Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Шерхан  Мұртаза  «Бала  Тұрар» -

Шерхан Мұртаза «Бала Тұрар»

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2226 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Бала Тұрар»
Мақсаты: Автор туралы түсінік беру. Мәтіннің мазмұнын ұғындыру.Мәтіннің мағынасын талдай отырып ,Тұрар Рысқұловтың балалық шағы туралы білімін кеңейту.
Мәтінді оқи отырып , оқушыларды өз Отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу. Адамгершілікке ,ұстамдыққа тәрбиелеу
Өз бетімен жұмыс жасау дағдысын жетілдіру.Ақыл-ойын қиялын дамыту.Зейінін тұрақтату.
Көрнекілігі: «Тұрар» сөзжұмбақ, Венн диаграммасы,мақал жазылған плакат.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,әңгімелеу, талдау, шынжырлап оқыту әдісі.
Ұйымдастыру.
-Балалар ,үйге не берілді?
-Кім айтады?(3-4 баладан сұрау)
-Жақсы.Олай болса ,мына сөзжұмбақты шешіп көрейік
Плакатта:
1.Ағызған қызыл тілден шекер балды
2.Келтірген сұлу өлең ,сөздің нарқын
3. Қазақта кім білмейді Біржан салды
4.Кітап – білім бұлағы
5.Шерхан атамыздың тегі Мұртаза
Плакатта:
Т і л д е н
с ұ л у
Б і р ж а н
к і т а п
М ұ р т а з а

-Балалар қандай сөз шықты?
-Тұрар
-Бүгінгі әңгімеміздің кейіпкері осы (суретін көрсету)Тұрар.
-Авторы Шерхан Мұртаза.
-Сабағымыздың мақсаты осы Тұрардың балалық шағы ,адамгершілігін, білімі туралы оқып білеміз. Тұрардан ақылдылықты ,ұстамдылықты үйрену.
- 1932 жылы Шерхан ағамыз Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген.Халық жазушысы. «Қызыл жебе» деген үлкен еңбегі бар
Дәптермен жұмыс.
Күн жады
Ақпанның он алтысы
Шерхан Мұртаза
Бала Тұрар
-Балалар кітапханаға саяхат жүргіземіз.Кітаппен жұмыс жасауды,кітап ұстау ,отыру ережесін үйренеміз.
-Бүгінгі сабақта жаңа сөздер кездеседі.Кім қалай түсінеді?
Дипроекторда-:
Ерен-....( өте,асқан)
Селсоқ-....( көңілсіз)
Кітаппен жұмыс .
Қаламды ұстаймыз.
Дауыстап 1- оқушы оқысын.Жүргіземіз.
Пысықтау сұрақтарына жауап алайын:
1.Мұғалім көңілі неге Тұрарға ауды?
2.Тұрадың сабаққа селқостығы неде?
3.Тұрар жазғанын қалай түсіндірді?
4.Атамырза Тұрарға не үшін күлді?
-Мұғалім оған не айтты?
-Атамырзаға не үшін күлді?(осы жолды тауып оқу)
Венн диаграммасы:
- Балалар Тұрар мен Атамырзаға мінездеме берейік.


Дәптерге шеңбер сызамыз. Екі шеңбер де бір-бірімен айқасады.
-Балалар , Тұрар да Атамырза да кімдер?
1)оқушы
2)бала
-Тұрардың мінезі қандай? Кітапта қалай суреттелген ? Тауып оқиық.
-Салмақты, ақылды, білімді
-Атамырза ше?
-Бай, тентек,т.б.(кітаптан оқу)
Тренинг.
-Мен сендерге зат есім айтсам , оң қолды көтеріңдер, етістік айтсам сол қолды көтеріңдер
Атамырза-күлді.
Тұрар -жазды.
Мұғалім-шығарды.
Ломоносов-айтты.
Балалар-күлді.
-Жақсы, балалар кітапхананың картотекасымен жұмыс жасаймыз.
-Картотека деген алфавит бойынша тұратын тізбелер.Мұнда бірнеше картотека бар.
-Кім тапсырманы орындайды екен?
- Мәтіннен А дыбысынан келетін сөздерді теріп жазу

-Ломоносов туралы не деліген?

-Қызыл жебенің суретін салып көрейік.Қарындашпен
дәптерге орындайық
Қорытынды.
-Балалар, сонымен Тұрар белгілі қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов екен.Бейнеуде Рысқұлов көшесі берілген. Өте білімді, салмақты, байсалды үлкен мінездің иесі болған Тұрар ө з өмірін өле-өлгенше ұлтына арнап өткен екен.
Мына маақалды бірге оқиықшы:.
Атадан асыл ұл туса
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса
Елінің малын жейді.
-Саяхат ұнады ма?
Үйге тапсырма
Мазмұндау
Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.