Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Төрт түлік туралы жырлар. Түйе. -

Төрт түлік туралы жырлар. Түйе.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2341 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Ашық сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар. Түйе.
Сабақтың мақсаты:1. Білімділігі:
Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі төрт түлік малдың ішіндегі түйенің ерекшелігіне тоқталу. Оның еті де, сүті де адамға шипалы екенін түсіндіру.
2. Дамытушылығы:
Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Түйенің пайдасы туралы білімдерін толықтыру, тіл байлығын, ой өрісін, іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелігі:
Оқушыларды төрт түлікке деген құрметке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі мен жабдығы:интерактивті тақта, төрт түліктердің суреті, суреттер, тапсырмалар, ойын түрлері.
Әдісі:сұрақ–жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, ой–қозғау, шығармашылық жұмыс, пікірлесу, әңгімелеу.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Психологиялық дайындық
Білем деме, балам,
Білмейтінің көп шығар
Бәрін білген адам,
Дүниеде жоқ шығар.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ үй тапсырмасын сұрау
Үйге қандай тапсырмалар берілді?
Қазақ халқының ұлтттық ойындары өте көп. Сендер қандай ұлттық ойындары білесіңдер? Бүгін біз «Бәйге» ойыны арқылы үйге берілген тапсырманы тексеріміз.
Берілген сандарды таңдау арқылы сан артындағы сұрақтарға тез мүдірмей жауап беру керек? Ойын «Бәйге».
30 санының сұрағы: «Сиырдың сүтінен қандай тағамдар әзірленеді?»
10 санының сұрағы: «Сиырдың төлі қалай аталады?» «Сиыр атасы қалай аталады?»
60 санының сұрағы:Сиырдың пайдасы туралы әңгімеле.
40 санының сұрағы: – мына сөздердің жалғасын тауып айт. Мүйізі........., мұрны.............
50 санының сұрағы: Сиыр малын қалай шақырады?
20 санының сұрағы: Сиыр малы туралы мақал айт.
Үй тапсырмасын тексеру. Топтастыру стратегиясы
Сонымен балалар,сиыр малының бізге қандай пайдасы бар екен?

Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі – мал бағу.Төрт түлік бізге - кисек – киім, ішсек – тамақ, мінсек – көлік.
- Ал, жақсылап қараңдаршы осы төрт түлік малдың ішінде қандай малдың суреті жоқ?
- Мына жұмбақты шешіп көрейік.
Жұмбақ
Иір –иір денесі
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер – тамағы,
Шөлге шыдап бағады.
- Дұрыс балалар, төрт түлікке жататын жануардың бірі – түйе.
- Олай болса, бүгін біз «Түйе» малы туралы жазылған жырмен танысамыз.
Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашамыз, бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз(сабақ басталмай тұрып, алдын –ала жазғызтып алу, күнді, тақырыпты)
1. Балалар сендер түйе малы туралы не білесіңдер?

Интерактивті тақтадан суретін көрсетіп тұрып, мағлұмат беру. – Түйе - киелі жануар. Ол шөл мен аштыққа шыдамды. Ыстық – суыққа төзімді, ұзақ жүрісте қажымайды. Ертеде ата – бабаларымыз көлік ретінде пайдаланды. (суретін көрсету жүк көтеріп келе жатқан)

Оның терісі, жүні, сүті өте пайдалы. Сүтінен шұбат, қымыран сияқты сусындар дайындайды. Түйе сүтінің емдік қасиеттері бар, бірнеше ауруға ем.
Терісінен аяқ киім тігеді, таспа, қайыс жасаған, ер қаптайды. Жүнінен жылы киімдер тоқиды, көрпеге салады. Түйе 30-40 жылға дейін өмір сүреді. Маңғыстау, Қызылорда облыстарында түйе шаруашылығымен айналысады.
Түйенің өзінің бірнеше түрі болады. (суретін көрсетіп)

