.
.
Пштибаева Сара Су - өмірдің нәрі .
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1537 | Размер: | Автор: Нартай4540Жаңашаруа қазақ орта мектебі мұғалімі
Қызылқоға ауданы
Қоныстану селосы
Елбасымыздың балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қоныстану ауылында Жаңашаруа қазақ орта мектебі жанынан 2009 жылы шағын орталық ашылды. Шағын орталықта екі топта бүлдіршіндер тәрбиеленуде. Мұнда барлық жағдай жасалған: бала жасына сай жиһаздармен, парта, отырғыш, шкафтар, тұрмыстық техникалар талапқа сай жабдықталған. Біздің орталық «Қарлығаш» бағдарламасымен жұмыс істейді. Шағын огрталықтың оқу-тәрбие ісінің басты мақсаты отбасымен тығыз байланыста болып, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеу; баланы өркениетті қоғам өміріне бейімдеу; оқуға психологиялық дайындау болып табылады. Осы бағытта жүргізілген сабақ жоспарымды ұсынып отырмын.
Білім аумағы: Қатынас.
Білім бөлімі : Айналамен таныстыру , көркем әдебиет .
Тақырыбы: Су - өмірдің нәрі .
Мақсаты: Табиғат сыйы – су туралы білімдерін бекіту
БМ: Судың қасиеттері мен ерекшеліктері туралы білімдерін
бекіту .
ДМ: әр түрлі тәжірибе жасауға қызығыушылығын , әуестігін
арттыру .
ТМ: судың қасиетін , пайдасын , құндылығын бағалауға ,
үнемді пайдалануға тәрбиелеу .
Көрнекілік: Стакан,су, сүт, шырын, құм, шекер
Жылулық шеңбері :
Балалар (күн,жаңбыр ,тау , мұз,т.с.с.) бейнеленген суретті қалаулары бойынша қалап алады. Суретке байланысты бір – біріне тілек айтады. Мысалы : Тау бейнеленген суретті ұсына отырып , «Таудай биік бол !» деп айтуға болады .
Жұмбақ . 1. Аспандағы көлеңке, жерге суын шашады.
(бұлт пен жаңбыр )
2. Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады.
(мұз)
3. Аппақ етіп айналаны , ақ көбелек айналады .
(жапалақтап жауған қар)
4. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ ,
Пайдаланбас кісі де жоқ. (су)
5. Аспан түстес сұйық,
Әркім ішер құйып . (су)
- Адамдар суды не үшін пайдаланады?
(ішеді,жуынады)
- Суды адамдардан басқа тағы нелер пайдаланады ?
(жануарлар, өсімдіктер)
Ой толғаныс. Судың қандай қасиеті бар? (сұйық, түссіз, иіссіз, еріткіш, дәмсіз, мөлдір, жұққыш, аққыш)
Тақтадағы сызбаға назар аударып, тәжірибе жасап көрейік.
1 «Су – мөлдір»
Екі шыны ыдысқа біреуіне су, екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысының көрінбейтінін бақылаймыз.
«Су –мөлдір, ал сүт мөлдір емес.»
2. «Суда дәм жоқ»
Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді . Онда дәм бар ма ? Салыстыру үшін шырын ішіп көреді. Суда дәм жоқ.
3. «Суда иіс жоқ»
Балалар суды иіскеп көреді, судың исі жоқ екеніне көз жеткізеді.
Табиғаттағы судың айналымы туралы сызба құрастыру.
Судың үш күйі бар. (мұз,сұйық,бу) Осыған байланысты тағы да тәжірибемен
көз жеткізіп көрейік.
4. «Мұз - қатты су»
Балалар жылы бөлмеде мұздың, қардың ерігенін бақылайды. Педагог жартылай еріген ыдыстағы мұздың, қардың ерігеніне бақылау жүргізеді, балалардың назарын еріген мұз бен қарға аудара отырып, олардан не болғанын сұрайды.
5. «Бу – бұл да су»
Судың тағы бір қасиетін көрсету үшін, қайнаған суы бар ыдысқа әйнек немесе айнаны ұстау керек.Одан су тамшылары аққанын бақылау керек. Будың да су екенін көрсету.
6. «Су –сұйық, сондықтан ағады »
Балаларға стақандағы суды екінші бос стақанға төкпей- шашпай құюды ұсынады.
Су аға ма? Неліктен? Өйткені ол сұйық.Егер су сұйық болмаса ,онда су өзендер, көлдер мен крандардан аға алмас еді.
Сергіту сәті:
Ал балалар тұрайық, мойнымызды бұрайық.
Қолымызды созайық, су ішінде қалықтап,
Қәне, жүзіп алайық,оңға, солға бір қарап, денемізді бұрайық.
Әңгімелесу. Ә.Табылдиевтің «Бұлт» өлеңі. Оқу. Талдау.
Бұлт- ау,
Көктен төнесің,
Қайдан көшіп келесің?
Мұхит үрлесе желемін,
Жел үрлесе желемін.
Қайдан, қалай жаралдың?
Қайдан,қайтып нәр алдың?
Теңіз, мұхит,суданмын,
Бу боп судан туғанмын.
Ақсың, сұрсың, қарасың,
Қалқып қайда барасың?
Жерге нөсер төгесің.
Өссін гүлдер, көп егін.
Гүл, гүл жайнап өсер көк,
Нөсерлетсең, нөсерлет.
- Өлеңде бұлт жайында не айтылған? Бұлттың қандай пайдасы бар?
- «Су – тіршілік нәрі» - деген сөзді қалай түсінесіңдер?
«Үйде, ата – аналарымен және жақындарымен бірге...»Балалар ата – аналар көмегімен жаттап келген су туралы тақпағын айтады.
Айнамкөз: Таңертең де, кеште де
Жуынып күндіз - түнде де.
Сумен сабын – бір жолдас ,
Жоймас олар кір болмас .
Тұрсынай: Жуып жеймін үнемі,
Алма ,алмұрт ,шиені.
Суды жақсы көремін ,
Тазалықты сүйемін.
Фархат: Сылдырлайды мөлдір су ,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Тазалықтың досы,
Су дегенің осы .
Тыйым сөздер айту.
... Су ішкен құдығыңа түкірме;
... Судың бетін ашық қалдырма;
... Қайнамаған суды ішпе;
... Түнде суға барма;
... Суды ластама;
... Суды үнемде.
«Біз не білдік?»
Су- түссіз.
Су- дәмсіз.
Мұз және бу- да су.
Бұлт, қар,мұз – суға жатады.
Судың әр түрлі температурасы болады.
Су- табиғат сыйы. Сусыз тіршілік жоқ.
«Қуанышты хабарлама»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.