.
.
Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті Су. Судың қасиеті
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1884 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға судың қасиеті, тіршілік үшін маңызы,
табиғаттағы таралуы жөнінде түсінік беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ізденушілік – зерттеушілік
әрекеттерін жетілдіру,дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелілігі: Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті арттыру,
суды қорғау, тазалықты сақтау сияқты адамгершілік
қасиеттерін дамыту.Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтағы көрнекі – құралдар: интерактивті тақтамен слайдтар көрсетіледі:
судың бейнесі, түрлі ыдыстардың суреттері
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап,көрсету (слайд)
Сабақтың жүрісі:
Ұйымдастыру,қызығушылықты арттыру
- Балалар,бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ.Себебі бүгін бізге қонақтар келді.
- Олай болса өз білімдерімізді көрсетелік.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Ауаның қасиеті, маңызы
Үй тапсырмасын сұрау
- Ауаның қасиеттерін атап шығу. Ауаның маңызы тақырыбынының мазмұнын сұрау;
- Слайдтан атап көрсету;
- Ауа туралы өз ойымызды қорытындылау;
- Мынау ненің дауысы?
- Судың
- Сонда бүгінгі жаңа сабағымыз не жайында болмақ?
- Су.Судың қасиеті жайында болмақ
Сабағымызға қатынысып отырған ұстаздарға оқушылардың Қайырлы күн тілеуі.
Жаңа сабақ:
«Су – тіршілік нәрі» ұғымын қалай түсінесің? (мағынасын ашу)
Слайдтан судың адам өмірінде алатын орны жайында көрсету.
Енді судың негізгі қасиетіне тоқтала кетсек;
Су – түссіз, оны тәжірибе жасау арқылы көз жеткіземіз.
1- тәжірибе: Шыны ыдысқа сүт,екінші шыны ыдысқа су құй. Екеуін салыстыр. Сүт – ақ, су – түссіз.
2- тәжірибе: Екі стаканның біреуіне сүт, біреуіне су құй. Олардың ішіне қасық сал.Қайсысындағы қасық анық көрінеді? Неге?
Бұдан шығатын қорытынды: су- түссіз,мөлдір,иіссіз.
3- тәжірибе: кесеге,шыныға,стаканға су құй.Осы ыдыстардағы судың пішініне қара.Су қандай пішінге ие болды?Әрбір құйылған ыдыстың өзіндей емес пе?Олай болса, суда тұрақты пішін болмайды.
Су – сұйық. Су – бу. Су – мұз болатын жайларына мысылдар келтіру, слайдтан көрсету.
Мәтінді тізбектей оқыту.
Сергіту сәтін жасау (2 мин)
- Дәптермен жұмыс:
o Күннің жадын жаздырту
o Сабақтың тақырыбын жазу
Судың жай – күйі
| | |
1) Сұйық 2) бу 3) мұз
Жұмбақ шешу:
1) Отқа жанбас, суға баспас,Судан жаралған бірақ судан қорқады
2) Көзге көрінгенмен,ұстасаң қолға ілінбес (бу)
3) Жылт – жылт етеді,жылғадан өтеді (су)
Қорытындылау :
Ериді, сұйық, ағады сөздеріне сөйлем құрастыру.
Су сұйық болады. Жылғалардан су ағады. Қар еріп,суға айналды.
Үйге тапсырма беру:
Осы тақырыпты үйден жақсылап оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келу.
Бағалау, мадақтау.
Үй тапсырмасын айтқан және жаңа сабаққа белсене араласқан оқушыларды атау,мадақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.