.
.
Дүниетану 2 класс Су – еріткіш (тәжірибелік жұмыс)
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3195 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: Су – еріткіш (тәжірибелік жұмыс)
Сабақтың мақсаты: 1.Судың еріткіш қасиетін тәжірибелер арқылы түсіндіру. Қандай
заттардың суда еріп, қандай заттардың суда ерімейтіні туралы
мағлұмат беру.
2.Судың адам үшін маңызын, сусыз тіршілік жоқ екенін дәлелдеу
және оқушылардың байқағыштық танымдық қабілетін дамыту.
3.Суды ластамау, суды үнемді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, түсіндірмелі, топтастыру, тест.
Сабақтың көрнекілігі: Су, тұз, қант, құм, саз, крахмал, ас содасы, бор, плакат, тірек
сызбалар, суреттер, калий перманганаты.
Сабақ барысы: I.Психологиялық дайындық.
Қайырлы күн деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Бірге өтер күніміз.
Сыныбыз тап – таза,
Бор да дайын тақта да,
Ойымызды партаға.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Судың қасиетін айту.
1-топ. Судың пішіні
2-топ. Судың түссіздігі
3-топ. Судың мөлдірлігі
4-топ. Судың дәмі
5-топ. Судың иіссіздігі
6-топ. Судың ағуы.
Сызба арқылы үй тапсырмасын қортындылау.
мөлдір
ағады
Су түсі жоқ
иісі жоқ
пішіні жоқ
дәмі жоқ
III.Жаңа сабақ
Су жер бетінде көп кездеседі. Сусыз тіршілік жоқ. Жер бетінің 2/3 бөлігін су алып жатыр. Су табиғатта көп. Олар: өзен, көл, мұхит, теңізде бар. Су табиғатта өте жақсы еріткіш. Біздің қаламызда қандай өзен, көлдеркездеседі? Жем өзені, Құрсай өзені, Қамыскөл көлі. Ендеше біз бүгін суда қандай заттардың еритіні туралы білеміз.оқулықтағы мәтінді оқу.
1 – тәжірибе.
1-топ. Суға қант салып араластырайық. Қант еріп кетті. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі тәтті болды. Қант суда жақсы ериді.
2 – тәжірибе.
2-топ. Суға тұз салып араластыру. Суға бір қасық тұз салып араластыру. Тұз суда еріп кетті. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі ащы болды. Тұз суда жақсы ериді.
3 – тәжірибе.
3 – топ. Стақандағы суға құм салып араластыру. Құм қиыршықтары сол қалпында стақан түбіне шөгеді. Құм суда ерімейді.
4 – тәжірибе.
4-топ. Стақандағы суға саз салып араластыру. Су лайланады. Суды біраз тұндырсаң, саз түбіне шөгеді. Саз суда ерімейді.
IV. Бақылау күнделігімен жұмыс.
Жасаған тәжірибе бойынша суда еритін, ерімейтін заттарды жазу.
Не аламыз? Нені бақылаймыз?
Қант Суда жақсы ериді
Тұз Суда жақсы ериді
Құм Құм суда ерімейді
Саз Саз суда ерімейді
Қорытынды: суда еритін де, ерімейтін де заттар бар.
V. Логикалық тапсырмалар.
Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарынан өзен ағып жатыр. Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өтті де, мақта артқан түйе ауыр өтті. Неге? Қандай жағдай болды?
Оқушылардың жауабын тыңдау.
Сонда суда барлық затар ери ме? Тағы да тәжірибе жасап көрелік.Әр топтан бір оқушыданкеліп жасау.
1 топ. Ас содасы.
2 топ. Крахмал.
3 топ. Калий перманганаты.
4 топ. Бор.
VI. Кесте толтыру.
Жақсы ериді Ас содасы, калий перманганаты
Ерімейді Бор
Нашар ериді Крахмал
VII. Сауалнама.
1. Судың қасиеттерін белгіле.
а)ақ ә)мөлдір б)сұр
2. Суда еритін затты белгіле.
а)қант ә)тас б)құм
3. Суда ерімейтін затты белгіле
а)құм ә)тұз б)қант
4. Су табиғатта неше күйде кездеседі?
а)2 ә)3 б)4
5.Судың қатты күйі қалай аталады?
а)су ә)бу б)мұз
тұз
ас содасы қант
калий перманганаты
саз құм
бор
VIII. Үйге тапсырма: оқу, әңгімелеу.
Қортындылау, бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Қайратым – қайсарым. Ж.Дауренбек
Сабақтың мақсаты: 1.Желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың қайсар ұлы
Қайратты халқымыздың ұлттық батыры ретінде естен шығармауға,
дәріптей білуге үйрету.
2.оқушылардың танымдық қабілетін арттыра отырып, сөздік қорын,
ойлау, есте сақтау кабілеттерін дамыту.
3.Өз елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндірмелі, СТО стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар, мультемедиа
Сабақтың барысы: I. Психологиялық дайындық
Мынау – менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Егеменді елімнің
Болашағы мен болам.
Қызығушылықты ояту.
II. Ой қозғау: Оқушылар өткен сабақта өткен Қазақстан, Туған өлкем өлеңдерін кім мәнерлеп айтып береді?
-Өлеңдер не туралы айтылған?
Қазақстан, Отан, туған ел туралы.
