.
.
Ана тілі Түйе мен тышқан (монғол ертегісі)
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1831 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: Түйе мен тышқан (монғол ертегісі)
Сабақтың мақсаты : 1)Білімділік: Ертегінің мазмұны мен идеясын ашу; Мүшел туралы түсінік беру;Балаларды талдау ,талқылау, салыстыру және қорытынды жасауға үйрету;
2)Дамытушылық:Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорларын байыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту;
3)Тәрбиелік: Еңбекшілдікке , іскерлікке тәрбиелеу
Көрнекіліктері: «Қазақша жыл санау» кестесі, слайдтар, «Балық» кескіні, «Күн шұғылалары» кестесі
Әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, салыстыру
Түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Дүниетану,математика
Сабақтың жоспары :
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сергіту сәті. «Отаным»әні
ІІІ. Жаңа сабақ
а)Жұмбақтар шешу
ә)Топтастыру
б)Мәтінмен жұмыс. Мұғалімнің оқуы
Оқушыларға оқыту
Талдау
Сахналау
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
1) Ойын «Сөзді тап»
2) Ойын «Балық»
V. Қорытындылау.Бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Сәрсенбінің сәті
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын !
Мақсат қою. Әрбір адам қандай іске кіріссе де , ісі сәтті аяқталғанын қалайды. Бүгінгі сабағымыз сәтті болуы үшін мынандай мақсаттар қояйық: тыңдай білу, салыстыру, бір жүйеге келтіру , талдау, қорытындылау. Сендер мақсаттарыңа жеткілерің келе ме? Ендеше сабаққа жақсы , белсенді қатысайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Ал, балалар үйге қандай тапсырма берілді ?
ІІІ. Сергіту сәті. Ән «Отаным»
ІV. Жаңа сабақ. Отанын сүйетін азамат болып өсетіндеріңе сенемін.Сонымен біздің Отанымыз- ҚР. Біз басқа елдермен достық карым-қатынастамыз. (1-2 желтоқсанда Астанада өткен ЕҚЫҰ(ОБСЕ) саммиті соның айғағы.) Сондай дос елдің бірі- Монғолия.Біз бүгін монғол ертегісімен танысамыз. Мына жұмбақтарды шешіп көріңдер. (Тышқан мен түйе туралы)
1) Жұмбақтар шешу
2) Топтастыру. Түйе мен тышқан туралы не білесіңдер?
3) Мәтінмен жұмыс
-Ертегіні оқып беру
-Оқушыларға іштерінен оқыту
-Дауыстап оқыту
-Талдау. –Сонымен ертеде адамдар әр жылды нелердің атымен атауды ұйғарыпты? Олар неше жылға атаулар берген?(Олар қандай атаулар , кәне , кім біледі екен?) Ал 12-жылдың атауына нелер өз аттарын ұсынған? Олар бір-бірімен қалай айтысты деп ойлайсыңдар? Ал адам мәселені қалай шешіңдер деген?Ал түйе мен тышқан не деп келісті? Тауып оқы.
Түйе не істеді? Ал тышқан ше ? Күннің ең алғашқы шапағы таулардың шыңдарына түскенде не болды? Неге тышқан бірінші көрді? Ал ұтылған түйе не істеді ? Содан бері түйе күлді көрсе не істейді екен? - Сонымен түйе неге жыл атына ие болмай қалған екен?
Ертегіні сахналау
ІV.Бекіту.
1) «Сөзді тап» ойыны
Бойыңа сенбе, ... сен (дәптерге жазу)
Қарманған қарап ... (Еңбектенген адам берекелі болады.)
12 жыл – бір ... (Мүшел –уақыттың өлшем бірлігі. Адамның жасын мүшелмен есептеген)
2)Қазақша жыл санауды оқыту. Тышқан, сиыр, барыс,қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз
«Жатқа біл» өлеңін оқыту, жаттау алудың керектігін ұғындыру
Түйе сеніп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап , мойыма,
Талма , именіп ділмардан.
С.Мұқанов
3)«Балық » ойынын ойнайық. Балықтың денесіне жыл атауларын ретімен жазып шыққан катар жеңімпаз болады. Кәне, кім жылдам екен?
V. Қорытындылау. Сонымен , балалар бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер ?
Бағалау.
Үйде ертегіні оқып, әңгімелеу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.