.
.
Пәні: Сынып сағаты Тақырыбы: « Балғын ару »
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2192 | Размер: | Автор: Нартай4540Сынып жетекшісі: Толеуова М.М.
Тақырыбы: « Балғын ару »
Сабақ түрі: сайыс сабақ.
Мақсаты: 1) Қазақ халқының ұлттық өнерін, салт – дәстүрін дәріптей отырып, біздің сыныптың қыздарының бойында қазақ қызына тән қандай қасиеттер барын анықтау;
2) Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту;
3) Көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Кіріспе.
- Құрметті ұстаздар мен оқушылар, « Балғын ару » сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!
- Бұл сайыстың мақсаты қазақ халқының ұлттық өнерін, салт – дәстүрін дәріптей отырып, біздің сыныптың қыздарының бойында қазақ қызына тән қандай қасиеттер барын анықтау
1- жүргізуші: «Асыл тастан, өнер жастан
шығады» деп дарынды
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашанда нанымды.
Сол өнердің жолын қуған
Сынып сұлтандарының атынан,
Қабылдаңыз шын жүректен
Мерекелік құттықтауды.
- Назарларыңызға қазақ биін ұсынамыз.
2- жүргізуші: Ақын боп әділдікті жақтап өтем,
Ананың ақ үмітін ақтап өсем.
Әдеп пен инабатты сақтап өскен
Қазақтың аруларын мақтан етем.
Ақын мен әнші деген – ел еркесі,
Қазақтың тарқамасын берекесі.
8- наурыз күні құтты болсын, -
Аналар мен арулар мерекесі! – деп ұлдардың құттықтау өлеңдерін тыңдайық.
1) Ұлжан сен қандайсың?
Арайлап атқан таңдайсың.
Әдемі, ашық, айдайсың
Ата – ана үмітін ақтайсың.
2) Гүлсаядай қыз табылмас,
Өзі әдемі, сыпайы
Қазақ қыздан аумайды
Сегіз қырлы бір сырлы.
3) Сыныптасым Аяжан
Сабақты жақсы оқиды.
Ылғи бестік алады,
Әдепті қыз болады.
4) Айтайын мен сіздерге, әдемі наз –
Оқиды менімен көктем мен жаз!
Ай менен Күн секілді егіз қыздар
Мереке құтты болсын Айназ, Елназ!
5) Сымбаттысын Аяулым,
Талаптанып оқисын.
Мақсат қойсаң алдыңа
Жетерсің талай мұратқа.
6) Томирис біздің өнерлі,
Шашы ұзын, келбетті.
Нәзік, тәтті сөзімен
Баурап алар бар жұртты.
7) Аңқылдаған ақ көңілмен,
Гүлдей жайнап жүреді.
Озайын деп нық сеніммен,
Махаббат көзге түседі.
8) Алма жүзді Дильназ
Күлімдеген жүзің мәз.
Саған сірә тең келер,
Жер жапанда қыз аз.
9) Аяулым, аяулысың, ардақтысың
Жүресін әрдайым сен салмақтысың.
Тілеймін саған тек жақсылық
Тілеймін зор денсаулық, мол байлық.
10) Ұстазын анасындай құрметтеген
Жаны мөлдір, ісі жоқ басқаменен.
Нұржамал ұстазының айнасы ғой
Сегіз қырлы, бір сырлы болсам деген.
11) Сыпайы оның мінезі,
Күліп жүрер ақырын
Қыз сынына кеп қапты
Біздің әсем Айтолқын!
1- жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен аяулы арулар! Бүгінгі «Балғын ару » байқауына қош келдіңіздер! Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілеріңізден інжу – маржан шашылсын!
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, бүлдіршін қыздар. Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесімен -8- наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз.
2- жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
«Балғын ару» сайысын
Рұқсат болса бастайық.
Мұғалім: Бүгінгі біздің сайысымызды тамашалап, бағалайтын әділқазылар: Майра Берикболовна, т.б.
Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші
Аруы деп мектептің жүрейікші
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға тек сәттілік тілейікші!
1жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
III. Негізгі бөлім.
Мұғалім: Бүгінгі сайыста қыздар 3- топқа бөлініп өз өнерлерін көрсетеді.
( слайд)
2- жүргізуші: Көркіне сай ақылы бар,
Ақжүністей арулар
Ақылың көрсек несі бар?
« Ақжүніс» тобын қарсы ал!
1- жүргізуші: Ақ маңдайы айдай боп,
Шытырма көйлек үстінде.
Сұлу Жібектей бұралып,
Қыздар тұрса несі айып?
« Қыз Жібек » тобын қарсы алыңдар!
2-жүргізуші: Ақылды да, әдемі де ару жан!
Бар қасиет бір бойынан табылған.
Әсем әнмен, шешен сөзбен, биімен
Таңғалдырған талай жұртты әсем Баян!
« Баян Сұлу » тобын қарсы алайық.
Мұғалім: « Балғын ару » сайысы 5- бөлімнен тұрады.
I. Бөлім: « Таныстыру»
II. Бөлім: « Таңғалмаңыз»
III. Бөлім: « Ұзын шаштың формуласы»
IV. Бөлім: « Ою ойғанның ойы ұшқыр»
V. Бөлім: « Білім - ақылдың көркі»
1- жүргізуші: Қыз емес қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес
Халықтың сақтай білген ізгі салтын.