Қазақ елінің ел болып қалыптасуында, егемендік алу жолында, ұлттық намысы, өз тәелсіздігі жолында аса елеулі үш оқиғаны басынан өткізді.
1-оқиға
XIIIғасырдағы Шыңғысхан түмендері тойтарыс берген Отырар қаһармандығы. Бұл шайқаста Шыңғысхан жеңіп, өздері опат болғанымен ұлттың қайсар рухын әйгілеп кетті.
2-оқиға
XVIII ғасырдың орта шеніндегі Жоңғар шапқыншылығы. Атамекенімізге 70 мыңға жуық қолмен лап қойды. Олардың ойы қазақ халқын басып алып, жерімізді алу. Жоңғарларды жеңуде үш жүздің басын қосып жинаған Абылайхан мен Қабанбай батыр еді.
Қазақ елі
Бүгінде тарих қойнауына сіңіп бара жатқан жалпақ әлемнің назарын аударған, тәуелсіздік алып келген 1986 жылы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы.
Бізге бүгін сол тарих қойнауына сіңіп бара жатқан, бірақ бізге егемендіктің көк туын желбіретіп әперген желтоқсан оқиғасы еді. Өз елінің азаматтығы жолында көптеген аға-апаларымыз қыршыннан қиылды. Осындай азаматтық жолындағы көтерілісте өз елінің намысын қорғаған қаһарман ағамыз Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеов туралы «Қайратым-қайсарым» атты әңгімемен танысқалы отырмыз.
Қайраттың
суреті
Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы 13 наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Көктөбе ауылында дүниеге келген. Әкесі – Ноғайбай, анасы – Дәметкен. Үйдегі 7 баланың үшіншісі. Әскерден келген соң Алматы қаласындағы Сәулет- құрылыс институтының студенті болып оқуға түседі.
III.Жаңа сабақ Мағынаны тану.
Оқулықтағы мәтінді бөліктерге бөліп оқып түсіндіру.
- Қайрат кім? (қаһарман, қазақтың қайсар ұлы)
- Қайсар Қайрат өз өлең шумағында не дейді?
- Қайрат неше жыл ғұмыр кешті?
- Халқын қалай табындырды? (сүйіп, қорғап, әлемге танытып, табындырып кетті)
- Тәуелсіздікті қашан алды? (1991 жылы 16-желтоқсанда)
- Тәелсіздік үшін күрескен боздоқтарымыз кімдер?
Ләззат Сәбира Ербол Қайрат
IV. Дәптермен жұмыс
V. Ой шақыру.
Мәтінді пысықтау үшін сұрақтарға жауап беру.
Әңгіме кім туралы? Желтоқсан көтерілісі қашан болды?
Қайрат не үшін құрбан болды? Халық Қайраттың есімін қалай дәріптейді?
Тәуелсіздік монументі туралы айту.
Желтоқсан оқиғасы болған брежнев алаңы қазір Желтоқсан алаңы деп аталады. Бұл алаңда қазір желтоқсан құрбандарына ескерткіш қойылып, әр жыл сайын желтоқсан құрбандарын еске алып, гүл шоқтарын қояды. Мынау тәуелсіздік монументі. Сол желтоқсанда егемендік алып берген ерлігіміздің және тәуелсіздігіміздің құрметіне қойылған.
VI.Сергіту сәті. Сөзжұмбақ
Қазақстан
Астана
Ноғайбай
Ербол
Алматы
Желтоқсан
1. Біздің еліміз
2. Біздің бас қаламыз
3. Қайраттың әкесінің есімі кім?
4. Желтоқсан оқиғасында қаза тапқан ағамыз
5. Желтоқсан көтерілісі болған қала
6. Тәуелсіздік алған ай.
VII. Топтастыру стратегиясы.
Қайсар халық қаһарманы өжет
Қайрат
Ақын адал батыл сүйікті ұл
Міне, балалар бұл қасиеттердің барлығы Қайраттың бойынан табылады. Өз елін сүйетін, Отанын қорғайтын патриот мінезді ағамыздың қайсарлығын дәлелдейді. Қайсарлық кез келген адамда бола бермейді. Ол тек Қайрат сияқты қаһарман ағамыздың бойынан табылады. Сол тәуелсіздікті бізге алып берген Қайрат ағамыздың өзі көре алмауы өкінішті. Батыр ағамыздың күнәсі ақталып, ерлігі бағаланды.
Сурет
Анасы мен
Елбасы
1986 жылы желтоқсан оқиғасы кезінде Республиканың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында көрсеткен ерлігі үшін Алматы сәулет – құрылыс институтының бұрынғы студенті Қайрат Рысқұлбековке жоғарғы белгісі «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша белгі – Алтын жұлдыз тапсырды.
ҚР – ның елбасы:Н.Ә.Назарбаев
Алматы, 1996 ж 9 желтоқсан.
VIII. Ой толғаныс «Бәйге» ойыны
20 жыл бойы еліміздің мәртебесін көтеріп, елімізді басқарып отырған ұлы тұлға
Еліміздің тәуелсіз ел екендігін білдіретін нышандар
Есіл өзені бойында орналасқан жаңа қала
Астана қаласындағы ұзындығы 97м Тәуелсіздіктің сиволы
Қазақтың тұңғыш ғарышкері
Қайсар рухты батыр
IX. Үйге тапсырма. Оқу әңгімелеу (батырлар туралы мақалдар жазу)
X.Қорытындылау, бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.