.
.
Күні: қараша 2014 жыл Су.Судың күйі. ӨҚН: Судағы қауіпсіздік шаралары
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2169 | Размер: | Автор: Нартай4540Пән: дүниетану
Пән мұғалімі: Тасыбай А.Қ.
Сабақтың тақырыбы: Су.Судың күйі. ӨҚН: Судағы қауіпсіздік шаралары
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға су туралы мағлұмат беру.Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру, практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығары білуге үйрету.
2. Судың адам өміріндегі маңызы туралы мағлұмат бере отырып, суды қорғауға тәрбиелеу.
3.Оқушылардың сөзік қорын дамыту,өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: жаңа
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топта талқылау, әңгімелесу, оқулықпен, дәптермен жұмыс, талдау-жинақтау, ББҮ, Жигсо
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, глобус, үлестірмелі парақшалар
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, қазақ тілі, математика
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақ тақырыбын анықтау
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді. (Су)
ББҮ
+ Білемін - Білмеймін ? Үйренгім келеді
Оқулықпен жұмыс
«Жигсо» әдісі арқылы мәтінді талқылау
Әңгімелесу
- Өздеріңе керекті жаңа мәлімет таба алдыңдар ма? Топта жаңалықтармен бөлісу
Сұрақ-жауап әдісі
Мәтіннің соңында берілген сұрақтарға жауап беру.
Алған жаңа мәліметті салыстырып, ББҮ-нің 3-бөлігін толтыру
Шығармашылық жұмыс.
Глобусқа қарап, картаға қарап, оқушылар жердің көп бөлігін су алып жатқандығына тоқтауы керек.
Дәптермен жұмыс.
2-тапсырма. Дұрыс жауапты тауып, астын сыз
Судағы қауіпсіздік шаралары. Өмір қауіпсіздігінің ережелері
Суға шомылуда межеленген жерден ары аспау, құтқару шеңберін немесе арнайы құтқару кеудешесін кию, үлкендердің қарауында суға түсу сияқты мәселелерді қарастыру.
Халық педагогикалық үзінділер:
Есіңе сақта
Суды босқа төкпе.
Сумен ойнама.
Бұлақ көрсең көзін аш.
Судай таза бол.
Судан таза, сүттен ақ.
Рефлексия.
− Табиғатта су қандай күйде кездеседі?
− Қандай температурада су қатты түрінен газға ауысады?
− Бұл білім сендердің өмірлеріңе қажет пе?
− Су табиғатта қандай күйде кездеседі?
− Су қандай кезде сұйық күйден қатты күйге ауысады? Ал газ күйіне ше?
− Суда қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?
Үй тапсырмасы.
Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.