.
.
Ана тілі 2 сынып Түйе
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2692 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: Түйе
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі төрт түлік малдың ішіндегі түйенің ерекшелігіне тоқталу. Түйе – өте киелі жануар, оның еті де, сүті де адамға шипалы екенін түсіндіру.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.Түйенің пайдасы туралы білімдерін толықтыру.Тіл байлығын, ой-өрісін, іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелігі: Оқушыларды төрт түлікке деген құрметке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі мен жабдығы: Интерактивті тақта, төрт түліктің суреті, суреттер, тест тапсырмалары.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, топтастыру.
Типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Психологиялық дайындық.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Оқушыларға 6 жолды тақпақ айтқызу.
Кел,балалар,ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай сұрақ болса да,
Таппай оны қоймайық,
Екілікті алмайық.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Балалар ,үйге қандай тапсырма берілді?
- «Сиыр » өлеңін мәнерлеп оқу, оның пайдасын әңгімелеп айтып беру.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.Топтастыру стратегиясы .
Зеңгібаба еті
(пірі)
Бұзау терісі ( төлі )
«Әукім» жоңышқа
( шақыруы) (қорегі)
қаймақ
Сүті май
ірімшік
құрт
ІV.Жаңа сабақ. Жұмбақ шешу.
Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер – тамағы,
Шөлге шыдап бағады.
- Балалар, төрт түлік малға нелер жатады?
- Қой,ешкі, сиыр, жылқы,түйе.
-
Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі мал бағу. Өздерінің ең жақсы көретін балаларын сол түлік төлдеріне теңеуі де сондықтан.Мысалы: «Ботам», «Бота көзім» , «Құлыным» т.б деуі.Төрт түлік бізге кисек киім, ішсек тамақ, мінсек көлік екенін әрбір сабақта оқып үйрендік.
Мақал- мәтелдерді оқытып, мазмұнын түсіндіру.
-Ендеше, балалар, бүгін біз төрт түлік малдың бірі – түйе туралы жырды өтеміз .
Түйе - Шөл мен аштыққа шыдамды. Ыстық – суыққа төзіп, ұзақ жүрісте қажымайды.
«Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деп ұрандаған қызыл өкімет тұсында өркешті жануарлар елімізде азайып кеткен. Түйе бағуды тиімсіз деп тапты ма кім білсін бертіндегі колхоз-совхоз тұсында да бұл түліктің саны соншалықты көбейе қойған жоқ. Ал, осы күні елімізде 150 мыңдай ойсыл қара тұқымы өрісте жүр. Маңғыстау, Қызылорда секілді облыстарда түйе шаруашылығы ертеден тамырланып, қазірде іргелі қожалықтар жұмысын жүйелі жүргізіп отыр.
Айыр түйе, қос өркеш – түйе тұқымының бір түрі.
Аруана - сыңар өркеш түйе.
Айыр түйеден гөрі ыстыққа төзімді, сүті де мол (екі-үш есе), бірақ жүні аз болады төзімді келеді. Аруана Қазақстанда Атырау облысында ғана өсіріледі.
Желмая – жалғыз өркеш түйенің (нардың) жүйріктігіне байланысты аңызға айналған түрі. Қазақ аңызында өмір бойы «Жерұйықты» іздеп өткен халық мұңшысы Асан қайғының көлігі. Дана қарт желмаяға мініп, жетпіс жыл жаһан кезген деседі. Шөл мен аштыққа қырық күн шыдаған. Ыстық – суыққа төзіп, ұзақ жүрісте қажымайтын мықты болғаны үшін, халық желмаяны «қара жердің қайығы» деп атап кеткен.
Мал өсірсең түйе өсір, пайдасы оның көл-көсір – демекші күніне 40-50 шақырым жүрмесе қаны тарамайтын ойсыл қара негізі екі жылда бір боталайды. Дегенмен күтімін тапса өзге түліктер секілді өсімтал. Пайдасы шаш етектен.
-Балалар, түйе сүтін не деп атайды?
-Шұбат.
- Түйе етiнен өндiрiлген бұл сусын қазақ аспаздығында кеңiнен қолданылады. Өзiнiң биологиялық құрамы бойынша тек қана нәрлi және дәмдi азық қана емес, сондай-ақ А, В1, В2, С витаминдерiнiң көзi. Мысалы, В1, В2 витаминдерi бойынша түйе сүтi сиыр сүтiнен асып түседi.
Төрт түліктің ішінде түйе сүті бар керегіңе жарайды, құрт-май, балқаймақ алынады, ірімшік жасалады, шұбат ашытылады. Сосын бір ерекшелігі – інген-мая 15-16 ай бойы сауылады. Сүті шайды жақсы үйіреді. Ал шұбаты дертке шипа, емдік қасиеті мол аса пайдалы тағам.
Түйенің терісінен таспа, қайыс жасаған. Негізі түйе түбіті мен шудасы тоқыма өнеркәсібі үшін таптырмайтын шикізат. Маң даланың маңғаз жануарының жүні киім болғанда еті ем, шұбаты шипа.
Көрпе
Жүні шекпен
тоқыма киімдері
шекпен
-Балалар, түйенің төлін қалай атайды?
- Бота.
-Түйе атасын атаңдаршы?
- Ойсылқара.
- Түйені қалай шақырады?
- Көс-көс.
-Түйе қандай шөпті жақсы көреді?
-Жантақ, алабота, ащы қурай.
Оқулықпен жұмыс.
«Түйе» жырды түсініп, мәнерлеп оқу. Парта бойынша оқыту.
Түйенің пайдасын сызбаға түсіру:
Түйе жүнінен істелетін бұйымдар: Түйе сүтінен әзірленетін тағамдар: Түйе терісінен істелетін бұйымдар:
1. 1. 1.
2. 2. 2.
3. 3. 3.
4. 4. 4.
V. Сабақты бекіту.Мақал- мәтелдерді оқытып, мағынасын түсіндіру.
* Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы.
* Аттың атағы, түйенің табаны үлкен.
* Бір түйенің екі өркеші, бірі кетсе – күші жоқ, Бір биенің екі емшегі, бірі кетсе – сүті жоқ.
* Түйе қашып, жүктен кете алмас.
* Түйе көп болса, жүк сыймайды.
* Түйе өлген жерде жүк қалады.
Тест тапсырмалары:
1. Түйе баласын қалай шақырады?
А) Пұшайт-пұшайт
Ә) Көс-көс
Б) Құрау-құрау
2.Түйе не істейді?
А) Кісінейді
Ә) Мөңірейді
Б) Боздайды
3. Түйе атасы кім?
А) Шопаната
Ә) Қамбарата
Б) Ойсылқара
VІ.Үйге тапсырма:
«Түйе» жырды түсініп, мәнерлеп оқу.
Аты-жөні : Әзиза Әбілбашарова Әбілпаттақызы.
Жұмыс орны : Қызылорда обл Жаңақорған кенті
№51.М.Қаратаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.