.
.
Орал қаласы Құстардың алуан түрлілігі.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1696 | Размер: | Автор: Нартай4540Ж.Молдағалиев атындағы №2 ЖОББМ
Байбулова Айгүл Саржановна
Бастауыш сынып мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: Құстардың алуан түрлілігі.
Сабақтың мақсаты:а/Оқушылардың құстар, олардың тіршілік жағдайлары туралы
алған білімдерін кеңейту.
ә/ Оқушыны өз ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыра
отырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б/ Құстарды қорғауға, қамқор болуға, экологиялық тәрбие беруге
баулу.
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, жекелей жұмыс
Пәнаралық байланысы: Әдебиеттік оқу, математика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық жүргізу.
ІІ. Үй тапсырмасы. Сұрау,қорытындылау.
Семантикалық картамен жұмыс. (жұптық жұмыс )
Жануарлар бейімділігі Түнде күндіз Жазда
Жануарлар
Бұғы, қоян, кірпі, борсық, ақбөкен
Қасқыр, түлкі, барыс, жолбарыс
Аю, борсық, кірпі
Бақа, кесіртке, жылан
ІІ. Бекіту. Сонымен бейімділік дегеніміз не?
Бейімділік –жануарлар тіршілігін белгілі бір жағдайда сақтайды.
Бейімділік – жемтігін аулауға, ашықпауға, жыртқыштан құтылуға көмектесетін қасиет.
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық. 1-слайдтан көрсету. Интерактивті тақтамен жұмыс.
Айдар айналада болып жатқан өзгерістерді, табиғатты бақылағанды жақсы көреді.Бірде ол хайуанаттар паркіне барды. Торда отырған алуан түрлі құстарды, олардың дауыстарын естіп, таң-тамаша болды.Кенет көлшіктің ортасында ашылып
тұрған аппақ гүлге көзі түсті. Гүл көз алдында ашылып,лезде ғайып болды. Гүл дегені аққу екен.
Айдардың сол күні құстардың алуан түрлілігіне көзі жетті.
Балалар, бүгін сабағымызда құстар жайлы білімдерімізді толықтырамыз.
Біз қандай құстарды білеміз? /топтастыру/ 2-слайд.
Қарлығаш Үкі Сауысқан Көкек Аққу
Жапалақ Құстар Шағала
Тоты Суықторғай Көгершін Тоқылдақ
Құстар жануарлардың маңызды тобы.
ІV. Жаңа сабақ.
Эпиграф.Жүрегімде тербеген бір арман бар
Аман болсын аңдар, құстар, ормандар.
Ақыл ойды жоюға емес адамдар
Тіршілікті қорғау үшін арнандар
Оқулықпен жұмыс.
Құстардың алуан түрлілігі.
Мұғалімнің түсіндірмесі: Сұрақ-жауап./ талдау/
Мәтінді оқыту,мазмұнын әңгімелеу.
-Құстар қалай ұшады? 3-слайд
-Құстардың арасында жыртқыш құстар бар ма?
-Жыртқыш құстарды ата? 4-слайд
-Жыртқыш құстар қандай? 5-слайд
-Олар қандай жануарларды аулайды?
-Қыран жемін қалай аулайды? 6-слайд
-Түнде жемін аулайтын қандай құстар? 7-слайд
-Кейбір құстар ұясын қайда салады? 8-слайд
-Бөдене ұясын қайда салады? 9-слайд
-Бозторғай қандай құс? 10-слайд
-Бұлбұл ұясын қайда салады және ол неге бөлейді?
-Олар немен қоректенеді?
-Құстар табиғат жағдайларына қалай бейімделген?
-Біздің еліміздегі құстардың көпшілігі қандай құстар? 11-слайд
Сөзжұмбақ *Құстар*. Жұмбақтар.
1. Түрі қара мамықтай,
Төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды,
Көктен жұлдыз аққандай.
/Қарлығаш/
2.Тал басында түндіксіз отау.
/ Ұя/
3. Өэі сақ,өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын өзі аласа,
Бұл қандай құс? /Сауысқан/
4.Орманда жоғары 5. Ақ сарайды толқындап, 6.Биікке салған ағаш үй?
Ағашқа қонады. Шықты біреу талтаңдап. Сол ғой оның мекені.
Тұмсығын балға қып, /Балапан/ Жаздай сайран салып -ақ,
Тоқ-тоқ соғады. /Тоқылдақ/ Қыста алысқа кетеді. /Қараторғай/
Ендеше ормандағы құстардың дыбыстарын тыңдайық.
Компьютерден тыңдау. Слайд көрсету.
Ал құстардың диолог әңгімесіне көңіл аударайық.
Шымшық: -Адам тұрағына жақын келіп қоныстанғанымыз жақсы болды! Бізге дастарқан дайындап қойыпты. Тіпті жемісте бар екен.
Құр: -Бұғылар да келмеді ғой.Олардың ізіндегі қардан ашылған шөптің дәнін теріп жеп, бір тоятын едім!
