.
.
Қазақ тілі Түбір мен қосымшаның жазылуы
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4154 | Размер: | Автор: Нартай45403сынып
Бастауыш сынып мұғалімі
Мухаметжанова Арайлым Кадыровна
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы
Сабақтың мақсаты : Білімділік Оқушылардыдың түбір мен қосымшаның жазылуы туралы түсінік қалыптастыру және оны меңгеру қосымшалардың жазылу ережесін білу меңгеру.
Дамытушылық : Оқушыларды ойын арқылы ой-өрісін , логикалық ойлауы мен дүние танымын , есте сақтау қабіліттерін , жалпы оқуға деген қызығушылығын іскерлігін дамыту .
Тәрбиелік: Оқушыларды сауатты , әдемі, жазуға , тиянақтылыққа , ұжымдыққа, әдептілікке , қазақ тілін қастерлеуге , өз білімін көпшілік алдында көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : ойын -сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілі : Сұрақ –жауап , ой жинақтау , ереже айту, , таза жазу минуты, сурет бойынша жұмыс .
Сабақтың көрнекілігі : Әр топ бойынша атауы, ойын , «мәре » сызығы.
Сабақтың барысы :
1.Психологиялық дайындық
Сыныбымыз тап – таза
Борда дайын тақтада.
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партаға.
Ана тілімізді құрметеп , тілімізді білуіміз біздің басты міндетіміз.
2.Үй жұмысын тексеру:
4 жаттығу,ережені айту.
Енді сабағымызды бастау үшін түбірмен қосымшаның жазылуын еске түсіріп көрейік.
3.Жаңа сабақ:
Түбір сөзге жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса,онда түбірдің соңындағы к, қ, п дыбыстары г, ғ, немесе у дыбыстарына өзгереді.Мысалы:
Күрек – күрегі, сабақ- сабағы, тап – табады, сеп – сеуіп – себеді.
Енді әрі қарай сабағымызды жалғастырамыз.
4.Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз
Таза ,көркем жазу минуты
Қ қ Қ қ
қала қала қала қала
5.Жаттығумен жұмыс:
1-жаттығу екі бағандағы салыстырып қандай өзгеріске ұшырағанын айту.
/ ауызша /
Жарық – жарығы Тарақ – тарағы
Байлық – байлығы Көлік -көлігі
3-жаттығу қосымша жалғанғанда түбірінде өзгеріс болған сөздерді теріп жазу.
4- жаттығу сөздерге үлгі бойынша қосымша қосып жазу.
Лақ-лағы
Өсімдік – өсімдігі
Арғымақ –арғымағы
Сеп –себу
Кеп –кебу
Теп –тебу
Қап –қауып
Тап –тауып
Жап –жауып
6.Сергіту сәті :
Түбір болып жасаймыз,
Қосымшасы мынадай.
Екі түрге бөлініп,
Шығып алды осылай,
Жұрнақ ,жалғау кәнекей,
Жасап көрші қайталай.
7.Топпен жұмыс:
1.Көп нүктенің орнына түбір сөздерді тауып қою.
1топ 2топ 3топ
жағу төгу ағу
...... жағады ... ... төгеді ......ағады
жағып төгіп ағып
2.Өзіңді –өзің тексер
1.Қосымша деген:
А.түбір жалғау
Ә.жұрнақ жалғау,
Б.түбір жұрнақ
2.Жұрнақ деген:
А.сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша
Ә. Сөздің мағынасын білдіретін қосымша
Б.сөз мағынасын өзгертетін қосымша
3.-лық, -лік жұрнақтарын дұрыс қосыңдар:
А.сән , ән
Ә.қала, әке
Б.дала, мектеп
4.Түбір сөзді табыңдар:
А.өнер, өнерлі
Ә.жарыс, табыскер
Б. іс,тіл
5.Мақалды аяқта:
Кітап –алтын ----------
А.қор
Ә.бесік
Б.қазына
3.Суретпен жұмыс:
Сурет бойынша мәтін құрастырып, оған ат қою.
8.Жұмбақтар шешу:
Бірі – ағаш кесу құралы,
Бірі – шырынды бал бұлағы
(Ара)
Санасаң,
Бір үйде төртеуі бар.
Қаласаң,
Ауызды өртейтін нәр.
(Бұрыш)
Жел соқса,
Жайқалып толқиды,
Ел оқыса,
Тұла бойың балқиды.
(Өлең)
Бірі – ыдысқа керек,
Бірі – жүріске керек.
(Аяқ)
9.«Адасқан сөздер»
Арыстан ---------- боздайды
Түйе --------------- мөңірейді
Жылқы ----------- ақырады
Қой ---------------- кісінейді
Сиыр -------------- маңырайды
10.Қорытынды: Ребус шешу
11.Үйге тапсырма беру: 5-жаттығу 19 бет, ереже жаттау 18 бет
12.Бағалау: оқушыларды сабаққа қатысқандары бойынша бағалап мадақтау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.