Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
« Тәуелсіздік - тұғырым» -

« Тәуелсіздік - тұғырым»

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4286 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Ақтөбе облысы Темір ауданы Бабатай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тәжікенова Ақзия Қабдрахиқызы
Учитель начальных классов Бабатайской средней школы Темирского района Актюбинской области Тажикенова Акзия Кабдрахиевна

« Тәуелсіздік - тұғырым»
Мақсаты: оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекетіміздің рәміздерін қастерлеуге, ұлттық сананы бойына сіңіріп, оны жалғастырушы болып өсуге тәрбиелеу, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ел арасында сақталып келе жатқан халық мұрасы бойынша оқушыларды имандылыққа , қайырымдылыққа, бірлікке тәрбиелеу, адамгершілік сезімін арттыруға,желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге ,әділеттілікке, ел мен жердің қадір қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:еліміздің туы, елтаңбасы, әнұраны, нақыл сөздер, желтоқман құрбандарының суреттері
І-жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған,сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріппен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік - тірегім» атты тәрбие сағатымызды назарларыңызға ұсынамыз
Әнұран орындалады.
ІІ-жүргізуші:егемен елдің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі-тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар мереке құтты болсын!
І-жүргізуші:тәуелсіздіктің түп тамыры желтоқсан оқиғасына байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас.1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе біржылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
ІІ-жүргізуші: осыдан 26 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастарымыз қатысты. 1986 жылы алаңға жастар ешбір жаман оймен барған жоқ.Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
І-жүргізуші:Бекжан
Желтоқсан айы естесің
Дауыл боп бұрқап ескенсің
Азаттық күйі қашаннан
Көкейін елдің тескенсің

ІІ-жүргізуші: Арухан
Тарылып жатса даламыз
Қайтіп біз тыныс аламыз?
Қақымыз жоқ айтуға,
Әділет қайдан табамыз?
І-жүргізуші:Шектеліп ана тіліміз
Оқылмай өлең жырымыз,
Жабылып жатса мектептер
Жадырар қалай күніміз?
ІІ-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке телеорталық инженері « Савицкийдің өліміне кінәлі» деген айып тағылды. Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың абақтыдағы өмірінен көрініс.
Абақты іші. Қайрат өлең жазып отыр.
Қайрат: ( Данияр)
Әкетай-ау пайғамбардай жасың бар,
Туа бермес сіз секілді асылдар
Қартайғанда жүрегіңді жаралап,
Кесір болды-ау біз секілді масылдар
Айналайын, қарындасым, қарағым,
Қолда кісен, мен айдауда барамын,
Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды ,
Айтшы жаным, қандай жанға баладың?
Айналайын, інішегім, құлыным,
Сені ойласам үзіледі жұлыным.
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай
Кетіп барам мен айдауда құлыным
Қалдырып жаны мәңгі жас ұлыңды
Құпия шерттім осы жан сырымды
Қош енді жолықпасам қайран анам
Көзімнен ақ жаулығың жасырынды
Қайран анам күзеткенің түгел ме
Көктерек те жазықсыз екенімді біле ме?
Бейшараңды мазақ етіп жоқ әлде
Саған дағы елің, жұртың күле ме?
Тергеуші ( Ержан)
Иә, Рысқұлбеков, тағы да хат жазып отырсың ба? Сен 18 желтоқсан сағат 10:00- де қайда болдың?
Қайрат: ( Данияр)
-жолдастарыммен бірге Фурманов көшесінде болдым.
Тергеуші ( Ержан)
-жоқ, сен өтірік айтпа! Сен Савицкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оның өліміне кінәлісің. Сен оны өлтірген.
Қайрат: ( Данияр)
-мен ешкімді өлтіргем жоқ.
Тергеуші ( Ержан)
-Савицкийді өлтірдім демей – ақ қой, оқиғаға қатыстым десең болады. Мойында, мойындасаң жазаң жеңіл болады.
Қайрат: ( Данияр)
-жасамаған нәрсені неге мойындаймын, бұл маған жабылып тұрған жала.
Тергеуші ( Ержан)
Жарайды, өзінен көрсін, алып жүріңдер.
І-жүргізуші:
Кінәлі ма, ақын Қайрат , ер Қайрат
Ауа жетпей атып шыққан алаңға
Қылғындырған қиянатқа көнбеді ол
Тапталғысы келмеді оның табанға
ІІ-жүргізуші:
Тапталмасын деп қазағымның кек ары
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Топты бастап шықты Ләззат алаңға
Толған еді он алтыға не бары

