Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Тәуелсіз елдің баласы»  (өнер-білім сайысы) -

«Тәуелсіз елдің баласы» (өнер-білім сайысы)

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1609 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы
Мортық ауылы
Мортық орта мектебі
Қазақ тілі мұғалімі
Кабдылуахитова Гүлмира Ермекқызы

«Тәуелсіз елдің баласы»
(өнер-білім сайысы)
Мақсаты: Сынып оқушыларын өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге, көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету мақсатында өнер-білім сайысын өткізу.
Көрнекілік: Әр бөлімнің кезеңдері жазылған плакаттар, мақал-мәтелдер.
Мұғалім: Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! Сіздердің назарларыңызға 3 сынып оқушыларының «Тәуелсіз елдің баласы» атты сайыс түрінде өткізгелі отырған тәрбиелі шараны ұсынамыз.
1 оқушы: Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанғам.
2 оқушы: Мен, қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен,
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
3 оқушы: Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
4 оқушы: Ұлы аманат етейін еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін, жер кіндікті,
Аңсаймын мен сенемін туады ертең,
«Қазақ болу» зор бақыт дер күн тіпті.

Сайысқа 3 топ қатысады. «Атамұра», «Намыс», «Атамекен».
Оқушыларды қазылар алқасымен таныстыру.
Топ жауабы 5 ұпайлық бағамен өлшенеді.
Сайыс кезеңдері:
1.«Жүзден жүйрік» викториналық сұрақтар.
2. «Сөз көркі-мақал» мақалдарды жалғастыру.

3. «Талапты бала-талпынған құстай». Шығармалар
бойынша сұрақтар.
4. «Ойнайық та, ойлайық».ребус, ойындар, т.б.

1 кезең: «Жүзден жүйрік» викториналық сұрақтарға жауап беру.

1топқа:
1. ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жыл)
2. Әнұран авторларын ата. (сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев,
әні: Ш.Қалдаяқов)
3. 16 желтоқсан-қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)
4. Қазақстанның солтүстік көршісін ата. (Ресей)
5. Жоңғар шапқыншыларын талқандаған каһарман батырлар.
(Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай)

6. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)
7. Абайдың шын аты. (Ибраһим)
8. Атақты қазақ күйшісі кім? (Құрманғазы Сағырбайұлы)
9. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі кім? (С.Біләлов)
10.Ана тілі, Отан туралы өлең айту.

2 топқа:
1. ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды? (30 тамыз1995ж.)
2. Тудың авторын ата. (Ш.Ниязбеков )
3. Сәулелі жұлдыз іздеген адам. (Ы.Алтынсарин)
4. Қазақстан оңтүстікте қандай елдермен шектеседі? (Қытай, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан)
5. Ұлы Отан соғысының батырларын ата.(Ә.Молдағұлова,
М.Мәметова, М.Ғабдуллин, Б.Момышұлы т.б.)
6. Қазақтың үш биін ата. (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би)
7. Шоқанның рас аты қалай? (Мұхаммед-Қанапия)
8. Аты аңызға айналған ақын, жырау, сәуегей адам. (Қорқыт ата)
9. 1846 жылы туып, 1945 жылы қайтыс болған ақын. (Ж.Жабайұлы)
10.Ана тілі, Отан туралы өлең айту.

3 топқа:
1.ҚР Елбасы Н.Назарбаев президент болып қай жылы сайланды?(1991ж)
2.Елтаңбаның авторларын ата. (Ш.Уәлиханов, Ж.Мәлібеков)
3.Білім күні қашан тойланады? (1-қыркүйек)

4.Қазақстан батыста қандай елмен шектеседі?(Каспий теңізі
арқылы Әзірбайжан елімен)

5.Желтоқсан жұлдыздарын ата. (Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова,
С.Мұхамеджанова, Е.Сыпатаев т.б.)
6.Үш жүздің басын біріктірген хан. (Абылай хан)
7.Қабанбайдың шын есімі кім? (Ерасыл)
8.Қазақстанның ежелгі ғалымын ата. (Әл-Фараби)
9.Араб әрпі негізінде балаларға тұңғыш Әліппе жазған кім?
(А.Байтұрсынов)
10.Отан, ана тілі туралы өлең айту.

