.
.
Қ.Ыдырысов атындағы ЖОМ Су және оның маңызы
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1860 | Размер: | Автор: Нартай4540Дүниетану 2 сынып
Пән мұғалімі: Сабитова М.М.
Сабақтың тақырыбы: Су және оның маңызы
Сабақ мақсаттары: 1. Білімділік: судың қасиеті (түсі, дәмі); су – еріткіш; ерігіш және ерімейтін заттар, судың адам, жануарлар, өсімдіктер өмірі үшін маңызын игерту;
2. Дамыту: Топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорын дамыта отырып, айналаны ластаудан қорғауға және оны ұтымды пайдалануға баулу
3. Тәрбиелік: Табиғатты аялап, табиғи ортаның біртұтастығын түсіндіре отырып, экологиялық, адамгершілік тәрбие беру
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Құралдар: глобус, карта, сызбалар, жұмбақ, суреттер, түрлі-түсті маркерлер, қағаздар, сандықша, тапсырмалар, семантикалық кесте
Әдіс-тәсілдер: «Ыстық орындық», баяндау, кітаппен жұмыс, жұмбақ шешу, ұжымдық жұмыс, тест жұмысы, сұрақ – жауап әдісі,
1. Оқыту нәтижесі: а) Тақырыпқа сәйкес айналадағы судың өзгерісіне бақылау жасайды, ащы сулардың көп екенін, оны үнемдеу, қорғау керектігін түсінеді.
2. Оның тірі табиғат пен шаруашылыққа тигізетін әсерін оқып үйренеді. Бірлесе жұмыс жасай отырып, пікірталастырады, өз пікірін білдіруге, дәлелдеуге үйренеді.
Сілтеме: оқулық материалдары, жұмбақтар, қосымша материалдар, семантикалық карта,
Сабақ кезеңдері Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Білу
СТО, ТжД 1 мин Психологиялық ахуал тудыру.
Жұппен тұрып, өзінде бар жақсы қасиеттерді айтқызу
3 топқа бөлу: бұлт, қар, құдықтың сурет қиындыларынан
Топ ережесін еске түсіру Оқушылар өзі туралы жақсы қасиеттерін жұптарына айтады.
Тыныштық сақтау.
Бір - бірін тыңдау.
Қол соғу.
Ойын ашық айту.
1 мин
Қызығушылықты ояту
Өзенде, көлде өмір сүреді,
Аспанда қалқып жүреді.
Іші пысқан кездерде,
Жерге тамып түседі. (су)
1. Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң қорын тек,
Барша тірлік қурайды. (су)
«Музыкалы бұрқақ» видеосын көрсету. «Жұбыңды тексер, бағала!» 5 сұрақтан тұратын тест арқылы өткен сабақты пысықтау
Бағалау өлшемдерін негізге ала отырып, бірін-бірі бағалау іс-әрекетін жүзеге асыру, сұраққа жауап алу
1. Судың қасиетін белгіле:
а) сұр б) ақ ә) мөлдір
2. Судың табиғатта неше күйде кездеседі?
а) 2 ә) 3 б) 4
3. Судың пішіні қандай?
а) дөңгелек б) төртбұрышты ә) пішіні жоқ
4. Суда еритін заттар:
а) тас б) қант ә) құм
5. Суда ерімейтін заттар:
а) тұз б) қант ә) құм
6. Судың қатты күйі қалай аталады?
а) су ә) бу б) мұз Жұмбақтың шешуін табу арқылы тақырыпты табады.
Видеодан көргендері туралы әсерлерін баяндайды,
Оқушылар алдарындағы парақта жазылған тест сұрақтарына жауап береді.
Тақтадан дұрыс жауап көрсетілгенде жұптаса отырып, бірін-бірі бағалайды.
«5» - қатесіз орындалған жұмысқа
«4» - 1 қатеге
«3»-2, 3 қатеге
«2»-4 қатеге
ОмОЖТ
ТжДБСТО,
ОЖЕ
ОБжК 10 мин
Түсіну
2. Оқулықпен жұмыс. 1. Мәтінді іштен оқып, тақырыпқа байланысты жұптық «сұхбат алу» әдісі бойынша екі оқушыға диалог құрату.
Слайд суреттерін көрсетіп, су туралы оқығандарын әңгімелеу.
Картаны ашу Мәтінді іштен оқиды, екі оқушы диолог құрады.
-су не үшін қажет деп ойлайсың?
-су болмаса, өмір болмайды
-қандай нақыл сөздер білесің?
-«Су атасы сүлеймен» т.б.
5 мин
қолдану Топтық тапсырмаларды бөліп беру
Топтарға тапсырмалар жазылған парақшалар таратылады.
Топпен өз ойыңды бөліс:
1 топ: «Жер бетінде су жойылып кетсе, онда,,,,,» деген ойды аяқта.
2 топ: Дүние жүзі судан неліктен тапшылық көруде?
3 топ. Су туралы қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
Шағын топтардың жұмысын тыңдаған өзге топ мүшелері формативті бағалауды жүзеге асырады
Шағын топтардағы спикерлер оқушыларға тапсырмаларды бөліп береді де, бірлесе орындайды.
Топ алдында жұмыстарын қорғайды.
Жұмысты қорғауға шығатын оқушыны топ спикері анықтап отырады.
1 топ: Судың маңызы
1. Сусыз тіршілік ету мүмкін емес
2. Су тазалық пен денсаулықтың көзі
3. Өзен, көл табиғаттың көркі
4. Су қатынас жолы
5. Суды ластаудан сақтау,үнемдеу әр адамның міндеті
2 топ: Жер шарының 4/3 бөлігін су алып жатқанын диаграммадан көрсету.
