Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Сынып: 3 сынып
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Семей қаласы.
Сабақтың мақсаты: Семей қаласы туралы әңгімелеу.
Білімділік: Осы тақырып бойынша өтетеін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдана білу. Қалаға байланысты жаңа сөз тіркестерімен таңысып, оны ауызекі сөйлеуде қолдана білу.
Тәрбиелік: Туған жерге, елге , өз қаласына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сөздік қорды молайтып, байланыстыра сөйлеу қабілетін дамыту. Сауатты жазуды қадағалап, дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, жазбаша жұмыстар, жұптық жұмыс,
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, бейнетаспа, жаңа сөздер, кеспе қағаздар,
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.1. Сәлемдесу.
1.2. Тіл дамыту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сөздікпен жұмыс.
- өтетін сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріп, аудару;
- дұрыс айтуға дағдыландыру;
- мұғалім мәнерлеп оқиды;
- оқушылар қайталап оқиды;
- оқушылар тізбекпен оқиды;
- сөз тіркестерін құрау;
- сөйлемдер құрау.
Аспалы көпір – подвесной мост
Абай театры – театр Абая
Орталық саябақ – центральный парк
Ескерткіштер – памятники
Орталық алаң – центральная площадь
Ұнайды –нравится
Аялдама – остановка
Шығыста орналасқан – расположен на восточной части
1. Сурет бойынша жұмыс.
Тілдесім. Оқушылардың сөйлеу мәнерін дамытып, өз ойларын еркін айтуға үйрену. Теледидардан шыққан суреттермен жұмыс жүргізу, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру.
2. Оқылым. 1-жаттығуды оқушылар оқып, аударады. 1-2 оқушыға мәтінді мазмұндап айтқызу. Сұрақ-жауап әдісі. 1-топ сұрақ қояды, 2-топ сұрақтарға жауап береді.
Мен Семей қаланың тұрғынымын.. Семей шығыста орналасқан.. Семей қаласы әдемі, үлкен, таза және жарық қала. Қалада көп адамдар тұрады. Қалада көліктің түрлері көп.Олар: жеңіл көліктер, автобустар, пойыз. Көше бойында үйлер, ғимараттар, дүкендер, мұражайлар және Мәдениет Сарайы бар.
Бүгін мен Абай мұражайына бардым. Мен мұражайдың экспонаттарын көрдім.
3. Тыңдалым. Сұрақ-жауап әдісі. Оқушылардың тілдерін дамыту, қисынды ойлау қабілеттерін дамыту.
1. Сен қайда тұрасың?
2. Қала қандай?
3. Қалада не бар?
4. Сен қай мектепте оқисың?
5. Нешінші сыныпта оқисың?
6. Сенің мектебің қайда тұр?
7. Қалада қандай көлік түрлері бар?
8. Қалада қандай мұражайлар бар?
9. Сен қай көшеде тұрасың?
10. Қалада қандай көрікті жерлер бар?
4. Жазылым. Жұптық жұмыс. 4-жаттығудағы сөйлесуді жұбымен орында.
- Сен қайда тұрасың?
- Мен ....... тұрамын.
- Қала қандай?
- Қала ......, ........, ........ .
- Семей қаласында не бар?
- Семейде Невзоровтар, Абай ........ , ........, ........, .......... бар.
- Сен қай көшеде тұрасың?
- Менің үйім ......... жанында тұр.
- Қалада қандай көлік түрлері бар?
- Қалада ....., ......., ....... бар.

ІV. Сабақты қорытындылау.
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма. «Семей – менің туған қалам.» туралы эссе жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.