.
.
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік мүшелері. Тамыр. Өсімдік мүшелері. Тамыр.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2079 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаттары:
1. Оқушыларға өсімдік және оның мүшелері жайында ұғым қалыптастыру. Тамыр туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
3. Табиғатты сүюге,аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, суреттермен жұмыс, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, суреттер.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіру.
3. Топқа бөліну.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1-топ: өсімдіктің балауса шағы
2-топ: өсімдіктің «жастық шағы»
3-топ: өсімдіктің «қартайған шағы» туралы әңгімелеу.
III. Білімдерін жан-жақты тексеру. Ой қозғау стратегиясы.
«Бәйге ойыны»
• Табиғат дегеніміз не?
• Табиғат нешеге бөлінеді?
• Өсімдік қандай ағзаға жатады?
• Өсімдік мүшелерін ата. Ауаның қасиетін ата.
• Өз жеріңде таза ауа болу үшін не істеуге болады?
• Судың қасиетін ата.
• Судың үш күйін ата.
• Топырақ деген не?
• Топырақтың құрамын ата.
• Қандай топырақта өсімдіктер жақсы өседі?
• Өсімдіктердің қандай пайдасы бар?
• Оларды қорғау үшін неістеу керек?
IV. Жаңа білімді меңгерту.
Сұрақ-жауап бойынша:Өсімдік мүшелеріне нелер жатады?
Сызбаны оқушыларға толтырту.
Миға шабуыл. Қызығушылықтарын арттыру. Сөзжұмбақ шешу.
Т Ұ Қ Ы М
С А Б А Қ
Т Ұ М А Н
Т О П Ы Р А Қ
Т Е Р Е К
1. Күзде себілетін дән.
2.Өсімдіктің барлық мүшесін бір-бірімен жалғастырып тұратын мүшесі.
3.Табиғат құбылысы.
4.Өсімдік өсетін жұмсақ, борпылдақ қабат.
5. Ағаш.
• Сызба бойынша тамыр туралы түсінік беру.
• Сурет бойынша түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс. Тізбектей оқыту. Талдау.
1-топ: Ағаштар
2-топ: Бұталар
3- топ: Шөптер
Тақтамен жұмыс.
1 тапсырма:Ағаштарға, бұталарға, шөптерге нелер жатады?
2тапсырма: Ауызша әңгімелеу.Сол өсімдіктер туралы жалпы түсінік беру.
3тапсырма: Жеке оқушылармен жұмыс:
А) тест орындату.
Ә үлестірмелер беру.
Сергіту сәті.
4- тапсырма: Әр топқа жеке тапсырмалар (топпен орындау, тақтаға ілу.)
1-топ: Суреттегі өсімдіктің тамырын сипаттау.Сол өсімдік туралы әңгімеле.
2-топ: Бұтаның тамыры қандай тамыр түріне жатады? Бұтаны сипаттау.
3-топ: Шөптесін өсімдіктер туралы әңгімеле.
Өсімдік неге тірі ағза?
Сызба толтырту
V. Сабақты бекіту.
Г) Дәптермен жұмыс.Танымдық диктант.
Өсімдіктің жер асты мүшесін ... дейміз.
Тұқымынан тікелей шығатын тамырды... дейді.
Шашақ тамырлы өсімдіктер:
Шөлді жерде өсетін өсімдіктер:
Сызба толтыру.
V.Бекіту
VI.Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. Тамырдың суретін салу.
VII.Бағалау.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Өткізген: Кітапбаева Ә.М
«Берел орта мектебі» кмм
2013-2014 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.