.
.
1 Тұрмыстық заттар туралы жұмбақтар
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5351 | Размер: | Автор: Нартай4540Тұрмыстық заттар туралы
Жайлаған дүниені бір ғажайып,
Тік көтеріп отырар адамдарды.
(Орындық)
Ә, керемет, бір ит бар,
Үй бағады, үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Темір тықсаң сөйлейді.
Тілін адам білмейді.
Рұқсатсыз ол иттен, Адам үйге кірмейді.
(Құлып)
Қарап тұрсаң өзіне,
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды
Дәл қазіргі кезіңе.
(Айна)
Жылмаң-жылмаң етеді,
Жылмаңдап сайдан өтеді.
Із-міз тастап кетеді.
(Ине)
Бас-аяғы теп-тегіс болып біткен,
Селкілдесе денесі дір-дір еткен,
Өзіне қандай жуан кез келсе де,
Күшімен қақ айырып бөліп кеткен.
(Темір арба)
Әншейінде жекесің,
Қарай қалса екеусің.
(Айна)
Ерте тұрдым,
Алып тұрдым.
(Есік)
Бес ін, бес іннің
Аузы бір ін.
(Қолғап)
Ерте тұрдым, керек қылдым,
Қажетімді өтеп алып,
Босағаға тастадым.
(Кебіс)
Қуаты ыссы керемет,
Үйге лебін жаяды.
(Пеш)
Жаңа табақ түбі тесік,
Тақ-тақ етті,
Астынан ақ керуен өтті.
(Елеуіш,ұн)
Күндіз де жүреді,
Түнде де жүреді,
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Не жүрген жолы жоқ.
Ол не, кім біледі?
(Сағат)
Шыр-шыр етеді,
Құлағыңнан өтеді.
Ұстай алсаң,
Сөйлеп кетеді.
(Телефон)
Менің үш көзім бар.
Бір көзім: «Кідір!» дейді,
Бір көзім: «Жүгір!» дейді,
Бір көзім: «Абайла!» дейді
«Қарап ал, маңдайға!» дейді.
(Бағдаршам)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.