.
.
Сабақтың тақырыбы: Шығыс септік. 67-72 жаттығулар. Шығыс септік
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3543 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларды шығыс септігінің жалғауларын‚ оларға қойылатын сұрақтарды меңгерту.Сөйлем ішінен жатыс септігіндегі сөздерді таба білу дағдыларын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар‚ «Септіктер» кестесі.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:.
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
ШЫҒЫС СЕПТІГІ
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
1. Атау септік
2. Ілік септік
3. Барыс септік
4. Табыс септік
5. Жатыс септік 1. Ерекшелігі
2. Ережесі
3. Сұрақтары
4. Жалғауы
5. Сөйлемдегі синт.қызметі
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі.
Ерекшелігі:
Шығыс септігі – септік жалғауларының ішінде ең оңай меңгерілетіндерінің бірі.
Шығыс септігіндегі сөздердің мағыналары (заттың неден жасалатыны, заттың шыққан жері, салыстыру т.б.) мен сөйлемдегі қызметі нақты мысалдар арқылы түсіндіру.
Мысалы:
1. Ағаштан ұя жасады. Неден? Толықтауыш болып тұр.
2. Ғарышкерлер Байқоңырдан ұшты. Қайдан? Пысықтауыш болып тұр
3. Бетегеден биік, жусаннан аласа Неден? Салыстыру мағынасында жұмсалған.
67–жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.
Жаңбырдан соң көңілді‚ Аспаннан нұр төгілді
Сергіп қалды жер беті‚ кемпірқосақ керілді.
68-жаттығумен жұмыс.
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Шығыс септіктегі зат есімдер кімнен? кімдерден? неден? нелерден? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Шығыс септік жалғаулары: – дан‚ –ден‚ –тан‚ –тен‚ –нан‚ –нен.
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
69–жаттығу.
1. Мақалдарды көшіріп жаз.
2. Сөйлем мүшесіне талда.
3. Шығыс септіктегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын айт.
4. Мақалдардың мағынасын түсіндір.
Ақыл жастан шығар‚ асыл тастан шығар. Тамшыдан тама-тама дария болар.
Көпшіліктен береке кетпес‚ берекелі жерден мереке кетпес. Қорқақ көлеңкесінен де қорқады.
70, 71-жаттығулармен жұмыс.
Жұмбақты жатқа жаз. Шешуін тап.
Шығыс септіктегі сөзді тауып‚ оның қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.
Сыныппен қосымша жұмыс.
1. Сөйлемдерді оқы.
2. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.
3. Олардың қай септікте тұрғанын айт.
Оқушылар кітапханадан кітап алды. Бұл хабарды газеттен оқыдым. Олар тастан
жер ошақ жасады. Шегірткеден қорыққан егін екпес.
Шығыс септікте тұрған сөздерді тауып‚ олардың жалғауларын ата.
1. Берілген сөздерді шығыс септігіне қойып сөйлем құра.
2. Шығыс септіктегі сөздерге сұрақ қой.
3. Олар сөйлемде қай мүше болып тұрғанын айт.
Өріс‚ дүкен‚ Арайлым‚ кірпіш.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау
Үйге тапсырма: Ереже жаттау . 72–жаттығу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.