2 кезең: «Сөз көркі-мақал» мақалдарды жалғастыру.
1 топқа:
1. Отан- ... (отбасыдан басталады).
2. Туған жердей жер болмас,... (Туған елдей ел болмас)
3. Ердің көркі-ерімен... (Отан көркі-жерімен)
4.Ел іші... (алтын бесік)
5.Жері байдың ... (елі бай)
6.Батыр туса-ел ырысы, ... (Жаңбыр жауса-жер ырысы)
7.Өжет адам... ( өлімді жеңеді)
8.Ат басына күн туса ауыздықпен су ішер,...(Ер басына күн туса
Етігімен су кешер)
2топқа:
1.Отан үшін отқа түс-күймейсің,... (Арың үшін алыссаң-өлмейсің)
2.Пәлен жерде пайда бар... (Өз жеріңдей қайда бар)
3.Туған жердің жері де көрікті ... (елі де сүйікті)
4.Диқаншы жерін мақтайды... (Балықшы көлін мақтайды)
5.Жүк ауырын нар көтерер... ( Ел ауырын ер көтерер)
6.Еліңді сүйсең- ... (ерлік істейсің)
7.Жақсы болсаң-... (жақын көп)
8.Атау ала болса-ауыздағы кетер,... (Төртеу түгел болса-төбедегі кетер)

3 топқа:
1.Отансыз адам-... (ормансыз бұлбұл)
2.Ел күйінгенде-күйінген батыр,... (ел сүйінгенде-сүйінген батыр)
3.Елінен безген-ер оңбас,... (көлінен безген қаз оңбас)
4.Жақсының аты өлмейді,...(ғалымның хаты өлмейді)
5.Ер жігіт ел үшін туады,... (ел үшін өледі)
6.Батырға оқ дарымайды,... (батылға жау жоламайды)
7.Ердің ісі-келі... (Ездің ісі-керіс)
8.Іргесі берік елді жау ала алмас... (Аузы бір елді дау ала алмас)

“Талапты бала-талпынған құстай” .Шығармалар бойынша сұрақтар.

1 топқа:
«Анау қалың ерінді, торсық шеке кімнің ұлы екен?Өзі де өзгеше маңғаз екен, ойынға да араласпайды.Алысқа көз тігеді, көкірегіне үміт сәулесі бар.» Кімге берілген сипаттама? Қай мәтіннен?
(М.Әуезовке. «Қоңыр қозы»).
2 топқа:
«Туған ел!Бұл кішкентай үйіңнің табалдырығынан басталады.Содан шетсіз, шексіз қияға өрлеп кете барады.» Үзінді қайдан алынған?
( С.Мәуленов «Мен елімді сүйемін»).
3 топқа:
«Бүгіннен бастап, сен де менің шәкіртімсің!-дейді.Сөйтіп төрт жасар бала мектеп есігін ашады.» Мәтіннің аты, кім туралы?
( «Ауылға келген мұғалім», М.Жұмабаев туралы)

1топқа: «Абылай хан Қалдан Серенге елші жібергенде «жөні түзу сөз білерлік» деп Қарашаш ханым оның алдына кімдерді таңдап әкелді?»
( Қаз дауысты Қазыбек, Тайкелтір би, Балта керей Тұрсынбай, Шақшақ Жәнібек).

2 топқа: Бұқар жырау Қабанбай батырдың сипатын қалай жырлады? Жатқа айту.

3 топқа:
Қ.Рысқұлбековтың шығарған өлеңдерін жатқа айту.

1топқа: Ұлытау өңірінде Қоңырбай батырдың отбасында дүниеге келген.Он екі жасында әкесіз қалған.Шешесі Қойсана-Абылай ханның сенімді серігі, атақты қазақ батыры Байқозының қызы.Әңгіме кім туралы? (Ағыбай батыр).

2 топқа: Бұл әңгімеде қайғылы қара заманда қазақ халқының азаттығы үшін, жас ұрпақтың бақыты үшін қан кешіп майданда өлген халық батыры және оның жан серігі бір ақынның ерлігі
суреттеледі.
(Исатай мен Махамбет).

3 топқа: -Әй, жігіттер,-деді ол,-қазақ қазақ болғалы талай-талайқамаудан өткен.Талай шабуыл-жортуылдарды басынан кешірген.
Халық өз ойлаған мақсатына да жеткен.Халық басына күн туғанда,қалың қауымды бастайтын ері болмаса ел не болмақ?
Бұл кімнің сөзі? (Б.Момышұлы).

4 кезең: «Ойнайық та,ойлайық».
1.Ребустар шешу.
2. «Есте сақта» қағазда жазылған сөздердің есте қалғанын жазу.

Қорытынды: Қазыларға сөз беру.

Марапаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.