.
.
Сыныптан тыс іс-шара: «Математика әлеміне саяхат» Сыныптан тыс іс-шара: «Математика әлеміне саяхат»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2267 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты:
1. Математика сабағында алған білімін өмірде пайдалана білу.
2. Тез ойлауға,шапшаң есептеуге баулу,ой -өрісін кеңейту.
3. Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сөзжұмбақтар, геометриялық фигуралар, санамақ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
Екі топқа бөлу/Әр топ ұрандарын айтады/
«Қырандар» тобы
«Тұлпарлар» тобы
1-топ «Қырандар»
Ұраны:
Білекті бірді жығады
Білімді мыңды жығады
2-топ «Тұлпарлар»
Ұраны:
Оқы да біл
Ойна да күл
/Аялдамаларға тоқтап тапсырмалар шешіледі./
ІІ. «Құрылысшылар» бекеті
/Екі топтың кім бірінші орындайтынын анықтау./
1. 2+1 3+2 5-3 6-4
2 .3+1 4+2 5-4 6-3
ІІІ. «Ойлан, тап» бекеті
«Қырандар» тобы
/Жұмбақтарды шешу./
Көлден ұшқан 5 қаз
Қайтып қонды 2 қаз
Қонбады оның нешеуі
Кәне ,кім тез табады? (3)
Бес бұтақты ағашта,
Бұтақ сайын бір алма
Біреуін бер Маратқа
Сонда қалмақ неше алма (4)
«Тұлпарлар» тобы
1.Бір-бірімен жарысқан
Екі аю,бір арыстан.
Екі қоян,бір түлкі,
Бәрі нешеу кім білді? (6)
2.Біреуі қызыл, үшеуі ақ
Оң қолымда неше алма?
Екеуі қызыл, төртеуі ақ
Сол қолымда неше алма? (4 және
ІV. «Көңілді санамақ» бекеті
«Қырандар» тобы «Тұлпарлар» тобы
/Әр топ қанша санамақ біледі./
V. «Тез жалғастыр»
Бір дегенім-бесік
Шықтық содан өсіп
Екі дегенім-еңбек
Еңбек бәрін жеңбек
Үш дегенім –үміт
Үміт артар жігіт
Төрт дегенім-төзім
Төзе білем өзім
Бес дегенім-бақыт
Бағалайтын уақыт
Алты деген-ақыл
Тыңдағаның мақұл
Жеті деген-жалау
Жүректегі алау
Сегіз деген-сөзің
Серт беретін кезің
Тоғыз деген -тоқтау
Елдің жоғын жоқтау
Он дегенім-Отан
Қорға соны ботам
-Отанымыз туралы не білеміз?
VІ.Логикалық тапсырма:
1 Қанаттың сөмкесі Саматтың сөмкесіне сияды,ал Саматтың сөмкесі Ерланның сөмкесіне сияды.Кімнің сөмкесі үлкен, кімнің сөмкесі кішкентай? (Ерланның сөмкесі үлкен,Қанат)
Қорытынды.Екі топтың қорытындысын шығару.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.