.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің музыка-ырғақ пәнінің мұғалімі Түсті ленталармен жаттығу.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1508 | Размер: | Автор: Нартай4540Бекенбаева Ақсұлу Ергешбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Түсті ленталармен жаттығу.
Мақсаты: Түсті ленталармен жаттығу жасауды үйрену. Түрлі сергіту жаттығулар жасату
арқылы тілдерін ширату, сөздік қорларын молайту. Кеңістікте, жазықта, өзін-өзі қағдарлауға, қимыл- қозғалыстың үйлесімділігін саусақтардың ұсақ қимылдарын қалыптастыру. Зейіні мен сөйлеу тілін дамыту. Оқушылардың есту,есте сақтау, ойлау, көру, сөйлеу қабілеттерін арттыру. Түрлі ойындар, сергіту сәттерін жасату. Жағымды көңіл-күй туғыза отырып, оқушыларды ептілікке, икемділікке, достыққа, татулыққа, тәртіптілікке, шапшаңдылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Үнтаспа, түрлі түсті ленталар, сылдырмақтар секіртпелер, шеңбершелер,
доптар.т.б.
Сабақ барысы:
І. Сапқа тұру, сәлемдесу.
ІІ. Шеңбер бойымен музыка көмегімен жүру.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біз бақытты баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
Тізені сәл бүгіңдер,
Қолды артқа ұстаңдар.
Алға мойын созыңдар,
Қазға қане ұқсаңдар.
Көк құстың артынан,
Көк құстың артынан,
Көк құстың артынан,
Жүреміз ұзын керуендей
ІV. РГЖ- кешені. Дене, қол, аяқ, бас қимыл үйлесімділігіне арналған жаттығулар
кешені.
Саппен келіп бірнеше қатарға тұру.
- Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айналдыру.
- Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру.
- Қолды алға түзу созып, кезек-кезек айқастыру.
- Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу.
- Тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.
- Қолды алға созып ұстап тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру.
- Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру
5 -10 минут. Қозғалыссыз өмір жоқ,
Би сүймейтін бала жоқ.
Қаражорға биін билету.
Ойын : « Нағыз дос болайық».
Балалар шеңбер бойымен тұрып, өлең жолында жақсы қасиеттер аталғанда алға бір қадам жасап қуанышын білдіріп қол соғады.Достыққа жараспайтын сөздер айтқанда, керісінше артқа бір адым жылжиды.
Қосыл,қосыл шеңберге,
Нағыз адал дос болып.
Қосыл,қосыл шеңберге,
Ең сенімді дос болып.
Қосыл,қосыл шеңберге,
Ең зиянды дос болып.
Қосыл,қосыл шеңберге,
Ең мейірбан дос болып.
Қосыл,қосыл шеңберге,
Нағыз сараң дос болып.
Қосыл,қосыл шеңберге,
Нағыз қайырымды дос болып.
V. Қолдың жайлы қимылдары. (Қолдарымызда түрлі түсті ленталар)әуенмен
«Самал жел»- Қолды жоғары көтеріп, тербелту. Бұған иық, білек, қол басы қатысады.
« Ленталар»- Оң, сол қолмен кезекпен жоғары-төмен тербелте қимыл жасау.
« Толқын» - Бір қолмен жоғары-төмен толқындата қимыл жасау. Қолды жанына немесе алға соза қимыл жасауға болады.Толқын бір қолдан екінші қолға жайлап ауысады.«Қанат» - Екі қолды жанына қарай, сермей қимыл жасайды. Қолды көтергенде қол басы төмен, ал қолды түсіргенде шынтақ бүгіліп, қол басы жоғары қарайды.
«Шатаспақ» ойыны. Түрлі кедергілерден өтіп ,берілген тапсырмаларға жауап беру.
1. Қазанға бірінші не түседі? (көз)
2. Қандай шелекке су құюға болмайды? (тесік)
3. ЕХРО қай жылы болады? (2017)
4. Қ.Р Елбасы кім? (Н.Назарбаев)
5. Камаз ұшып келе жатып талға соғады.К-сі түсіп қалды, не қалды? (амаз)
6. Жердің ортасында не бар? (е)
7. Әжемнің сандығында бәрі бар, тек не жоқ? (бос орын)
8. Автобустан түсу үшін не істеу керек? (міну керек)
9. Бір үйде әкесі баласымен, атасы немересімен отыр.Үйде неше жан бар? (3)
10. Күн мен түн неге бітеді? (н)
11. Алматыдан Астанаға дейін 1 сағ 30 мин ұшты, Астанадан Алматыға дейін 90 мин
ұшты?
12. Интернатта неше ағай жұмыс істейді? 6
13. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі? (Ғасыр)
14. 12 қандай сан (жұп)
15. Сергіту сәтін айтып бер?
16. Қандай мақал білесің?
Музыкалық әуенді ойын.
До – ре – ми – фа – соль –ля – си
Әуенді тыңдап қандай ән екенін орындап беру.
«Кімнің ішінде не бар » ойыны.
Тыныс алуды дамыту, ән салу аппаратын нығайтуға арналған. Дем шығару кезінде денені көтермеу керек, демді бір тыныспен, тынысты үзіп үзіп шығару.
- Ақ бақбақтарда – «ұшып кетуші» ақ мамықты алақаннан үрлеп жіберу.
- Мотоциклде - « тырылдақ» - трр – трр – трр – трр
- Сағаттарда – «асығушы » - тық –тық
- Қоңыз - ж-ж-ж-ж-ж
Тілек ағашы: Керемет тілек жорығы арқылы жүрекшелерге тілек жазып, тілек ағашына
ілеміз.
Тыныс алу жаттығуы.
- Босаңсытып денеңді,
- Бей-жай күйге ен енді.
- Басты көтер тік ұста,
- Емін еркін тыныста.
- Қане «У- һ» деп айтайық,
- Демді ішке тартайық.
- Енді «У- һ» деп айтайық,
- Демді шығар қайтарып.
Сабақтың соңы: Қол ұстасып тұрайық,
Жарты шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жарық,
Сау -саламат, болайық!
Оқушылар сап түзеп, сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мақтап марапаттап, бағалап, қоштасып, залдан саппен шығады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.