.
.
№27 орта мектеп Түйе
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3089 | Размер: | Автор: Нартай4540Өткізген: Тұржаубай Ж.
2 «Ә» сынып
Сәтбаев қаласы
Сабақтың тақырыбы: Түйе
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың төрт түлік туралы білімдерін пысықтай отырып, төрт түліктің төресі түйе туралы мағлұмат беру.
2. Тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаштар айтқызу арқылы оқушылардың тілдік, сөздік қорын байыту. Қызығушылығын ояту.
3. Төрт түлік туралы нақыл сөздер айтқыза отырып, оларды құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сызба, схемалар, суреттер, итерактивтік тақта.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, оқулықпен, тақтамен жұмыс.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Психологиялық дайындық.
Оқимыз,үйренеміз,жалықпаймыз,
Білімнің шыңына біз шарықтаймыз.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. 3,4 оқушыдан «Сиыр» жырды жатқа айтқызу.
2. Хормен айтқызу
Сұрақтар:
3. Жырға сүйене отырып сиырды сипаттау
4. Сиырдың пайдасы туралы әңгімелету.
ІV. Қызығушылығын ояту.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күзде адамдар қандай жұмыстар істейді?
- Малдың шөбін дайындайды.
- Төрт түліктің адамға қандай пайдасы бар?
-Төрт түлік малдың етін,сүтін тағам ретінде,жүнін,терісін киімге тұтынады және көлік ретінде пайдаланады.
Топтастыру стратегиясы.
еті
терісі жүні
сүті
V. Жаңа сабақ
Мына жұмбақты шешсеңдер бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.
Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер – тамағы,
Шөлге шыдап бағады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Сурет бойынша түйені таныстыру.
Төрт түліктің төресі – түйе. Түйе – таптырмас көлік. Оның еті-тамақ, шұбаты – сусын, жүні-киім. Түйе шөлге өте төзімді. Ол қос өркешті және сыңар өркешті болады. Сыңар өркешті түйені «нар» деп атайды. Түйе екі жылда бір боталайды.
VІ. Оқулықпен жұмыс.
1. Мақал мәтелдерді оқыту, мағынасын ашу.
2. Жырды оқып шығу.
3. Хормен оқыту.
4. Сурет бойынша Жырға сүйеніп, сұрақтарға жауап беру.
- Түйенің төлін қалай атайды? Сүтін ше?
- Түйенің жүрісі туралы не деуге болады?
- Шудасы туралы ше?
- Түйе қандай шөптерді жақсы көреді?
- Түйенің қандай пайдасы бар?
- Төрт түліктің атасын атаңдар?
VІІ. Дәптермен жұмыс.
1. Төрт түліктің – атасы
Қой атасы – Шопаната,
Жылқы атасы – Қамбарата,
Ешкі иесі – Сексеката,
Түйе атасы – Ойсылқара,
Сиыр иесі – Зеңгібаба.
2. Төрт түлік туралы тақпақтар айтқызу.
Кім тапқыр?
Қай мал қайтеді?
Түйе боталайды., боздайды
Сиыр бұзаулайды., мөңірейді
Қой қоздайды., маңырайды
Жылқы құлындайды., кісінейді
VІІ. Сабақты бекіту. ойсылқара
бота көрпе, төсек
түйе шұбат
шөлге шыдамды
VІІІ. Оқушыларды бағалау Үй тапсырмасы.56-57 бет жаттау, сызбаны толтыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.