.
.
М.Әуезов атындағы №20 жалпы орта білім беру мектебі Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Әліппеге мың алғыс!»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1986 | Размер: | Автор: Нартай4540Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Әліппеге мың алғыс!»
Дайындаған: Едилова Жанылсын
Ақтау қаласы
«ӘЛІППЕГЕ МЫҢ АЛҒЫС !»
Мұғалім: Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар,келген қонақтар! Бүгін сіздер 1-сынып оқушыларының әліппемен коштасуға арналған ертеңгілігіне жиналып отырсыздар.Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап,бетін ашқан оқулығы- Әліппе.Бұл кітап ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы.Осы әліппе оқулығы арқылы біздер 42 әріпті меңгеріп,енді одан әрі үлкен-үлкен биік шыңға көтерілмекпіз.Олай болса,оқушылар сіздерге әліппені қалай оқып меңгергендерін,қалай есептеп,қалай жаза алатынын,жұмбақ,жаңылтпаштарды қалай шешіп,айта алатындарын көрсетпек.Ендеше,мерекемізді бастайық.
1«З» сынып оқушылары (аттары аталады)
Күй ойналып тұрады.Оқушылар жұп-жұбымен сыныпқа кіреді.
1-оқушы: Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін міне салтанат
Оқулықпен достаспақ,
Әліппемен қоштаспақ.
Ой білімі жаңғырмақ
Әліппеден мәңгілік
Әріптерді таныған
Өңкей білгіш балдырған.
Құтты болсын тойларың!
2-оқушы: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар,қасиетті аналар!
3-оқушы: Мен бүгін бұрынғыдан саналымын
Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім
Дәптердің жазылмаған ақ парағы
Ақ көйлектей жеті жасар балалығым!
4-оқушы: Мектеп-кеме,білім-теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім қолда.
5-оқушы: Қадірлі мектеп,бұл мектеп,
Оқыған ата-анамыз.
Атыңды сенің құрметтеп,
Әрқашан еске аламыз.
Хор: «Мектебім»
Мұғалім: Жеміске құты тола ма,
Бір-бірлеп теріп алмасаң?
Әп-сәтте шыға қоя ма,
Еккен дәнің ойласаң?
Білім де сондай, қарағым
Біртіндеп сіңер ойыңа,
Ұғып ал білім боларын
Шам-шырағың жолыңда...
- деп ақын М.Әлімбаев ағамыз жырлағандай,бұл білімнің,ғылымның алғашқы жолы ғана.
Оқушылар хормен: Біз «Әліппені» бітірдік.
Мұғалім: - Ия,бітірдіңдер,қазір біз Әліппені ортаға шақыртып,оған арналған өлеңдерімізді айтып шығарып салайық.
Әліппе: - Балалар, сендер мені оқып,бітірдіңдер, әріптерді жақсы меңгердіңдер. Енді сендер менімен қоштасасыңдар,әрі қарай білім беретін мына «Ана тілі» болады, оны да жақсы оқыңдар.
Ана тілі: - Сәлематсыңдар ма,балалар?!
Оқушылар: - Сәлематсыз ба, «Ана тілі»?!
Әліппе: - Міне, сендерді де таныстырдым, сендерге сәт сапар тілеймін! Сабақтарыңды жақсы оқып,мұғалімдеріңді, ата-аналарыңды қуанышқа бөлеп жүре беріңдер! (Әліппе кетуге ыңғайланады).
6-оқушы: Әліппем,менің әліппем,
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
7-оқушы: Қош бол,құтты әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
8-оқушы: Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі.
Соғылған сомдар алтыннан
Әліппе - білім бесігі!
9-оқушы: Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес,ауыр жол.
Тырмысып бақ намысқа.
Хор: «Әліппе»
10-оқушы: Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
11-оқушы:Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?!
Ұстазым оның кілтін алып берді.
12-оқушы:Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Хор: «Әліппемен қоштасу»
Балалар хормен: Әліппеге мың алғыс! Хош,сау болыңыз,Әліппе!
Әліппе: Рахмет,сау болыңдар!
13-оқушы: Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық, тойладық.
