.
.
Сабақтың тақырыбы: Су – тіршілік көзі. Су – тіршілік көзі.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2054 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаттары:
1. Балаларға су тіршіліктің көзі екенің таныстыру.
2. Балалардың су туралы білімдерін кеңейту. Ойын, тілін, байқағыштығын, білімқұмарлығын дамыту.
3.Суды ластамауға, қорғауғка, таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Шығармашылық ойын дамыту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой жинақтау, проблемалық ізденушілік.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, тәжірибиелік.
Сабақтың көрнекілігі: 2 шыны ыдыс, су, саз, қасық, сурет, глобус.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Психологиялық даярлық.
Үй жұмысын тексеру.
Жаңа сабақ.
1.Жұмбақ жасыру.
Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. Бұл не?
Су
Яғни, бүгінгі тақырыбымыз су тақырыбына арнаймыз.
Жер бетінде ең көп тараған зат- су.Глобусқа қарасан жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол-су, мұхиттар, теңіздер, өзеңдер, көлдер, сарқырамалар.
Табиғатта су 3 күйде кездеседі. (сұйық, қатты, газ тәріздес)
Егер күн салқындап температура 0 градустан төмен түссе, су сұйық күйден қатты күйге, яғни қар мен мұзға айналады.
Кішкентай табақшаға су құйып, бетін ашық қалдырсақ, бірнеше күннен кейін оның босап қалғаның көреміз. Табақшадағы су қайда кетті деп ойлайсын? Ол түссіз жоғалып кеткен жоқ, бір күйден екінші күйге ауысты. Сұйық күйден бу күйіне өтіп, ауамен араласты.
Су бар жерде бау-бақша, орман, егін мал болады.
Сондықтан қазақ «Сулы жер-нулы жер.» дейді.
Қазақ халқы суды қадір етумен қатар, оны жалпы халыққа, жан- жануарлар дүниесіне, өсімдік әлеміне тіршілік беруші күш деп атаған.
2.Суретпен жұиыс.
3.Ассоциация құру.
4.Тәжірибиелік жұмыс.
1. Суға тұз салып араластыру. Суға бір қасық тұз салып араластыру.Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі ащы болды. Тұз суда жақсы ериді.
2.Стақандағы суға құм салып араластыру. Құм қиыршықтары сол қалпында стақан түбіне шөгеді. Құм суда ерімейді.
3.Стақандағы суға саз салып араластыру. Су лайланады. Суды біраз тұндырсаң, саз түбіне шөгеді. Саз суда ерімейді.
Сонымен, қорытындылап өтсек:
5.Жұмбақ шешу..
1.Аяқсыз-ақ жорғалайды, жүреді.
Ауызы да жоқ, сыңғырлайды, күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тіршілік жоқ,
Айтындаршы, осыны кім біледі.
Су
2.Өзі көк, көленкесі жоқ.
3.Қыста шыны боп қатады,
жылыда су боп жатады..
Мұз.
4.Көзге көрінгенмен
Ұстасаң қолға ілінбейді.
Бу.
6.Оқулықпен жұмыс.
7.Мәтінді өқу.
8.Сергіту сәті.
Суға байланысты.
9.Дәптермен жұмыс.
Су не үшін қажет атты кластер құру.
Құстарға тамаққа
Су өңдіріске
жануарға
құстарға өсімдікке
10.Бес жолды өлең құрастыру.
11.Тыйым сөздер.
Қорытынды: суда еритін де, ерімейтін де заттар бар. Оларды атау.
12.Сұрақ – жауап.
Судың қандай пайдасы бар?
Су туралы не білеміз?
Су табиғатта неше күйде кездеседі?
Судың қатты күйі қалай аталады?
13.Үйге: 43-45 беттер Эссе жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.