Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өсімдік- тірі организм. -

Өсімдік- тірі организм.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1550 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Байбулова Айгүл Саржанқызы
Ж.Молдағалиев атындағы №2 ОЖББМ
Орал қаласы

Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік- тірі организм.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың біліктерін арттыра отырып, өсімдік-тірі
организм екенін түсіндіру және ұғындыру.
ә) Логикалық ой-өрісін дамыту барысында тапқырлыққа,
танымдық қабылдауын арттыруға дағдыландыру.
б) Табиғатты сүюге, қорғауға, өсімдіктерді күтуге оны өсіруге
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Плакаттар, суреттер, үлестірмелі тапсырмалар, тест, венн
диаграммасы, ребус, жұмбақтар.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: аралас , ойын сабақ.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық дайындық жүргізу.
ІІ. Өткенді пысықтау. Ой ашар әдісі арқылы сызбамен жұмыс.

ІІІ. Ребус шешу: *Өсімдік*.
ІV . Жаңа сабақ. Өсімдік -тірі организм.
Оқулықпен жұмыс.
1) Өсімдік -тірі организм ( мақсатын түсіндіру).
2) Топтау әдісі бойынша жаңа сабақты түсіндіру.

Орман Емен
Шалғын қарағай
Бау бәрі өсімдік қайың ағаштар
Бақша тал
Егіс шырша

Тобылғы селеу
Итмұрын бұталар жусан
Жыңғыл бидайық
Қараған жоңышқа шөп текті өсімдіктер
шоңайна
бақбақ
бетеге

Олардың бәрі де тіршілік етеді: қоректенеді, тыныс алады, жарықты, жылуды, суды керек етеді.
V. Суретпен жұмыс. / Плакатқа салынған сурет арқылы түсіндіру./

Балауса шағы Жетілген шағы Қартайған шағы
Осы жағдайлар өсімдіктің тірі организм екендігін дәлдеп түсіндіру. ТСО қолдану.

VІ. Топпен жұмыс.
І-бұталар тобына тапсырма ( сұрақ-жауап).
1.Өсімдіктің тірі организм екендігін дәлелдеп айтып беріңдер.
2. Өсімдікке не жатады?
ІІ-шөптер тобына тапсырма
1. Ағаштарды ата, оларды бұталармен салыстырыңдар.
2. Өсімдіктердің бәріне ортақ қандай қасиеті бар?
ІІІ-ағаштар тобына тапсырма
1.Бұталарды ата, оларды шөппен салыстырыңдар.
2. Өсімдік өсуі үшін не қажет?

VІІ. Ойын:"Шырынды жемістер мен құрғақ жемістер."
Мақсаты: Шырынды және құрғақ жемістерді айыра білуге үйрету.

VІІІ. Дәптермен жұмыс.
(қорапшадағы үлестірмелі тапсырмадан ағаш, шөп, бұта аттарын топтап жазу.)
ІХ. Сергіту сәті:1-2 мин. Тәрбеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.
І-бұталар тобына. Жұмбақ шешу. Көкіністер мен жемістер туралы.
1.Көк ала костюм келеді, 2.Тігіп алып көк шалбар,
Күн көзін сүйеді Қызылкүрең доп жатыр
(Қарбыз) (Қызылша)

3.Доп жатыр жемісі бар, 4.Бақшадан жер қазып,
Қабат-қабат терісі бар Жиып алдым жез қазық
(Капуста) (Сәбіз)

5.Түбі толған құмалақ.
(Картоп)
.
6. Сырты тәтті, 7.Көкпеңбек еді көктемде,
Іші тәтті Қызарды күз жеткенде
Ортасы сүйек. (Алма)
(Өрік)
8. Аспай піскен,
Қайнамай түскен
(Жеміс)
ІІ-шөптер тобы.Сурет салу.
ІІІ-ағаштар тобына. Тест тапсырмасы.

Көрініс: "Салат жасайық". / Ортаға 10 оқушы шығып көріністерін көрсетеді/

Шеңбер ойыны:
Ағаштар Жеміс ағаштары

Х. Қорытындылау:Сұрақ-жауап арқылы.
-Бүгінгі сабақта не үйрендік?
-Өсімдік-тірі организм екнін дәлелде.
-Өсімдіктер не үшін қажет?

ХІ .Бағалау 5-алма
4-алмұрт
3-қияр
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.