Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Үш таңбалы санды, бір таңбалы санға  жазбаша көбейту және бөлу» (242х2 және968:4) -

Үш таңбалы санды, бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу» (242х2 және968:4)

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2552 | Размер: | Автор: Нартай4540
. І. Сабақтың тақырыбы: «Үш таңбалы санды, бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу» (242х2 және968:4)
ІІ. Сабақтың мақсаты: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу. 242х4 және 968:4 туралы білім қалыптастыру, оқушыларды есеп шығара білуге машықтандыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
ІІІ. Сабақтың дамытушылығы: Математика пәніне қызығушылықтарын арттыру.
IV. Тәрбиелік мәні: Алғырлыққа тәрбиелеу, Отанды сүюге, табиғат байлық-тарын қорғауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
V. Сабақтың түрі: Саяхат сабағы. Ғарышқа ұшамыз.
VI. Сабақтың көрнекілігі: таблица, сурет, ребус, сандар, карточкалар, геометриялық фигуралар.
VII. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ
Балалар, Қазақстан жер көлемінен дүние жүзінде нешінші орын алады?
Тоғызыншы орын.
Біздің елде ғарышқа қай қаладан ұшады?
Байқоңырдан.
Ғарышкерлер не үшін ұшады ғарышқа?
Аспан әлемін, яғни планеталарды зерттеу үшін.
Тұңғыш ғарышкер кім?
Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері кім?
Неше планета бар?
Осы сұрақтарға жауап ала отырып, олай болса, біздер сол ғарышкерлер ағаларымыз сияқты аспан әлемін өз білімдерімізбен зерттеуге ұшамыз.
Бүгінгі сабағымыз саяхат сабағы «Ғарышқа ұшамыз».
Оқушыларды 3-экипажға бөліп олардың ұшудағы мақсаттарын айтқызу.
І-экипаж ІІ-экипаж ІІІ-экипаж
Мақсаты: мақсаты: «Біріміз мақсаты: «Білікті
«Болашаққа жол бәріміз үшін, бәріміз бірді жығар, білімді
бастау» біріміз үшін» мыңды жығар»

Командир: Экипаж ұшуға дайындал
Алыс айға Марсқа
Біз ұшамыз ғарышқа
а) Өткен сабақты қайталау есебінде
1) 1- сек- 2 қадам. 2) Екі қолда қанша бармақ?
5сек - ? -
10 сек - ? 5 қолда қанша бармақ?
20 сек - ? 3) 2 мүйіз тұмсықта 2 мүйіз
1 мин - ? 100 мүйіз тұмсықта қанша мүйіз? –

Ал енді мына сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеңдер, сонда ғана біз «Жаңалық планетасына» қонамыз.

267 345 642
VIIІ. Жаңа сабақ: (түсіндіру)
242х4=968 242 968:4=242 968 4
4 8 242
968 16
16
08
8
0
Ойын: «Кім жылдам»

173х5=865 167х4=668 945:5=189
173 167 945 5
5 4 5 189
865 668 44
40
45
45
0
Тез шығарсақ, келесі планетаға ұшамыз.
а) Ал, балалар алдымызда аспан әлемінде тек планеталардан басқа неше түрлі жұлдыздар бар. Біз өте үлкен, әрі қатерлі құйрықты жұлдыздан өтуіміз керек. Ол үшін мына тапсырманы орындауымыз керек (1 оқушы оқиды есептің шартын).
Есептің шартына байланысты оқушыларға мынадай сұрақтар қоямын.
Жануарлар неше топқа бөлінеді?
9 топқа (ататып жіберу)
Жер бетінде құстардың неше түрі бар?
8600-ге жуық.
Ал Қазақстанда соның ішінде неше түрі бар?
474 түрі.
Есептің шартын құрып шығару.

Сүт қоректілер – 172

Құстар - ? 3 есе артық

бауырменжорғалаушылар - ? 4 есе кем
Шешуі: (172х3):4=516:4=129
Жауабы: бауырыменжорғалаушылар – 129

ә) Ойын: «Ойлау операциясы»

15 9 89 (15:3)+87=92
3 (18:3)+86=92
12 88 (9:3)+89=92
18 86
(логика)
Жарайды, балалар қауіпті жұлдыздан өттік.

б) Шолпан планетасына ұшып, соны зерттейміз.

Х · 6=912 848+х=908 273:х=7
Х=912:6 х=908-848 х=273:7
Х=152 х=60 х=39

152·6=912 848+60=908 273:39=7
гео. тіктөртбұрыш шаршы үшбұрыш

Венн диаграммасын құру. (ауызша)
Қазақ тілімен байланыстырамын. (түрі, түсі, пішіні, көлемі).

