.
.
ШҚО, Семей қаласы №15 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мухтарова Манзия Сатбековна Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2343 | Размер: | Автор: Нартай4540Математика 4 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер
Мақсаты: Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептерді шығаруға дағдыландырып, білік, дағды, іскерліктерін тиянақтау, жүйелеу.
Міндеттері:Шамалар арасындағы тәуелділікті салыстыру,оқушылардың ой-өрісін, белсенділігін, математикалық тілін, өмірмен байланыстыра білуге үйрету; Елін-жерін сүюге, құрметтеуге,үнемшілдікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Флипчарт, тапсырмалар, топ аттары жазылған қима қағаз
Сабақ түрі: Танымдық сабақ
Сабақ типі: Білім, білік, іскерлік қалыптастыру
Әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, проблемалық оқыту , АКТ, сұрақ-жауап, ой туғызу, өмірмен байланыстыру.
Сабақтың жоспары және барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты үш топқа бөлу І топ – Семей қаласы, ұраны: Тәуелсіз елдің тірегі білімді ұрпақ. ІІ топ – Алматы қаласы, ұраны: Біріміз бәріміз үшін,бәріміз біріміз үшін. ІІІ топ – Астана қаласы, ұраны: Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
Балалар, еліміздің Президенті халқына өзінің кезекті жолдауын «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» деген тақырыпта жолдаған болатын. Экономика ол есептеумен тікелей байланысты. Сондықтан бүгін біз математика сабағында еліміздің экономикасын көтеруге ат салысайық. Жолдау бойынша елбасы алдымызға 10 мақсат, міндеттерді айқындап беріп отыр.
II.Өткен сабақты қайталау
1 тапсырма: Басқарушылардың білікті саяси негізгі табын дайындау
Өлшемдері: Білімі,тәрбиесі, оқудағы жетістігі.
Бүгінгі сабағымызда осы өлшемге сай оқушыларды анықтап президент қасында жұмыс істеуге жолдама береміз. Әр қаланың әкімдері сабақ соңынан тапсырманың орындауына оқушылардың қатысуына байланысты есеп береді. Сол бойынша бағалайтын боламыз.
Сұрақтарға жауап беру
Шама дегеніміз не? Шамаларды өлшеу үшін не істеу керек? Оларды біз қайда қолданамыз?
Шама-заттың немесе құбылыстың қасиетін сипаттайды.
Ұзындық, уақыт. масса, сыйымдылық, аудан, көлем, жылдамдық т.б.
Кез келген шаманы өлшейді.Ол үшін ол шаманы өлшеудің негізгі бірлігін басқа да бірліктерін іріктеп алады. Олардың арасындағы қатынастарды тағайындайды-сәйкес шаманы өлшеудің жүйесі шығады. Шамаларды біз күнделікті өмірде әр салада қолданамыз.
2 тапсырма .Тұрғындарға қызмет көрсету
Барлық қызмет көрсету электронды түрге көшірілу керек. Сондықтан сендердің компьютерді , көбейту таблицасын қалай игергендеріңді байқайық.Интерактивті тақтада көбейту, бөлу таблицасын қайталау.
3 тапсырма. Қолжетімді баспана Арендалық үйлер жалға берілетін болады. №1
Заттың бағасы Заттың саны Заттардың құны
20 мың теңге 60 1 200 000 теңге
40 мың теңге 30 1 200 000 теңге
80 мың теңге 15 1 200 000 теңге
Кестедегі бағандарды салыстыр. Не өзгерді? Не тұрақты болды? Заттың құны тұрақты болып, оның саны кемісе , онда бағасы қалай өзгереді?
Халыққа арендалық төлем ақыны қандай мөлшерде төлеген тиімді?
4 тапсырма. Ауыл шаруашылығын дамыту №2
Қойдың салмағы 20 кг, тайыншаның салмағы 40 кг, жылқының салмағы 80 кг
Заттың массасы Заттың саны Жалпы массасы
20 кг 8 160 кг
40 кг 4 160 кг
80 кг 2 160 кг
Кестедегі бағандарды салыстыр. Не өзгерді? Не тұрақты болды?
Заттың жалпы массасы тұрақты болып, оның саны кемісе, онда заттың массасы қалай өзгереді?
Сендердің ойларыңша не өсірген тиімді?
5 тапсырма.Индустриалдық-инновациялық жобалар
Балқаш жарық электр станциясын салу қолға алынады. Ол үшін қаптармен цемент және алинекс жеткізілуде. Есеп құрап шығарайық.
№6
Қаптың массасы Саны Қаптардың жалпы массасы
60 кг 6 ? Бірдей
40 кг ? ? Бірдей
Шешуі: 60*6=360 кг 360/40=9(қ)
Жауабы: 9 қап
Жарықсыз бір күндеріңді елестетіп көріңдерші.
6 тапсырма. Зейнетақы жүйесін жетілдіру №7
Ойлаған санды 45 есе кеміткенде 90 -ның 30-ға бөліндісіне тең болады.
Шешуі: х/45=90/30
Жауабы: 1350
1350 теңгеге адамның 1 күнде ұстайтын шығындарын есептеп көрейік.
7 тапсырма Өңірлерді дамыту. №3
Көп елді мекендерде су құбырын тартып елді ауыз сумен қамтамасыз етілуде.
4 құбыр салу үшін 5600 теңге жұмсалады. Осындай 12 құбыр салу үшін қанша қаражат кетеді?
Шешуі: 5600/4=1400 тг 12*14=16800 тг
Жауабы: 16800 тг
Судың қолданысы туралы не айтасыңдар?
8 тапсырма 7. Адами капиталдың сапалық өсуі
Қатысып отырған мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін тапсырмалар береміз.
Логикалық тапсырма.
1. Наубайханада нанды минут сайын пісіріп, бір бет қағазға орайды. Тәулігіне қанша қағаз пайдаланылады?
2.Егер түнгі сағат 12-де жаңбыр жауса,мұнан соң 72 сағаттан кейін күн ашылып, шуақ түсе ме?
3.Қосарлап жегілген үш ат 1 сағаттың ішінде 12 км жол жүрді.Осы уақыттың ішінде 1 ат қанша жол жүрген?
Денсаулығымызды жақсарту үшін сергіту жаттығуын жасайық.
Бойды сергек тік үста,
Емін еркін тыныста.
Деміңді ішке тез ал да,
Оң қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада.
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.
9 тапсырма. Сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту.
Оқулықпен жұмыс 3 топқа көп таңбалы сандарды салыстыру тапсырылады. Әр топ таңбаны қою себебін дәлелдейді.
1456+1512/28 *1456/28+1512
9483+435/87 *9483/87+435/87
(3846+1007)*25 *(3846*25+1006)/4
10 тапсырма Жұмысқа тарту №9 Әр топқа 1мысал шығаруға беріледі. Шығарған оқушы жұмысқа қамтылған болып есептеледі.
4301*56 4003*56 1048*72
Әкімдердің әр оқушының сабаққа қатысуы бойынша есебі тыңдалады.
IV.Сабақты қорытындылау: Еліміздің болашағы –білімді ұрпақ қолында. Бүгін сендер өз білімдеріңмен дәлелдедіңдер деп ойлаймын.
V.Үйге тапсырма: №4, 6
VI.Оқушыларды бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.