Міне, мына түйені айыр түйе қос өркеш түйе тұқымының бір түрі.
Ал, мына түйе Аруана – сыңар яғни жалғыз өркешті түйе. (суретін көрсетіп)

Аруана айыр түйеден гөрі ыстыққа төзімді, сүті де мол (екі- үш есе) бірақ жүні аз болады. Аруана (сыңар өркешті түйе) Қазақстанда Атырау облысында ғана өсіріледі.
Түйе малының жалпы атаулары:
Дәптермен жұмыс.
Бота Інген
Тайлақ Бура
Нар түйе Үлек
Айыр түйе Атан
Аруана
«Мал өсірсең, түйе өсі, пайдасы оның көл – көсір» демекші түйе күніне 40-50 шақырым жүреді. Түйе малының атасы Ойсылқара екі жылда бір боталайды. Түйенің төлін не деп атаймыз? (Суретін көрсету)

Негізі түйе түбіті мен шудасы – тоқыма өнеркәсібі үшін таптырмайтын шикізат. Еті ем, шұбаты – шипа.
Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс.
2 тапсырма
Мақал – мәтелді түсініп оқу.
Нар жолында жүк қалмас.
Бақырауық демесең,
Бағалы көлік түйе ғой.
(мағынасын түсіндіру)
3 тапсырма
Жырды түсініп оқу. Түйе (интерак-і тақтадан суреті көрсетіліп тұрады)
(Әуелі мазмұндап өзім оқып берем)
Балаларға оқыту. (екі – екі жолдан оқыту 1 қатар, 2 қатар, 3 қатар)
Жақсы балалар енді осы жырда не айтылған?
Мазмұнын түсіндіру
Жүрісі өркеші
Денесі- аяғы
Мойны- тілі
Көзі жегені
Шудасы еріні
Маң –маң басқан
Алабота, ащы қурай, теріскен шөптің аты.
Шөк дегенде, бық дегенде
Сөздік жұмыс.
Шуда
Қом
4тапсырмаенді балалар суретке қарап, жырға сүйеніп сұрақтарға жауап беріңдер?
Түйенің төлін қалай атайды? Сүтін ше?
Түйенің жүрісі туралы не деуге болады?
Шудасы туралы ше?
Түйе қандай шөпті жақсы көреді?
Сабақты бекіту.
Түйенің пайдасы қандай? Тақтада мына сызбаны толтырамыз.
Ал басқамыз алдарында қағазда сызба жатыр, соған пайдасын жазасыңдар.

Түйе жүнінен істелетін бұйымдар Түйе сүтінен әзірленетін тағамдар Түйе терісінен істелетін бұйымдар
Көрпе, тоқыма киімдер Шұбат, қымыран Аяқ киімдер, қайыс, таспа



Міне, балалар біз түйе малының пайдасы туралы білдік.
Қорытынды.
Балалар қазір біз тақтаға қараңдар?
Сөз жұмбақ шешеміз?













1. Түйенің төлін қалай атайды?
2. Түйені сауғанда не аламыз?
3. Түйе иесі
4. Түйе үстіндегі екі тау сияқты денесі қалай аталады?
Мына ерекше тор көзде қандай сөз шықты? Түйе
Үйге тапсырма:
Ендеше сендер үйге: Түйе жырын 56 бет оқып келу. Және алдарындағы түйе суреті бар соның артындағы сұраққа жауап жазып келесіңдер?
Бағалау.
1 - этап үй тапсырмасы бойынша
2 - этап жаңа сабаққа жақсы қатысып отырған оқушылар.
3 -этап бекіту кезінде сызбаны толтырып сұрақтарға жауап берген оқушыларға.
4 - этап сөзжұмбақ шешкен оқушыларға.






Түйенің пайдасын сызбаға түсір:
Түйе жүнінен істелетін бұйымдар Түйе сүтінен әзірленетін тағамдар Түйе терісінен істелетін бұйымдар
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.