.
.
Күні: 12.12.2013 жыл «Шаршы»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1763 | Размер: | Автор: Нартай4540Сыныбы: 2
Сабақтың тақырыбы: «Шаршы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:оқушыларға шаршы жайында толық түсінік бере отырып, геометриялық фигураларды ажырата білуге баулу, есепті әр түрлі тәсілмен шығаруға қалыптастыру, шаршының барлық қабырғалары тең деген терминді енгізу.
Дамытушылығы:ой-өрісін, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамыту, пәнге деген қазағушылығын және белсенділігін арттыру.
Тәрбиелілігі: бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: семантикалық карта, венн диаграмма, музыкалық сүйемелдеу.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру
Психолигиялық дайындық
Ойға толы санамыз,
Бестік баға аламыз.
Баласындай бір үйдің ,
Тату болсын арамыз.
1. Үй тапсырмасын тексеру: 89бет №4
2. Өткенге шолу: «Бәйге» ойыны
10) Қосудың кандай қасиеттері бар? (ауыстырымдылық, терімділік)
20) 30 бен 50-дің арасындағы толық ондықты айт? (40)
30) 1 сағатта неше минут бар? (60)
40) Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
50) Тік төртбұрыштың қасиеті қандай? (қарама-қарсы қабырғалары тең)
60) 1 метрде неше сантиметр бар? (100см)
3. Жаңа сабақ. Төртбұрыштар
4-қабырғасы
4-төбесі
4-бұрышы
Тік төртбұрыш Ромб шаршы (квадрат) трапеция
Шаршы – барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш
Шаршының ең жақын тегі – тік төртбұрыш, ромб, трапеция
4. Алдымызда шашылып жатқан фигураларды ұқсастығына байланысты топтастырыңдар
1. Төрбұрыштар
2. Тік төрбұрыш
3. Шаршылар
4. Үш бұрыштар
5. Графикалық диктант
Дәптеріңнің торкөз сызықтарының түйіскен жерінен нүкте қой. Сол нүктеден оңға қарай 4 торкөз санап алда, тағы да бір нүкте белгіле. Белгіленген әр нүктеден төмен қарай 4 торкөз санап ал да, тағы да екі нүкте белгіле.
Дәптер сызықтары бойымен нүктелерді кесінділермен қос.
Сонда қандай фигура шықты? Шаршы
Оның шаршы екенін дәлелде және қабырғаларын өлшеп, дәптерге жаз.
(Барлық қабырғалары тең тік төрбұрыш шаршы деп аталады)
2см+2см+2см+2см = 8см
№2 Барлығы – 20(қ) және 10(ұ) Ш: (20+10)+4=34
Келді – 4 (0) 10+(20+4) =34
Болды - ? (0) 20+(10+4) =34
Ж: 34 оқушы болды.
№3 Түптеуге тиіс – 48к Ш:48-(20+10) =18к
Түске дейін – 20к (48-20)-10=18к
Түстен кейін – 10к (48-10)-20=18к
Қалды - ? Ж: 18 кітап қалды
6. Сергіту сәті
Біз кішкентай баламыз,
Өніп өсіп толамыз.
Көкке карап талпынып,
Күнге қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай қалықтап.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып, аламыз.
№5 Бос тор көздерді толтыр.
7. Қорытынды:
Тақтамен жұмыс
8 + 5 = - 5 =
18 + 5 = - 5 =
28 + 5 = - 5 =
38+ 5 = - 5 =
48+ 5 = - 5 =
58+ 5 = - 5 =
68+ 5 = - 5 =
8.Сабақты бекіту.
Венн диаграммасы
Бағалау:
Үйге тапсырма №4 91 -бет
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.