Ләззат (Ләззат)
Бірнеше жылдан жатырмыз
Ақжазықтың түбінде
Мені өлтірген таксист жігіт
Тірімісің бүгінде?
Тірі жүрсең өткен күнді
Еске алғанның несі бар
Желтоқсанда құрбан болған
Ләззат қызды есіңе ал!
Жасөмірдің қыршын гүлін
Қиып түскен қанішер
Сақ болмасақ қазақ қанын
Желтоқсанда тағы ішер
Он алтымда қиылдым мен
Табанында танкінің
Ләззат атты құрбанымын
Қазақ дейтін халқымның
Әлихан:
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың
Айтуған:
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
І-жүргізуші:
16 – желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күні Асанқызы Ләззат, Сыпатайұлы Ербол, Мұхамеджанқызы Сәбира, Ноғайбайұлы Қайрат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындарымыздың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік күні еді.
ІІ-жүргізуші:
Желтоқсанның ызғары-ай
Кірпікке қатқан мұздары-ай
«Елім-ай» деп егілген
Қаһарман ұлдар, қыздар-ай
І-жүргізуші:
Тегеурінді соққылары жарақтан
Ақша қарға судай ақты қайнап қан
Қайдан білсін қызбаланған ерлерім
Айрыларын Ләззат, Ербол, Сәбирадан, Қайраттан
Ендеше сол желтоқсанның ызғарындағы мыңдаған боздақтардың рухын орнымыздан тұрып бір сәт үнсіздікпен еске алайық
1 минут үнсіздік
ІІ-жүргізуші:
Сол бір қаһарлы желтоқсан күндерінен бері талай жылдар өтті. Қазақстан өмірінде көптеген айтулы өзгерістер болды. Енді сол тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктерге назар аударайық
Ләззат
1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігі жарияланды.
Айтуған
1991 жылы 29-тамыз. Семей полигоны жабылды
Зарина
1991жылы 2-қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты
Назерке
1991 жылы 1-желтоқсанда еліміздің тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Әсет
1992 жылы мемлекеттік рәміздер қабылданды
Ержан
1992 жылы 11-желтоқсанда әнұран қабылданды
Әлихан
1993 жылы 28 – қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды
Данияр
1993 жылы 15- қарашада ұлттық теңге айналымға енді
Айтуған
1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді
Зарина
1995 жыл Қазақстан конституциясы қабылданды
Әсет
1996 жылы еліміздің астанасы Ақмолаға көшірілді
Назерке
1997 жылы 1- шілдеде «тіл туралы» заң қабылданды
Данияр
1998 жыл Ақмола қаласы Астана болып өзгерді
Ләззат
1999 жыл – ұлттың бірлігі мен сабақтастығы жылы
Ержан
2000 жыл мәдениетті қолдау жылы
Әлихан
2003-2005 жылдар- ауыл жылдары
Айтуған
2007 жыл- қазақ тілін қолдау жылы
Назерке
Армандарды жақындатып тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы алыс
Егемендік-ел бақыты, ертеңі
О, халайық, құтты болсын қуаныш!
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы
Ол әркімге еркін өмір сыйлады
Білімділер алға шығып елімде
Жақсы атақпен нұр шапағын жинады
Айтуған
Жаса мәңгі, тәуелсіздік ұраны,
Шарықтасын қазағымның жыр-әні.
Отанымның туын көкке көтерер
Мен боламын ұлы елімнің ұланы.
Жеттік баққа тәуелсіз ел атанып,
Береке мен бірлігіміз болғасын.
Жиырма жылдық мерекеде қуанып,
Болар ұлың жүректен жыр толғасын.
Данияр
Қақтырған қанатымды тірегім ел
Қиырдан талып ұшқан түлегің ем!
Елімді құшқан осы тәуелсіздік,
Жыр болып жатсын түлеп жүрегімнен
Таңғажайып атың да дәл табылды
Табылды да талай жұртқа танылды
Қазақ елі көкке жетті көк туың
Барлығы: Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі
І-жүргізуші:
Ақ кимешек киген ана сәби Қазақстанды жетектеп келеді.
Анасы: (Арухан)
Азаттық алдың желтоқсанда,
Мұзға алау, от жағып
Берік бол енді ел тосқандай,
Өркенде әсем гүл жарып.
21 жастағы Қазақстан:(Айтуған)
Азатпын мен, 21 жыл тәуелсіз
21-ге толдым, жүрсем бұрын елеусіз.
Еркіндікті қанат етіп самғармын,
Желбіресін аспан түсті туымыз
21 жыл толды қайта туған күніме,
Тәуекелді бекем буып беліме.
