.
.
Маңғыстау облысы,Қарақия ауданы, «Құрық орта мектеп-гимназиясының жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Бабаева Жібек Шамғалиқызы Синтаксистік талдау
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 7053 | Размер: | Автор: Нартай45404 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен өткізілетін қысқа мерзімді жоспары
Сабақтың тақырыбы Синтаксистік талдау
Сабақтың мақсаты Білімдік:Синтаксистік талдау туралы үйреніп,білім алады.Сөз тіркесі,сөйлемге синтаксистік талдау жасауға дағдыланады.
Дамытушылық: Тіл байлығын арттыра отырып,шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Тәрбиелік:Топтық жұмыс жасай біледі, достықпен бірін-бірі сыйлайды.
Күтілетін нәтиже Синтаксистік талдау туралы түсінік қалыптасады. Сөйлемдегі сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерін ажыратып,талдай алады.Шығармашылық қабілеттері дамиды,пәнге деген қызығушылығы артады.
Сілтеме Қазақ тілі 3-4 сынып «Атамұра» баспасы.Ережелер дәптері.Ескен Елубайдың «Ағаштар,дала гүлдері,көкөніс жайлы жұмбақтар» кітапшасы
Сабақта қолданылатын материалдар: 1. А-3 парағы 5. Бағалау бетшесі
2. Стикерлер 6. Жетондар
3. Оқулық 8. Ережелер
4.Слайдтар 9.Кітапшалар
Сабақта қолданылатын әдістер: Жаңа әдістер Топтық жұмыс Дәлелдеу
АКТ СТО Оқыту үшін бағалау
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу.
Топқа бөлу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру 58-жаттығу.Жұмбақтың шешуін табу.(тау) Шешуіндегі сөз мәтіннің тақырыбы болатындай әңгіме құрап жазу..Мәтін құрамында бірыңғай мүшесі бар сөйлемдер болуы керек.
Әр топ қорғайды:үлгілі деген мәтінді ұсынып,оқып береді.Бірыңғай мүшелерді тауып,үлгі бойынша сатылай кешенді талдайды.
ІІІ.Жаңа сабақ «Кластер»-Сөйлем мүшелері бойынша білімдерін топтастыруы (топ мүшелері қорғайды)
«Ой қозғау» стратегиясы арқылы жаңа тақырыпты ашуы
(топ мүшелері қорғайды)
ІҮ. Көркем жазу Синтаксист-сөз тіркесі мен сөйлемді зерттейді.
Ү. Сергіту сәті Музыкалық флешмоб
ҮІ. Бекіту Рефлекциялық-танымдық ойын «Конструктор»
Суреттегі заттардың атын қатыстырып,сөйлем құрау.Синтаксистік талдау жасау.
ҮІІ. Қорытынды І.Шығармашылық тапсырма
1)Екі мың жыл жасайды,
Бұл ағаш өссе далада.
Үлкен жасыл қолшатыр,
Жаңбырда болар сая да.(емен)
2)Аппақ өңі тартымды,
Қасиетті гүл қашанғы.
Халық одан әртүрлі,
Дәрі-дәрмек жасайды.(түймедақ)
3)Жер үстінде-сабағы,
Жер астында-тамағы. (картоп)
Жұмбақты оқып,өлең жолдарын сөйлемге айналдыр.
Қандай сөйлем?Неліктен?
Сөйлем мүшелеріне талда.Дәлелде.
Сөз тіркестерін сұрақ қойып,ажырат
ІІ.Дискуссиялық картамен жұмыс.
Сұрақтары Иә Жоқ
1.Бастауыш – тұрлаулы мүше
2.Тұрлаусыз мүше – кім? не? сұрағына жауап береді.
3.Бастауыш пен баяндауыштан басқа мүшені тұрлаусыз мүше дейміз.
4.Сөз тіркесі бір сөзден құралады
5.Сөйлем бас әріптен басталып жазылады.
6.Жайылма сөйлем бастауыш пен баяндауыштан құралады.
7.Егер бастауышта, баяндауышта зат есімнен болса бастауыштан кейін сызықша қойылады.
8.Бастауыштың астын ирек сызықпен сызылады.
9.Құрмалас сөйлем екі не одан да көп жай сөйлемнен құралады.
10. . Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемнің арасына көбінесе нүкте қойылады.
ҮІІІ. Бағалау Бағалау критерий бойынша әр топ мүшелері бағалайды.
ІХ. Үй тапсырмасы Бір сөйлемді алып,синтаксистік талдау жасау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.