в) Шолпан жұлдызын зерттеу.
- Балалар Шолпан жұлдызы қай кезде туады?
- Таң алдында.
Кімнің әңгімесі еді?
-
Шолпан жұлдызын зерттеу үшін мына ребусты шешуіміз керек.
, , , , , , , , ,
ай ту балық алма

Қандай сөз шықты?
Ауыл
Мынадай сұрақтар қоямын
Ауыл несімен көрікті?
Ел басымыз кім?
Қандай бағдарлама қабылдады?
Биыл қандай жыл деп аталды?
2003-2005жыл ауыл жылы.
Мақал-мәтелдер сұрадым (суреттер көрсетем).
г) Балалар, аман-есен елімізге оралдық. Енді мынандай тапсырмаларды орындаймыз.
Математикалық диктант.
в мен 208 сандарының көбейтіндісінен 208-ді азайтуды өрнек түрінде жаз. в=1,2,3,4. в*2058-208, в=1,2,3,4.
(1·208)-208=0 (3·208)-208=416-208=208
(2·208)-208=208 (4·208)-208=832-208=624.

д) Тест аламын.
1. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 3см, ені 2 см ауданын тап.
а) 3+2=5 см2
ә) (3+2) =14 см2
б) (3*2) =6 см2
2. Ең үлкен үш таңбалы санды тап.
а) 333
ә) 999
б) 100
3. Теңдеу құр және оны шеш.
а) а:4=5
ә) а-4=5
б) а*4=5
4. 602 өрнегіндегі бөліндінің мәні неге тең?
а) 602:2=302
ә) 602:2=203
б) 602:2=301
е) (ауызша) жүздіктерін 3-ке бөлгенде қалдық шығатын 724, 726, 712, 543, 542, 534, 535 ондықтары 3-ке бөлінетін сандар. 534, 535.
ж) Логикалық есеп. Үш таңбалы бір сан ойла. Сол санның бірінші цифрын 2 есе арттыр, шыққан көбейтіндіге 3-ті қос. Қосындының мәнін 5-ке көбейт және оған ойланған санның екінші цифрын тіркеп жаз. Қандай сан шықты? Шыққан санды ата. Одан 150-ді шегер, сонда ойлаған сан шығады.
262 1) 2·2=4 2) 4+3=7 3) 7·5=35 4) 35+6=41
5) 412 6) 412
150
262

ІХ. Сабақты бекіту.
Біз не үйрендік?
Үш таңбалы санға бір таңбалы санды көбейтуді және бөлуді үйрендік.
Х. Бағалау.
І-экипаж ІІ-экипаж ІІІ-экипаж
«жақсы» «орта» «өте жақсы»
«бәрекелді» «жарайсыңдар»
Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды жеке-жеке бағаладым.
ХІ. Үйге тапсырма №5 «Ойлан тап»
Математикалық сайыс
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.
Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек».
С.М.Ломоносов

2. «Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула» С.В.Ковалевская

3. «Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың
патшасы» К.Гаусс

«Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын, жігер
және еңбек». М.Искаков

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.

2- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан окушылардың,
Сәті келді сыналар.

1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.

2- жүргізуші: Олай болса, тұрмайық,
Кешімізді біз бастайық,
Әділ бағаға қалтасы толы,
Әділқазыларды шақырайық.

1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімын дұрыс бағалау
Үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс
шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.

2- жүргізуші: Шын жүйрік шабасынан табылады.
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

Әр команданы ортаға шақыра, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.

Сәлемдесу. Әр топ өздерін таныстырады (аты, ұраны).

Викториналық сұрақтар. (Жауап нақты, тез болу керек)

1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )
2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.
Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )
4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)
5. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен
кем сан шығады? ( үтір )
6. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы
бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? ( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам)
7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80
минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)
8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
9. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
10. 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 )

«Білім арқаны»

1. Түзудің бойынан 4 нүкте ал. Сонда қанша кесінді пайда болады, егер ұштары осы нүктелер болса? (6 кесінді)
2. Алты 7-ден 100 санын жаз. (777-77):7=100
3. Биіктігі 6 метр бағанмен ұлу өрмелеп шығып келеді. Күндіз ол 4 метр биіктікке көтеріледі, ал түнде ол 3 метр төмен түседі. Ол қанша күнде басына шығады?
1 күн және түн 4-3=1 (м)
2 күн 1*2=2
3 күн 2+4=6 (м) ( 3 күнде)
4. Есептеңдер: = ? ( -3 )
4. «Ой сергіту сайысы» Жұмбақ шешу.
1-жүргізуші: Математикалық атаулар мен ұғымдар,
Есте болар, құрбылар, бәріңнің де.
Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек
Артық болмас, бастайық, кезек бізде.

2- жүргізуші: Жақсылап шешіп, табайық жауабын
Сыйлық бар сқздерге, қадырлі ағайын.

Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы, бұл қандай сан,
Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан)

Өмірің сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық,
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым баяғы. (дөңгелек)

Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бары? ( 6 )

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш )

5. Үй жұмысы. Әр топ бір-біріне кезек сұрақтар қояды.
1-жүргізуші: Санаңды сенің толтырар,
Есептану пәні бар.
Сабағынды егер оқысаң,
Өмірде саған жол болар.
2-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.
Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.