Мұғалім: -Балалар,жаңа сендерге «Әліппе» оқулықтарың енді «Ана тілін» оқитындарыңды айтып,таныстырған болатын. «Ана тілімен» бірге «Математика» оқулығы да келіпті. Енді оқитын оқулықтарымыз не айтпақ екен,соларды тыңдайық.
Ана тілі: -Балалар,енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты ертегілер,әңгімелер арнаймын,тек сендер ынта қойып,мені ұқыпты оқысаңдар,көп нәрсе үйренесіңдер.
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәнімін.
14-оқушы: Ана тілім - болашақ келешегім,
Сен арқылы биікпен теңесемін.
Өлең жазып,ой толғап өз тілімде,
Шыңға қадам басамын мен өсемін.
15-оқушы: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Мұғалім: -Енді математика пәніміз бізге не айтпақ екен,соны тыңдайық.
Математика: Есептеуге жүйрік болғын жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан
Досың солар табылатын қасыңнан
-Балалар,мен сендерге санауды,есеп шығаруды,математикалық жұмбақ шешуді үйреттім.Мені қалай меңгергендіктеріңді сынап көрейін деп сендерге біраз математикалық жұмбақтар әкеп отырмын.Тыңдап,шешуін табыңдар.
Оқушылар жұмбақтардың шешуін табады.
Математика: Жарайсыңдар,сендерге рахмет.Сабақты жақсы оқитын оқушы болыңдар.
Мұғалім: Ия,сабақты жақсы оқумен қатар тәртіпті,әдепті болуымыз қажет.
Әдептілік жөнінде не білеміз?
-Мақсат құрмай алдыңа,қыдырып құр қаңғыма.
-Асықпай іш тамақты,жалама ыдыс,табақты.
-Қарсы ал ерте күн көзін,төсегіңді жина өзің.
-Құр бекерге қылтима,болмашыға бұртима.
-Салма аузыңа инені,үзбе жұлып түймені.
-Сыйлап үлкен кісіні,қамқорлыққа ал кішіні.
-Әдет қыл бұл ісіңді, тазалап жүр тісіңді.
-Сақта көше тәртібін,бағдаршамның ал тілін.
Би: Жалқаубек әніне билеу.
Мұғалім: -Әдепті бала қандай болу керек?
-Сыйлап үлкен ағаны,сәлем берген баланы кім дейміз?
Хормен:Әдепті екен бұл дейміз.
-Кітап,дәптер,қаламы
Кір шалмаған баланы кім дейміз?
Хормен:Ұқыпты екен бұл дейміз.
-Таудай биік талабы,жақсы оқитын баланы кім дейміз?
Хормен:Үлгілі екен бұл дейміз.
Мұғалім: -Біз әр сабақта жақсы сөздермен танысамыз.Әдептілікке үйренеміз.Егер сендер осы күннен әдепті болып өссеңдер,есейгенде ата-аналарыңның,өз Отаныңның мақтанышына айналасыңдар.
16-оқушы:Отан -менің ата-анам,
Отан-досым,бауырым,
Отан-өлкем,астанам,
Отан-туған ауылым.
17-оқушы:Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар,қалан.
18-оқушы:Шай ішетін қоюлап,жақсы көрем атамды,
Сырмақ сырған оюлап,жақсы көрем апамды.
Ойын: «Аққала» құрастыру. (Бөліктердің артында жазылған тапсырманы орындау, мақал-мәтел,жұмбақ,жаңылтпаш айту)
19-оқушы: Күндерге күн ұласты,
Жылжып-жылжып жыл асты.
Ойдағыдай оқимын
Мен бірінші класты.
20-оқушы: Айгөлек-ау,айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Айдай толған кезімде
Би билеймін дөңгелеп.
Би: «Айгөлек»
Хор: «Мұғалім - ол біздің»
Мұғалім: -Балалар,сендердің әліппені жақсы меңгеріп,сауатты оқуларыңа ата-аналарыңның,әжелеріңнің қосқан үлесі мол.Кәне,бәріміз рахмет айтайық.
Оқушылар хормен: Бақытты балалық шағымыз үшін рахмет, сіздерге,ата-аналар!
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Ән: «Бала тілегі»
Мұғалім: -Қымбатты,балалар!Мектептегі алғашқы жеткен жемістеріңмен құттықтаймын! Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ,сендерді бір-біріңмен дос болуға,мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті.Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.