.
.
Сабақтың тақырыбы: «Түбір мен қосымшаның жазылуы. Қайталау «Түбір мен қосымшаның жазылуы. Қайталау сабағы.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1644 | Размер: | Автор: Нартай4540сабағы. 273-276 жаттығу».
Сабақтың мақсаты: Түбір мен қосымшаның жазылу заңдылықтарын
түсіндіру.
1. Білімділігі: қосымша жалғанғанда түбір сөздің өзгермейтінін, кейбір түбір сөздің жазылуы өзгеретінін меңгерту. Түбір сөз бен қосымшаны айыра отырып байланыстырып сөйлеуін жеңілдету. Жаңа технологияларға сүйене отырып, оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтау.
2. Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелілігі: сауаттылыққа, ұстамдылыққа, әдептілікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу.
4. Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, кестелер.
Сабақтың түрі: дамытушылық.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау.
Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
1-слайд. Туған тілім.
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім.
2-слайд. Қыс көрінісі.
Балалармен әңгіме.
II. Сергіту сәті.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Жаңа жауған қардаймыз.
Ақпыз, пәкпіз, тазамыз,
Біз білімді баламыз.
3-слайд.
4-слайд. Білім еліне саяхат. Білім еліне саяхатымыздың басы Мектеп аялдамасынан басталмақ.
III. Үй тапсырмасы. Ой шақыру.
5-слайд. Мектеп аялдамасында үй тапсырмасын тексеру.
6-слайд. Білгірлер аялдамасында сөз құрамы туралы білімдерін тексеру.
.
IV. Оқулықпен жұмыс. Қызығушылықты ояту.
7-слайд. 273-жаттығу. Сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін қойып жалғап көшіріп жаз. Өзгерген әріптердің астын бір, жалғаудың астын екі рет сызу.
8-слайд. 274- жаттығу. Көп нүктенің орнына негізгі түбір сөзді тауып жазу.
Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.
V. Сергіту сәті.
Кешірімді боламыз,
Жұлдыздай боп жанамыз.
Кішіпейіл боламыз,
Құстай қанат қағамыз.
9-слайд. Мергендер аялдамасының келесі тапсырмасы 275-жаттығу. Жұмбақты жазып, шешуін табу. Қарамен жазылған сөздің түбірін табу. Түбір сөздің өзгеру себебін түсіндіру.
10-слайд.
1. Оқу- білім бұлағы,
Білім- өмір шырағы.
2. Татулық- т абылмас бақыт.
3. Ақыл көркі- тіл,
Тілдің көркі- сөз.
4. Мен қазақ баласымын.
Бұтағы-бабасының,
Ұрпағы- атасының,
Шуағы- әжесінің,
Тұяғы- әкесінің,
Тілегі- анасының,
Тірегі- аасының,
Түлегі- даласының,
Дарытқан бар асылын
Мен- қазақ баласымын. (Е.Өтетілеуов)
Тапсырмалары: Мақал-мәтелдер мен өлеңдегі сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратып, олардың өзгеру жолдарына түсінік беру.
VI. Сабақты бекіту. Кубизм стратегиясы.
VII. Қорытындылау. Балаларды бағалау.
Үй тапсырмасы: 1. 276- жаттығу.
2. Сөз құрамы тақырыбындағы ережелерді қайталау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.