Ендеше қазіргі таңда көптеген елдерге тұщы су қоры жетіспейді.
Теңіз мұхит сулары ащы. Жер бетіндегі судың 2% ғана тұщы су.
3 топ: Тыйым сөздер:
Су ішкен құдығыңа түкірме.
Бұлақ көрсең көзін аш.
Судың да сұрауы бар.
Түнде суға барма.
Сергіту сәті
ТжДБО СТО,
ОЖЕ
ОБжК
ОүБ
«Көңілді би»
Талдау, синтездеу
5 мин
Мақалдар айту сайысы. Әр топтан бір-бірден мақал айтып, мәнін ашу.
1 топ:
2 топ:
3 топ: Сағадағы су ішеді,
Аяқтағы у ішеді.
Сай қуалап су ағар,
Жел қуалап от жанар.
Саяз су сарқырап ағады.
Су аққан жерінен ағар, шөп шыққан жеріне шығар.
Су анасы — бұлақ,
Сөз анасы — құлақ.
Су бар жерде ырыс бар:
ұстап балық жейсің,
ақ бидай егіп, нанын жейсің.
Су басынан бұзылады.
Су басынан тынады,
Балық басынан шіриді.
Су бергеннің сауабы бар,
Су төккеннің жауабы бар.
Су болмай балық аулауга болмас,
Жүз жыртпай дау даулауға болмас.
Суға кеткен тал қармайды.
Судағы балыққа қуанба, өлі сенікі емес.
Судың да сұрауы бар.
ОБжК
ТжДБО
8 мин
қолдану Әрі қарай сабақ - «су туралы айтар болсам» деген тақырыппен сендер су туралы орындаған тапсырмаларыңды қорғайсыңдар. Әр топ өз тапсырмасын қорғайды.
1 топ: 1 оқушы: «Сусыз тіршілік жоқ» деген мақал тегін айтылмаса керек. Ғалымдардың бақылауы бойынша, мысалы, ит тамақсыз 30-40 күн, ал сусыз 3-4 күн ғана шыдайды екен.
2 оқушы: Су өсімдіктің негізгі бөлігін құрайды. Мысалы, қарбыздың 98 пайызы, қиярдың 95 пайызы, картоптың 80 пайызы судан тұрады. Адам ағзасының да жартысы судан тұрады.
2 топ:
3 оқушы: Суық күзде суда жүзетін құстарға су жылы, себебі судың температурасы ауаның температурасынан жоғары болады. Су ауаға қарағанда баяу салқындайды.
3 топ: 4 оқушы:Глобусқа қараңдар, ғарышкерлер ғарыштан осылай көреді. Бұны тез айналдырсақ тек көк түс қана сияқты, көк түспен жер бетіндегі өзен, көл, мұхиттар бейнеленген. Яғни жер бетінің ¾ бөлігін су алып жатыр . Су туралы статистикаға сүйенсек жер бетінің 71% пайызын су алып жатса, 29 % пайызы ғана құрлық екен. Алдын ала берілген тапсырмалар бойынша 4 оқушы баяндайды.
Қорытынды
ОЖЕ, ТжД, СТО, ОүБ 5 мин
Бағалау -Балалар, бүгінгі сабақта біз нені үйрендік?
«Ыстық орындық» әдісі бойынша сұраққа жауап алып сабақты аяқтау
1. Су туралы мақал – мәтел айт
2. Судың қандай күйлері бар?
3. Су туралы жұмбақтарды есіңе түсіріп айт.
4. Судың қандай қасиеттері бар? Өз ойларын айтады, қорытындылайды.
Судың да сұрауы бар. Сулы жер – нулы жер.
Сұйық, қатты, газ
Жылт- жылт етеді, Жылғалардан өтеді.
Түссіз, мөлдір. Еріткіш
ОүБ 5 мин
Бағалау Семантикалық тапсырма:
Кестені толтыру
Логикалық тапсырма: Есепте немесе ойлан;
Егер сен тісіңді тазартып жатқанда құбырды жауып тұрсаң, 4 литр су үнемдейсің. Егер күніне 2 рет тазартатын болсаң неше литр су үнемдейсің? 5 адам 1 күнде неше литр су үнемдейді?
Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарынан өзен ағып жатыр. Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өтті де, мақта артқан түйе ауыр өтті. Неге? Қандай жағдай болды?
Ендеше балалар осы жағдайды шеше отырып қандай қорытынды жасаймыз Сұрақтардың жауаптарын белгілейді.
«Бағдаршам» тәсілі бойынша бағалау
Қызыл- түсіндім,
Жасыл толық емес,
Сары нашар білдім
Диалогтік оқыту
Жаңа тақырыпты игеру деңгейлерін анықтау
Бағалау
Үйге тапсырма 5 мин -Бүгінгі сабақта немен таныстыңдар?
-Тағы не туралы білгілерің келеді?
-Осы тақырып бойынша қандай ой түйіндедіңдер?
-Бүгінгі сабақтағы құнды пікірлеріңе рахмет!
Жиынтық бағалау және формативті бағалау тәсілдері арқылы оқушылар білімі бағаланады.
Күн бейнесін алу арқылы үй тапсырмасын алады.
Топ спикерлері өз тобындағы оқушылардың іс-әрекетін бағалайды.
Күн бейнесі таратылады.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерге стикерлерді жапсыру арқылы білдіреді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.