.
.
Пәні: Әдебиеттік оқу Шешендік сөз
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2248 | Размер: | Автор: Нартай4540Сыныбы: 4 «Б»
Пән мұғалімі: Сейдуллаева Сара , №235 мектеп
Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөз
Сабақтың мақсаты: Шешендік сөздер арқылы оқушыларға адамгершілікті,имандылықты ғибрат ету.
Шешендердің сөйлеу өнерін үйрету.
Тосын мәселе тапсырмасы арқылы балаларды кез келген қиындықтан шыға білуге баулу.Бос сөз сөйлеуден жирендіру,тауып сөйлеуге төселдіру.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Әдіс – тәсілдері: модульдік технологияның элементтері, сұрақ – жауап.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, маркер, плакат, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты топқа бөлу;
Психологиялық дайындық:
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз.
Еш уайымды білмейміз.
ІІ. Өткен материалды пысықтау
Тарауды қайталауға арналған сұрақтар.
1. Батырға серік болған пырақтарды ата.
2. Қабанбай заманының батырларын ата.
3. Тарауда танысқан:
-Атақты батырлар кімдер?
-Атақты кино әртісі кім?
-Атақты әнші кім?
-Бір ғасыр өмір сүрген кім?
-Атақты тары өсіруші кім?
ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс
Қызығушылықты ояту
- Балалар, күнделікті өмірде біз ойымызды сөз арқылы жеткіземіз. Ал сөздер қандай болады?
- Балалар, өздерің айтқандай тіліміздегі сөздер әр түрлі. Ал егер сөздерді асыл десек, ол өте жақсы, адамға жағымды мағынада айтылады. Біз бүгін сендермен «Арналы бұлақ – асыл сөз» деген тарауды бастаймыз. Бұл тарауда қазақ халқының ата – бабамыздан ертеден бүгінгі күнге дейін жеткен асыл сөздерін оқып танысамыз.
“Дастан мен Асан өзен жағасында кітап оқып отыр еді. Дастан кітапты жағадағы тас үстіне қоя бергенде, кітап суға түсіп кетті де, жоқ болды.
- Кітапты сен түсірдің, сен кінәлісің, - деп ашуланды Асан.
- ”Кітапты алмай-ақ қояйық” дегенімде сен қоймап едің, ендеше сен кінәлісің, - деді Дастан ренжіп.”
-
Сен дауды қалай шешер едің? Дауды шешу оңай болды ма? Оқушы пікірі тыңдалады.
Мағынаны тану.
Сырым Датұлы туралы слайд көрсетіледі.
Датұлы Сырым (1712-1802) – Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. Шыққан тегі - Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан.
Оқушылар мәтінді оқып,мазмұнын айтады.Сұрақтар арқылы алты ұлы сөздің мәні ашылады.
Сөздік жұмыс.
- Ертеде шешен, ақылды адамдар көп болған. Тағы бір қызық сөз асылын оқығыларыңыз келсе, «Бала би мен Сырым» мәтінін оқимыз.
- Сендер отбасыңда нешеусіңдер десем не деп жауап берер едіңдер. Бір – екі оқушы жауабын тыңдап көру
- Ал Сырым шешеннің қалай айтқанын оқып көрейік.
Мәтінді оқу, мазмұнын мәнін ашу.
Топтық тапсырмалар. 1 – тапсырма.
І топ: Алты ұлы сөзді қалай түсінесің?
ІІ топ: Парыз дегенді қалай түсінесің?
ІІІ топ: Ақылды неге ұққан адамға айтады?
Топтың жұмыстары талданып, ұпайы беріледі.
2 – тапсырма. «Жұмбақтас». Жылдамырақ жауап берген команда ұтады.( Балалардың өздері сәйкестендіру)
1-4,2-6,3-7,4-1, 5-2 ,6-3,7-5
3 – тапсырма.
Дәптермен жұмыс:
1-сұрақ: Адам үшін не тәтті?
2-сұрақ: Жарық анасы не?
Қараңғы анасы не?
Әр топтың пікірі тыңдалады.
4 – тапсырма. «Шешендікке ұмтылу»
Қазыбек бидің Бұқарға берген жауабы:
• Бір дегеніңіз- бірлігі кеткен ел жаман
• Екі дегеніңіз- егесіп өткен ер жаман
• Үш дегеніңіз- үш бұтақты шідеріден шошынған ат жаман
• Төрт дегеніңіз- төскейге шыға алмаған кәрілік жаман
• Бес дегеніңіз- білікті адамнан белгілі азамат тумаған жаман
• Алты дегеніңіз- аймағын билей алмаған хан жаман
• Жеті дегеніңіз- жетем деген мақсатына жете алмаған жаман
• Сегіз дегеніңіз- серкесіз бастаған қой жаман
• Тоғыз дегеніңіз- толғаныңыз
• Он дегеніңіз өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз
Өздерінше де жауап беруге де мүмкіндік беру.
І топ: Бір, екі, үш
ІІ топ: Төрт, бес, алты
ІІІ топ: Жеті, сегіз, тоғыз, он сандарына байланысты асыл сөз құрастырады.
ІV. Қорытынды
Бүгінгі сабақта не үйреніп, не білдік?
Түйін сөз
Сөз – есепсіз, тіліңді тый, тарта ұста,
Тыймаған тіл – басыңа сор әр тұста.
Есепті сөз - ер сөзінің асылы,
Мылжың тілді “жау” деп ұғын тартыста. (А. Жүгінеки)
V. Бағалау. Ұпай сандары бойынша жеңімпаз топ анықталады.
VI. Үйге тапсырма.
1.Мәтінді түсініп оқу
2. Хрестоматиядан бала Сырым туралы оқу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.