Сүрлеу болып бұраң тартқан жолымды
Даңғыл етіп төсеп келем еліме
Әсет
Елге деген ып-ыстық сезімімді
Жетесіне жеткізген – тәуелсіздік
Бодандыққа бор болған төзімімді
Қыл көпірден өткізген – тәуелсіздік
Ержан
Қасқайып қазақ атын жүз қайталап,
Жүрек отын тұтатқан-тәуелсіздік
Мойын бұрса еліме түз, шартарап
Арқасы ол – құты артқан тәуелсіздік
Көрініс
Автор сөзі:(ІІ жүргізуші) Алматы қаласы, Республика алаңы. Тәуелсіздік маноментінің қасындағы әже мен немере (әже терең күрсінеді)
Немере:әже, неге күрсінесіз? Әже, маған Тәуелсіздіктің 21 жылдығына байланысты Қазақстанның тарихынан шежіре айтып беріңізші.
Әже: Е, балам, бұл ескерткіш тақта 1990 жылы 17-желтоқсанда «желтоқсан құрбандарына» арнап орнатылған еді
Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қанын төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.
Немере:Әже, неге тоқтап қалдыңыз? Мен тыңдауға әзірмін.
Әже:Е,е, балам, қасиетті қазақ даласы талай дүниелерді, қанды оқиғаларды бастан кешті ғой! 1991 жылы 16- желтоқсанда «Егемен болмай, ел болмас, Тәуелсіз болмай тіл болмас» демекші, егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болдық.
Немере:Әже, «осы тақтаға қолыңды қойып, арман айтсаң орындалады» деген рас па?
Әже:Ой, құлыным, рас, арманыңды ойлап жіберші кәне...
Жүр, балам, арманыңды айтып болсаң қайтайық үйге
Немере:Әже, қандай арман ойлағанымды сізге айтайын ба? Мен елімізде тек тыныштық болып, соғыс өрті жерімізді шалмасын, бейбітшілік болсын дедім!
Әже:Балапаным-ай, біз көрген қиыншылықты сендердің бастарыңа бермесін, Жер-Анамыз тыныш болсын, құлыным!
Әлихан
Тәу етіп, тізе бүгіп, тәуба қылдым,
Бар бақ –дәулет өзіңсің – тәуелсіздік
Көкіректер көзін аш, Күндей нұрлым,
Ояулар аз, сөзім шын, тәуелсіздік
Зарина
Өз елім, өз жерім деп өзек өртеп,
Өршіл рух сыйлаған да – тәуелсіздік
Сананы улағанда сансыз «ертек»
Одан есті жинаған да тәуелсіздік
Әлихан
Анамыздың тілеуі ақ
Отан бізде біреу-ақ
Барлығы: Ол-біздің Қазақстан!
Алтай, Жайық арасы
Жарты әлемдей даласы
Барлығы: Ол-біздің Қазақстан!
Кенге толы қойнауы
Төлге толы жайлауы
Барлығы: Ол-біздің Қазақстан!
Жастан сүйіп аңсаған
Тәтті күй мен кәусар ән
Барлығы: Ол-біздің Қазақстан!
Анамыздай тілеуі ақ
Отан бізде біреу-ақ
Барлығы: Ол-біздің Қазақстан!
І-жүргізуші:
Желтоқсан – ұлт мерейін тасытқан күн
ІІ-жүргізуші:
Желтоқсан – жат пиғылын жасытқан күн
І-жүргізуші:
Желтоқсан – жас жүрекке қайрат беріп
ІІ-жүргізуші:
Желтоқсан – ел болуға асыққан күн
Мұғалім: «Тәуелсіздік-халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі» деп президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай оңай келген жоқ. Бұл тәуелсіздік бізге қазақтың басы Кенесары арқылы, қайқы қара қылышты Бауыржан арқылы, уыз сезімді Қайраттар арқылы келді. Сондықтан оны аялауымыз керек. Біздің еліміз көптеген елдерге танылды. Қайда жүрсек те өз Отанымыз Қазақстанды мақтан тұтуымыз керек. Сендердің араларыңнан Абайлар, Мұхтарлар, Қаныштар, талай ғалымдар, министрлер, президенттер шығуы әбден мүмкін. Ол үшін үздіксіз оқу, тынбай еңбектену керек. Қазақ елін әлемге танытуларың керек, сендер қазақ болып туылғандарыңа, бойларыңда қазақтың қаны ағып тұрғанына, қазақ тілінде сөйлейтіндеріңді мақтан тұтуларың керек. Ендеше, балалар, Қазақстанымыздың жарқын болашағы сендердің қолдарыңда
Тәуелсіз 21 жыл туыңды биік ұстадың,
Көтерді халық уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!
І -жүргізуші:
Қайрат, Ләззат сынды,
Батыр ер тұлғалары
Есімізде сақталады,
2 жүргізуші бірге: мәңгі, мәңгі, мәңгі!
Мұғалімнің қорытынды сөзі...

Бабатай орта мектебі

Тәрбие сағаты


Тақырыбы:
« Тәуелсіздік - тұғырым»

Өткізген: Тәжікенова А.К
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.