.
.
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік Төрт түлік
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2122 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: балаларға ата кәсіп туралы, олардың өмір салты жөнінде ұғым бере отырып, халқымыздың табиғатқа, жан-жануарға деген қарым-қатынасының тәрбиелік жағына көңіл бөлу.
2. Дамытушылығы: төрт түлік туралы өлең-жыр, мақал-мәтелдер, таным сөздер арқылы, ойындар арқылы танымын, ойын дамыту.
3.Тәрбиелігі: еңбекқорлыққа, әдет-ғұрыпқа, іскерлікке, төрт түлікті қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: төлт түлік малдар, төлдер суреті, қималар, АКТ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың түрі: дамытушылық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу.
Әдепті елдің баласы,
Иіліп сәлем береді.
Айдай арайлап,
Күндей жайнап,
Жұлдыздай жарқырап,
Бүгінгі күнді қарсы алайық.
Сәлем саған, Жер ана!
Сәлем саған, нұрлы күн!
Аман-есен болайық.
Бейбітшілік қалайық!
ә) Психологиялық көңіл-күйлерін орнықтыру.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
Қандай айлар, ата?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-Үйге қандай тапсырма берілді?
ІІІ. Жаңа тақырып
1. -Балалар, сендерді аналарың, әжелерің қалай еркелетеді?
-Сендерді не үшін төлдерге теңейді?
-Кім бізге төрт түлік малды атап береді?
-Балалар, енді кім төлдерін атап береді?
2. -Балалар, бүгін біз төрт түлікке байланысты Ескен Елубаевтың «Төрт түлік» атты өлеңімен танысамыз.
3. Кіріспе сөз.
4. Оқулықпен жұмыс. (Музыка) «Төрт түлік».
Ұстап жүрсе жүгенді,
Жылқышы деп біл оны,
Қолда жүрсе көгені,
Мен қойшымын дегені.
Ұстағанды бұйданы,
Сиыршы деп біл дағы.
Ұстағанды ноқтаны,
Түйеші ғой деп таны.
Жылқышыға келесің,
Ұзын құрық көресің.
Түйешіге келесің,
Түйе жүн шекпен көресің.
Жылқышының қымызын,
Іш сусын қып күнұзын.
Түйешіден шұбатты,
Сімір, ол ас қуатты.
Сиыршының айранын,
Жұт кілегей, қаймағын.
Қойшы берер құлақты,
Құйрық, бауыр, сирақты.
Ел құты-төрт түлік мал,
Баққандарды біліп ал.
Ескен Елубаев.
-Жүген, көген, ноқта, бұйданың иесі қандай малдар?
5. Топқа бөліну.
І топ- Ботақандар.
ІІ топ- Құлыншақтар.
ІІІ топ- Бұзауқандар
ІV топ- Қошақандар.
6. Зерде бөлімі.
1) Әр топқа топ басшысын сайлап алу.
2) Топ басшылары өз топтарының атын қорғап шығу.
І топ Түйенің ерекшелігі, пайдасы туралы.
ІІ топ Жылқының ерешелігі, пайдасы туралы.
ІІІ топ Сиырдың ерекшелігі, пайдасы.
ІV топ Қойдың пайдасы ерекшелігі.
7. Бәйге кезеңі.
Әр топқа тапсырмалар.
І топ. Ботақандар тобы.
1. Түйе жасына қарай қалай аталады?
2. Түйенің сүті қалай аталады?
3. Түйенің жүнінен нелер жасалады?
ІІ топ. Құлыншақтар тобы.
1. Жылқы жасына қарай қалай аталады?
2. Жылқының сүті қалай аталады?
3. Жүйрік аттарды қалай атайды.
ІІІ топ. Бұзауқандар тобы.
1. Сиырдың сүтінен жасалатын тағамдарды ата?
2. Сиырдың етінен жасалатын тағамдарды ата?
3.Жасына қарай сиыр қалай аталады?
ІV топ. Қошақандар тобы.
1. Қойды жасына қарай қалай атайды?
2. Қойдың жүнінен нелер дайындалады?
8. Сергіту сәті.
9. Поэзия минуты
«Төрт түлік» өлеңін мәнерлеп оқып шығу.
10. Жорға кезеңі.
Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.
1. Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.
2.Қой тілегі амандық,
Бөрі тілегі жамандық.
3. Малды бақсаң сиыр бақ,
Сүт кетпейді шарадан.
4. Малдың жайын баққан білер,
Оттың жайын жаққан білер.
11. «Сыр сандық» бөлімі.
І топ Шығарма жазу.
«Төрт түлік пайдасы».
ІІ топ. Венн диаграммасын құру.
(Түйе мен жылқының ерекшеліктерін салыстыру).
ІІІ топ Төрт түліктің аталарын (пірлерін) жаз.
VІ топ. Өлең құрастыру
12. Ән «Қошақаным»
ІV.Қорытындылау
1. Бағалау.
2. Үйге тапсырма.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.