.
.
Пәні Ана тілі 2-сынып Түйе
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2397 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: Түйе
Сабақтың мақсаты: Білімділік . Қазақ халқының ең қадірлі малы түйенің ерекшелігіне тоқталады.Оның еті,сүті ,жүнімен қатар, күш көлігі ретінде қолданылатынын түсінеді.
Дамытушылық: Оқушылар сөздік қорын молайтады,мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіреді,төрт түлік туралы түсініктерін кеңейтеді.
Тәрбиелілік: Топпен жұмыс жасай біледі, бір-бірін сыйлайды, көмектеседі.
Күтілетін нәтиже Өз беттерінше ізденеді.. Төрт түлік малды құрметтеуге үйренеді. Дүниетанымы кеңейеді, пәнге деген қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеттері дамиды.
Сілтеме Оқулық 56-58 беттер
Сабақта қолданылатын материалдар: 1.Стикер
2.Суреттер
3.Жетондар
4.Смайликтер
Оқыту әдістері: СТО
Оқыту үшін бағалау 1.жұппен жұмыс
2.топтық жұмыс
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі Даланың көркі –мал,
Өзеннің көркі-тал.
Бүгінгі біздің сабақта
Жырланады төрт түлік мал.
Төрт топқа суреттер арқылы бөлінеді. «Ойсылқара», «Зеңгібаба», «Қамбар ата», «Шопан ата»топтары болады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Сиыр» өлеңін әр топтан жатқа сұрау. «Сиырдың сүті-тілінде»тақырыбына жазған шығармалары талданады.
Мақсат қою кезеңі Төрт түлік атауларына жұмбақтар шешу
1.Қамыс құлақ,тостаған тұяқ
Мінсең қанат,сүті-дәрі,еті-тамақ.(жылқы)
2.Екі айнасы бар,екі найзасы бар (сиыр)
3.Басында таяғы бар,иегінде сақалы бар (ешкі)
4.Үстінде екі тауы бар,
Кезікті бір жануар (түйе)
ІІІ. Жаңа сабақ Ой қозғау.
-Түйе туралы не білеміз ?Оқушылар өз ойларын айтады.
(Слайдтан көрсету)
Түйе-киелі жануар.Ол 40 күн аштыққа ,шөлге шыдайды.Оның басқа түліктерден тағы бір ерекшелігі екі жылда бір рет боталайды.Ол ботасын он екі ай көтереді.Сүті дертке дауа. Біздің Маңғыстауды түйенің шұбатымен емдейтін «Тұщыбек »санаторийі бар.Түйенің жейтін шөбі-алабота,жантақ,теріскен.Түйенің үш түрі бар.Олар:інген,аруана,нар.Інген екі өркешті болады.Аруана –сыңар өркешті ,сүті мол түйе.Түйенің төлі-бота.Ол сүйкімді жануар.Сондықтан аналарымыз өз баласын ботам,ботақаным деп еркелеткен.Қыздарына Ботакөз,Ақбота деген есімдерді қойған.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс 1-топ Мақал-мәтелдерді оқып мағынасын түсіндіреді.
2-топ Өлеңді мәнерлеп оқиды.
3-топ Суретпен жұмыс
4-топ Түйенің пайдасын сызбаға түсіреді
Ү. Сергіту сәті «Қай төл қалай дыбыстайды ?»Мұғалім әр төлдің атын атағанда оқушы сол төлдің дыбысын салады.
ҮI.Топтық тапсырмалар
«Сәйкестендір» -шығармашылық жұмыс
«Ойсылқара»тобы Түйенің пайдасы туралы жазады және мақал-мәтел айтады.
«Қамбар ата» тобы жылқының пайдасына тоқталады.
«Зеңгібаба» тобы сиырдың пайдасы туралы айтады.
«Шопан ата» тобы қойдың пайдасын айтады.
Төрт түліктің пірлері
Ойсылқара жылқы
Шопан ата сиыр
Зеңгібаба қой
Қамбар ата ешкі
Сексеката түйе
Төрт түліктің төлдері
Жылқы бұзау
Түйе қозы
Сиыр бота
Қой лақ
Ешкі құлын
Қай түліктің сүтінен жасалады ?
Қымыз түйе
Айран жылқы
Шұбат сиыр
Қай түліктің аталығы ?
Түйе айғыр
Сиыр қошқар
Жылқы бура
Қой теке
Ешкі бұқа
ҮІII. Қорытынды Не білдік ?
-Түйе сүтінен не жасалатынын білдік .
Қай түліктің аталығы екендігін білдік.
-Түйенің жүнінен не жасалатынын білдік .
IX. Үй тапсырмасы Өлеңді жаттау. «Түйе-шөл кемесі» деген тақырыпқа шағын әңгіме жазып келу.
X. Бағалау Смайликтер арқылы бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.