаған ұпайын санап,көп ұпай жинаған топты мадақтау.
-Топтық бағалау, (екі топта бүгінгі сабаққа жақсы ат салыстыңдар,екі жақ та бір-бірінен қалыспады,нәтижесінде мына топ (?) алға шықты)
-Рахмет балалар.
Үйге тапсырма беру
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.