.
.
Итемгенова Санимай Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2546 | Размер: | Автор: Нартай45403 «В» сынып
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?
Сабақтың мақсаты:
1.Өзімдіктердің сыртқы орта жағдайларына бейімділігі туралы ұғымдарын пысықтау, тіршілік етуі туралы ұғымдарын кеңейту.
2.Өсімдіктер әлеміне деген оқушылардың сүйіспеншіліктерін ояту, қорғау білуге баулу.
3.Дүниетанымын кеңейту.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, оқулық, тірек-сызба, тест, слайд
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1.Біздің өтіп жатқан үй тапсырмасының тақырыбы қалай аталады?
-Өсімдіктердің топталып өсуі. Үш топтан оқушы шығару. (Әңгімелеп келу). Жақсы оқушылар үй тапсырмасына жақсы дайындалғансыңдар.
ІІІ. Бекіту (сұрақ-жауап)
Мұғалім сөзі: Балалар бүгін бізде ерекше сабақ болайын деп тұр. Біз үш топқа бөлініп, Дүниетану сабағына да өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді туралы білімдерімізді әрі қарай кеңейтеміз. Топпен таныстыру.
І топ Емен ІІ топ Қайың ІІІ топ Шырша
ІV. Жаңа сабақ
Мұғалім сөзі: Оқушылар өсімдікке ауа, ылғал, жарық, жылу керек екен, ендеше олда адам сияқты өмір сүреді, себебі адамға да ауа, су, жарық, жылу керек адам да өмір сүреді. Ал өсімдіктер де әр қайсысы неше жыл өмір сүреді екен? Сол туралы қазір өтеміз. Жаңа сабақ тақырыбы: Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді? (125 бетті ашамыз көз саламыз).
1. Мұғалім мәнерлеп оқып таныстыру.
2. Сөздік жұмыс жүргізу
Қамба - орылған астық жинайтын орын.
Тамыр -адам да тамыр болады.Өсімдіктерде тамыр болады. Тармақтанып өсуі.
Жабайы –адамсыз өз бетімен өсетін.
Мәдени – адам қолдан егетін өсімдік.
Масақ – бидайдың масағы, бидайды комбайынмен жинап алғаннан кейінгі, қаланын адамдар қолмен жинап алады соны масақ дейді.
V. Сергіту сәті (Алдымызда келе жатқан мерекеге байланысты, ән.
3. Жаңа тақырыпты әңгімелеу.
Мұғалім сөзі: Өсімдік тірі ағза. Оларда өздерінше 1 жыл, 2 жыл т.б. басқада көп тіршілік етеді екен. Ал қазір соның 1 жылдығына, 2 жылдығына және көп жыл тіршілік ететінін анықтаймыз.
(Слайд көрсетіліп тұрады)
1 жылы тұқым, көп жылдық өсімдіктер
жапырақ, тамыр әр жыл сайын гүлденіп
болып. 2 жылы әдемі болады.
жемісін береді.
VІ. Тізбектеп оқыту
VІІ. Дәптермен жұмыс
Ал енді бүнгі күн жадын жазу.
VІІІ. Бекіту. (сұрақ-жауап)
1. (Бәйшешек) 1 жылдық өсімдікті ата?
2. (Қызғалдақ) 2 жылдық өсімдікті ата?
3. (Қалампыр) Көп жылдық өсімдікті ата?
4. (Түймедақ) Мәдени өсімдік?
5. (Раушан) Жабайы өсімдік?
6. (Қоңыраугүл) Өсімдіктердің неше түрі болады.
ІХ. Қорыту: «Тест»
1.Біздің елімізде өсімдіктің:
а) 6000 түрі:
ә)40 түрі;
б)25000 түрі;
в)600 түрі бар.
2.Әр өсімдікке:
а) ұзын тамыр;
ә)құрлық және ыстық климат;
б)ылғалды топырақ;
в)белгілі орта қажет.
3. Өсімдіктің топтары деп –
а) жылу мен ылғалдың таралуын;
ә)топталып өсуге қажетті қолайлы жағдай;
б)140-қа жуық өсімдік түрі;
в)жарық, құнарлы топырақ, қоңыржай жылы ауа.
4. Мәдени өсімдіктер:
а) адамның қатынасынсыз өсе алмайды;
ә)өздігінен өседі;
б)сырт көмекті қажет етпейді;
в)өсу тіршілігін тоқтатады.
5. Сирек және құрып кету қаупі бар өсімдіктер:
а) крнституцияға;
ә)тіл жөніндегі заңға;
б) «Дүниетану» оқулығына;
в)Қызыл кітапқа енген.
Х. Үй жұмысы: Әңгімелеу
ХІ. Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.