.
.
«Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығы» Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1807 | Размер: | Автор: Нартай4540Қалалық семинар
Тақырыбы : «Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?»
Пәні: дүниетану
Өтетін орны : М.Әуезов атындағы №20 жалпы
білім беру мектебі
Өткізген : бастауыш сынып мұғалімі
Косжанова Турсынкул
Ақтау-2010
Сабақтың тақырыбы :Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?
Сабақтың мақсаты:1.Өсімдіктің тірі ағза екенін айта отырып,оның тіршілі –
гіне қажетті орта мен жағдайлар туралы білімін
пысықтау, мекен ортасына қарай тіршілік ету ұзақтығы
жайында мағлұмат беру.
2.Табиғатты аялауға, қамқор болуға тәрбиелей отырып,
экологиялық білім беру.
3.Табиғат туралы білімдерін пысықтап, күнделікті
өмірде бақылау әдістерін дамыту
Көрнекіліктер:суреттер, сызбалар,ойынға қажетті материалдар.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың типі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өз ойын ортаға салу, әңгімелеу, салыстыру.
Пәнаралық байланыстар: математика, ана тілі, қазақ тілі, бейнелеу.
Сабақтың бөлімдері Сабақтың мазмұны
Ұйымдастыру бөлімі Оқушылардың назарын сабаққа аудару
-Бүгінгі сабағымызда жарысып білімімізді, жылдамдығымызды сынаймыз.Дайынбыз ба?
Жаңа сабаққа дайындық Жарысқа шығуға дайын екенбіз.
Жек-жеке жарысқан қолайлы ма, топ болып жарысқан қызықтырақ па?
-Ендеше топ болып жарысайық.Әр топ өзіне топ басшысын сайлап алсын.
-Топ басшылары менің қасыма келіп, өздеріне ат таңдап алсын.
«Талап», «Еңбек», «Білім»
-Осы сөздердің мәнін білесіңдер ме?
1-сайыс
«Үй тапсырмасын тексеру» -Біз не туралы әңгімелеп жатырмыз?
-Бүгін осы өсімдік туралы әңгімемізді одан әрі жалғастырамыз.Сызбаны таңдап алу үшін топ басшыларын шақырамын.
№1 сызба: «Өсімдік топтары»
Бұта, ағаш, шөп
Бұта: сексеуіл, итмұрын, жыңғыл
Ағаш: емен, қайың, шырша
Шөп: жусан, адыраспан, жантақ
№2 сызба :«Өсімдіктердің алуан түрлілігі»
Ылғал: беде, бақбақ
Шөл: сүттіген, жантақ
Жарық: мақта, бидай
Көлеңке: қазтабан,
Жылу: қияр,
Суық: бидай
төзімді өсімдіктерді қарама-қарсы қойып орналастыру.
№3 сызба: «Өсімдіктер бірлестігі»
Қайыңды орман бірлестігі: қой бүлдірген,
қазтабан,қоңыраубас
Еменді орман бірлестігі:саумалдық, әйкен,қынжыгүл
Шалғын бірлестігі: бетеге, селеу, жоңышқа
Оқушылардың жауаптарын бағалау
-Өсімдіктердің өзі бірігіп өмір сүріп, бір-біріне қамқор болады екен.Әлсіздерін әлділері қорғайды.
Дыбыс тыңдау -Өсімдіктердің бірлестігінен не пайда болады ?
-Орманның адам денсаулығына пайдасы қандай ?
-Енді осы орманның дыбысын естіп көрейік
-Адамға жақсылық сыйлайтын өсімдіктердің өзінің өмір сүруі, тіршілік ету мерзімі қанша уақытқа созылады екен? Ол туралы не білеміз?
Жаңа сабақ
2-сайыс
«Байқа, ойла, әңгімеле»
3-сайыс.
«Ойлан тап!» Енді үш топқа ортақ тапсырма:
Қолдарыңа берілген өсімдіктерді өмір сүру ұзақтығына қарай орналастыр.
Бір жылдық
Екі жылдық Көп жылдық
Бидай, күнбағыс,қызанақ
Орамжапырақ, пияз, құлпынай Адыраспан, сексеуіл, емен
-келесі бетінде суреттер тұрады
-Ағаштардың қанша жыл тіршілік ететінін білесіңдер ме?
-Бидай өсімдігінің өсіп таралуы туралы әңгімелеу.
Өсімдік өсу ортасына қарай екіге бөлінеді . Жабайы: тауда, орманда, далада.
Мәдени: бақшада, үйде, жылыжайда
-Өсімдіктердің өмір жасы тұқымына, жасына, түріне де байланысты болады.
Мәтінді оқу: Сендер осы мәтіннен негізгі түйінді тауып қоюға тырысыңдар.
Іштен оқу
*Өсімдікті жұлмау керек
*Даладан келген соң қолды жуу керек.
*Танымайтын жемісті ауызға салуға болмайды.
10 10 30
20 30 20
30 20 10
10-Мәтінді оқып, балалардың атын тап.
Балалар далада ойнап жүр. Арман мен Алма аққала жасады. Аузының орнына картоп, мұрнына сәбіз қойды.
10-Күзде өсімдіктің жапырағы неге сарғаяды?
10- Кепкен өсімідіктерден не жасауға болады?
20- Сексеуіл жай өсетін өсімдік.Ол 1 айда 2 см-ге ғана өсетін болса, 1 жылда неше см өседі?
20- Өсімдіктің адамға беретін сыйы не?
20- Табиғат әсемдігін бейнелейтін сурет қалай деп аталады?
30- Жөке ағашы орманды жерде 400 жыл өмір сүреді . Ал қала көшелерінде 70-80 жыл ғана өмір сүреді. Неге олай деп ойлайсың?
30- Бәйшешек гүлі көктемнің хабаршысы . Ол 20 ақпаннан бастап, наурыздың 20- сына дейін ғана өмір сүреді.Бәйшешек қанша күн тіршілік етеді ?
30- Қайың, емен, қарағай қатар өсіп тұр. Олар 50,100,1500 жыл өмір сүреді. Егер емен ең ұзақ жасайтын ағаш болса, қайыңның жасы ең қысқасы екені белгілі. Қай ағаш қанша жыл өмір сүреді ?
4-сайыс:
«Топ басшылары сайысы» 1. Жеміс ағашы болып образға ену
2. Гүл болып образға ену
3. Бидай болып образға ену
Қорытындылау -Балалар , біз бүгінгі сабағымызда не білдік? Нені үйрендік? Немен таныстық? Жарысу ұнады ма?
-Ал осы жарысты қорытындылайтын да кез жетті. Бірақ сол жеңіске қай топ жақын екенін айтпай тұрып, кімнің қаншалықты үлесі бар екенін анықтайық.
-Топ басшылары бағалайды.
Топ басшыларын мен бағалаймын.Жеңімпаз топты анықтаймын.
Медаль тағамын.
Үйге тапсырма беремін.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.