Қарға: –Мынадай қалың қарда дән қайдан табылсын! Ағаш бүршігімен, кепкен жеміс-жидекпен күн көре тұрамыз да.
Сауысқан: - Ей, қаздар, сендер жылы жаққа кепеп пе едіңдер? Қыс түскенде мұнда неғып жүрсіңдер?
Қаздар: - Әй, сауысқан-ай, танымадың ба? Біз үй қаздарымыз ғой. Сен, өзің неге жылы өлкеге кетпедің?
Сауысқан: -Мен туған жерде қыстайтын отырықшы құспын ғой. Мен сияқты алақарға, шымшық, тоқылдақ, торғай, суықторғайлар да қыста өз туған жерлерінде қыстайды.
Тауықтар: - Бұл, жазда біздің ұядағы жұмыртқаны ұрлап алып кеткен қарақшы ғой, танып тұрмыз.
Сауысқан: -Тауықтар, сөздеріңді естідім. Жұмыртқаңды ашып тастапсың. Көрген соң біреуін алып, ауыз тидім.Жұмыртқа менің басты қорегім емес. Мен бунақденелілер сияқты ұсақ жәндіктерді көбірек аулап жеймін. Мені пайдалы құс деп өсімдіктер қадірлейді. Мұны білгендерің жөн. Әрине , қазір олар жоқ, азық тапшы, тіршілік ету оңай емес. Онан да сендер, үй құстары, мына қыстағы өз жағдайларыңды айтыңдар.
Үй құстары: - Жағдайымыз жақсы. Ұядай жылы орын, мол азықты біздер үшін адам дайындайды Біз адамға дәмді ет, жұмыртқа , жұмсақ мамық сыйлаймыз.Сол үшін бізді адам күтіп бағады, бізге қамқорлық жасайды.
Ойын:* Кім құстарды көп біледі?* сайысы өткізіледі.
Үй
құстары Жыртқыш
құстар Жыл
құстары Қыстайтын
құстар
Тауық
Күркетауық
Қаз
Үйрек
Әтеш Жапалақ
Үкі
Бүркіт
Қыран
Кезқұйрық Ұзақ
Бұлбұл
Бозторғай
Аққу
Шағала
Тырна Шымшық
Сауысқан
Қарға
Тоқылдақ
Суықторғай
Кептер т.б
Дәптермен жұмыс.
1.Оқушылар өздеріне ұнаған құстардың суретін салады.
2.Қай құс немен қоректенетінін сызықпен қос.
Тоқылдақ шөптердің тұқымдары
Торғай шетеннің жемісі
Қайшыауыз бунақделелілер
Суықторғай шырша бүрлері
Сергіту сәті: 1-2м
Қысқы азияда туралы мағлұмат беру.
Тапсырмалармен жұмыс. /Сұрақтарға жауап берген оқушыларға қысқы азияда медальдарының суреттерін беру./
а/ Құстарға байланысты тыйым сөздер:
-Ұя бұзба, жұмыртқаға тиме.
-Құстар көп болас, зиянкес жәндіктер аз болады.
- Бұлбұл үнді, жылан тілді.
- Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер.
- Құстар-достар. Қыста құсқа жақсылық жасасаң, жазда жақсылығыңды өтеп береді.
- Құстарды өлтіруге, ұясына бұзуға болмайды.
- Құстарды атуға болмайды.
ә/ Викториналық сұрақтар:
1/ Басында тарағы бар, бірақ шашыңды тарай алмайсың. /Әтеш/
2/ Қай кішкене құс жемін ұшып жүріп аулайды? /Қарлығаш/
3/ Қай құс өзінің атын қайталайды? / Көкек/
4/ Құстың негізгі мекені. /Ұя/
5/ Қандай құс хат тасушы атанған? /Көгершін/
6/ Қай құста мүлде ұя болмайды. /Көкек/
7/ Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? /Бүркіт/
б/ Логикалық тапсырмалар: слайд
І Бекіту: Миға шабуыл стратегиясы.
Құстар туралы не білеміз?
Пайдалы Дос Ағаштарға ұя салады Құрттарды жейді
Жыртқыш құстар Құстар Су құстары
Тірі табиғат Жыл құстары Қыстап қалатын құстар
Сабақты қорыту. – Балалар, табиғатты қорғау адам қолында екен. Табиғатқа жаны ашып,оларды қорғау мақсатында Республикамыздың *Қызыл кітап* жазылды.Бұндай қызыл кітап әр елде бар. Табиғатта жойылып кеткен өсімдік пен жануарларды қызыл кітапқа енгізіп, оларды жұлуға, аулауға, атуға тыйым салды.
Табиғат –біздің байлығымыз. Осы табиғаттың көркі, сәні, әні болған құстарды қорғайық. Ал құстар өсімдік қорғаушысы. Сол құстарға қамқор бола білейік.
Бағалау: Оқушылардың тапсырмаларды орындау кезінде алтын, күміс,қола медальдарын көп жинаған балаларды бағалау.
*Ақкөгершін* әнін орындау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.