Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Түлкі мен тырна
Мақсаты: 1.Ертегі туралы түсінік беру
2.Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беруге үйрету арқылы сөздік қорын
Дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
3.Жануарларға деген сүйіспеншіліктерін, қамқорлық сезімдерін қалып-
Тастыру, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Түлкі мен тырнаның, жабайы аңдардың суреттері, үйдің макеті.
Әдіс - тәсілдері: Көрсету, сұрақ – жауап, түсіндіру.


Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің
іс- әрекеті
Балалардың
іс- әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы

Біздің топтың ұл –қыздары тату - тәтті
ойнайды. Әлемдегі бар адамға тек жақсылық ойлайды.

Балалар бүгін бізге аңдар қонаққа кел-
ген екен. Осы аңдардың қай ертегі кейіпкерлері екенін табуымыз керек.
«Мен қай ертегіденмін?» ойыны
Қасқыр Жеті лақ т.б.
Аю Маша мен аю
Қырғауыл Түлкі мен қырғауыл
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Бәріңізді құрметтеп
Бас иеміз біз!
Іздену ұйымдастырушы

Суретпен жұмыс
Балалар мен сендерге жабайы аң мен
құстың суретін әкелдім.Бұл қандай
пен аң деп ойлайсыңдар? Түлкі сөзі
қандай дыбыстан басталып тұр?
Т дыбысын дыбыстату арқылы дауыс-
сыз дыбыс екенін тапқызамын.
Түлкі сөзі буынға бөлінеді.
етпен біздің жерімізде
қоректенеді кездеседі
ТҮЛКІ
жабайы аң қу айлакер

төрт аяқты

Тырна сөзінің қандай дыбыстан басталып тұрғандығы сұралып, тырна сөзі буынға бөлінеді.
Құс сулы жерде
мекендейді
ТЫРНА
екі аяқты тұмсығы ұзын

қауырсыны,
қанаты бар

Олай болса біз «Түлкі мен тырна»
ертегісімен танысамыз.

Кітаптың беті ашамыз.
Ертегі оқылып, ертегі бойынша сұрақтар қойылады.
1. Түлкінің іс -әрекеті дұрыс па?
2. Түлкі тамақты қонағына қандай ыдыспен берді?
3. Тырна түлкіге қалай жауап берді?
Балалар біз осы ертегіден көріністі
тамашалайық.
«Түлкі мен тырна» ертегісінен көрініс
Көрсетіледі.

Түлкі мен тырнаға арнап ыдыстарды
құрастырайық.

түлкі тарелка
тырна құмыра

Сергіту сәті
«Аңдар мен құстар» ойыны
Аңдар мен құстардың аты аталады.
Балалар олардың аң немесе құс екенін
ажыратады.

Біз осы түлкі мен тырна туралы қандай жұмбактар, жаңылтпаштар,
тақпақтар, ертегілер білеміз?
Жаңылтпаш
Көп тырна
Көп тырна
Тыраулап тек
Көп тұрма

Жұмбақ
Өзі бір қу
Жүрген жері айқай да шу
(түлкі)
Түлкі
Түлкі деген қу өткен
Жүрген жерін шу еткен
Түздің жылпос бұл аңы
Артында көп ылаңы.

Тырна
Сирағы ұзын тырнамын
Тырнағы ұзын тырнамын
Балықты сүзбей
Ұстаймын шоқып
Тұмсығы біздей тырнамын.


Берілген сұрақтарға жауап
Береді.


Түлкі туралы әңгімелейді.

Тырна туралы әңгімелейді.

Түлкі мен тырна ертегісін
тамашалайды.

Берілген сұрақтарға жауап
береді.

Оқушылар ыдысты құрастырады

Ойынға қатысады

Балалар өздерінің білетін
жұмбақтарын, жаңылтпаштарын айтады
Рефлексивті коррекциялаушы

Венн диаграммасы

түлкі тырна
жабайы тірі жабайы
аң табиғат құс

Балалар біз «ертегілер» әнін тамаша-
лайық Ән: Ертегілер


Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме береді.
Түсінігі: Ертегі мазмұны туралы түсінік алады.
Көрсете білуі: Ертегі кейіпкерлерінің қимыл –қозғалысын , іс-әрекетін көрсетеді, рөлдерде қызыға
ойнайды .
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.