Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Түбір мен қосымша  2 сынып -

Түбір мен қосымша 2 сынып

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5479 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Түбір мен қосымша 2 сынып
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға түбір мен қосымша туралы мағлұмат беру.Сөздердің түбірі мен қосымшасы болатынын байқату.Түбір мен қосымшаны бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру.Ой-өрісін дамыту.Сөздік қорын байыту.Байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.Өз елін мақтан тұтуға,еңбекқорлыққа,мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Слайд (Сиқырлы өлке,қария,алма ағашы),ойындар,суреттер,портреттер,домбыра,қобыз,ребустар,
мақал-мәтелдер

Сабақтың түрі:кіріктірілген аралас сабақ(өнер мектебіде домбыра,қобызға қатысатын балалар),музыка,ана тілі

Сабақтың жүрісі:Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақ: Слайд
-Ерте-ерте, ертеде,біз білмейтін сиқырлы өлкеде бір қария өмір сүріпті.Ол қарияның бағында алтын ағаш өсіпті.Қария сол ағашта өскен алманы базарға апарып сатып күнін көреді екен.Оның көршісі оны қызғанып,түнде келіп ағашты кесіп кетеді де,оны өз үйінің бағына отырғызады.Ағаш өспей қалады.
-Неге?

Қария ертесі есіктің алдында тұрған ағашының жоқ екенін байқайды.

Мақал-мәтелдер: Жаманмен жолдас болсаң кесірі жұғар,
Жақсымен жолдас болсаң нәсібі жұғар.

Жақсы дос пайдасын тигізбесе де,зиянын тигізбейді,
Жаман дос алдыңды орап жүргізбейді.
-Көршісі кешірім сұрап алма ағашын қайтарып береді.Қария ағаштың түбіне су құйып күте бастайды.Сонда ағашқа қосымша бұтақтар өсіп,кейін қайтадан жеміс береді.
Мінекей балалар біздің сөзімізде түбір болмаса мағнасы болмайды.

Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігін түбір(түбір сөз) дейміз.
Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз.

«Қолғаптың сыңарын тап» ойыны.
Мектептер ерлік таулар жұмысшы аяздың
Сөйлемдер құрату.

Оқулықпен жұмыс. 312-жаттығу Тақтада орындау

313-жаттығу. Слайдтан көрсету(ауызша)

314-жаттығу. Ребус:Қарағанды Слайдтан көрсету.

Қарағанды-Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан.Қарағанды қаласы –индустриалдық орталық.Көмір шығаратын қала.Темір жол мен әуе жолының аса маңызды торабы.Ғылымы мен мәдениеті дамыған қала.

Сергіту сәті

315-жаттығу.Мәтінді түсініп оқу.Түбір сөзді табу.
Домбыра , қазақ, аспап, перне, құлақ,ол...

316-жаттығу Өз бетімен жұмыс.
Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып көшіріп жазу.
Қыс... адамдар жылы киінеді.Мал қора... тұрады.Балалар қар... аққала жасайды.

317-жаттығу Зат атауларын қатыстырып сөйлемдер құрау.
ДОМБЫРА ҚОБЫЗ
Құрманғазы Сағырбайұлы,Дина Нұрпейісова,Қорқыт атамен таныстырып әңгімелеу.
Өнер мектебінің оқушылары домбырамен,қобызбен күйлер тартады.
Сабақты бекіту
Үйге:318-жаттығу
Бағалау Анар Сәрсенбаева,
№8 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі,
Жетібай селосы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.