Мұғалім: Сайысымыздың 1- кезеңі б/ша ендігі сөзді топ жетекшілеріне береміз.
Бұл сынақта топ жетекшілерінің инабаттылығы, сәлем беру рәсімі, тіл шеберлігін көріп тамашалаймыз.
1 Сайыс: « Таныстыру»
Топ жетекшілерін ортаға шақырайық.
« Ақжүніс» тобы
Үлгі алып өткен күннен
Жүріп келе жатырмыз сара жолмен
« Болмасақ та ұқсап бақ » деген сөз бар,
Өнеге аламыз Ақжүністен.
Солардай болу – біздің арманымыз,
Әрқашан да керек –ақ қой ибалы қыз.
Ақылшы бола білейік өмірде
Сол себепті « Ақжүніс» топ аталамыз.
« Қыз Жібек » тобы
Қыр гүліндей нәзік және шырайлы
Күн көзіндей әсем неткен ажарлы.
Ару қыздар – қазағымның мақтанышы,
Соның бірі айтар едік Жібек қызды.
Әсем сұлу көркімен даңқы жетті,
Сол себепті « Қыз Жібек » біздің топтың аты.
« Баян сұлу» тобы
Әсемдік, сұлулықты жиған бойға,
Қыздар ғой көрік берген кең далаға.
Қыздар – гүл, қыздар нәзік бұл әлемде.
Қыздар ол – болашақта асыл ана.
Сұлу қыздар қалған талай тарихтан,
Баянсұлу еді соның бірі қазақта.
Біздерге өнегелі із қалдырған,
« Баян сұлу» атадық сол себепті топтың атын.
- Қыздарымызға рахмет. Ендігі кезек әділқазылардың бағалауы.
2 Сайыс: « Таңғалмаңыз!»
2-жүргізуші: Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі – өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!
1-жүргізуші: « Таңғалмаңыз!» сайысы.
Қыздарымыз жоқтан барды жасаса, таңғалмаңыз!
Бардан жоқты жасаса, тағы да таңғалмаңыз!
Мұғалім: бұл сайыстың тапсырмасы: дайын тағамның құрамынан берілген үлгі б/ша тағам түрін жасау.
- Жұмысымызды бастайық. Іске сәт!
- Қыздарымыздың тағамдары дайын болғанға дейін, сыныбымыздың « сегіз қырлы, бір сырлы » ұлдарының бірі Нұртілекті, Сыйланды, Арманды қарсы алайық. Әр топтан 1-1 қыздан шықсың. Тапсырмасы: бұрым өру. Аяқтағаннан кейін әділқазылар алқасына барып көрсетеді. Ұпай саны қыздың тобына беріледі. ( қазақша өлең)
- Қыздардың жасаған тағамдарын тамашалайық.
- Ендігі кезек әділқазылардың бағалауы.
3 Сайыс: « Ұзын шаштың формуласы»
2-жүргізуші: Сұлу қызға жарасқан,
Өрілген қос бұрымы.
Ұзын бұрым кескенің
Қазақтың жаман ырымы.
1- жүргізуші: Бұрымды қыз сайысы
Тәрбиелі, мәнді де
Шашты күтіп өсіру
Қыз баланың сәні де.
Мұғалім: Бұл сайыста аруларымыз ұзын шаштың формуласымен таныстырып, сусабындарына жарнама жасайды.
« Ақжүніс» тобының жарнамасын тамашалайық.
Бұрымды қыз – сұлу қыз,
Әлбетте сіз сұлусыз.
Әрленсін десең шашыңыз,
« Тимотей» жуыңыз.
Өте жақсы шашыңызды күте білген,
Әр талын таза ұстаңыз лас, кірден.
Қиялдағы арудай күйге енесіз,
Әрдайым « Тимотей» бірге жүрсеңіз.
« Қыз Жібек » тобының жарнамасын тамашалайық.
Қайратты да, сұлу шаш
Арманыңда жүре ма?
Арманыңа жеткізер
Сусабыны « Нивея»
Тыңдаңыздар, босқа қарап тұрмаңыздар!
«Нивея» сусабының акцияменен сатып алыңыздар!
« Баян сұлу» тобының жарнамасы.
Бағасы сапасы сай,
« Сиос» сусабыны заманға сай.
« Сиос» - ертегіде жүргендей,
« Сиос» - күй кешесін сұлулықты көргендей.
Қою шашын толқып тұрса әрқашан
Таңдағаның дұрыс болар еш өкінбей.
- Сайыс нәтижелерін тыңдайық.
4 Сайыс: « Ою ойғанның ойы ұшқыр»
2- жүргізуші: Аңыз болған жоғалмай бұл ғасырда,
Салт – дәстүрі халқымның жалғасуда.
Бұғы мүйіз оюы сәнділікпен
Көз тартып ұрпақтарға алмасуда.
1- жүргізуші: Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан
өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.
« Шеше көрген тон пішер» деген рас,
Қыздарымыз шебер қолға араласқан, – дей отыра
қыздарымыздың ою оюының кереметін тамашалайық.
Мұғалім: Бұл сайыстың тапсырмасы А3 форматы, дайын ою - өрнектер беріледі содан түскиіз құрау қажет.
- Сайыс нәтижелерін тыңдайық.
5 Сайыс: « Білім - ақылдың көркі»
Қыз баланың көркіне ақылы да сай болуы керек. Онда бүлдіршін қыздарымыздың білімін тексерейік.
Ана тілі
1) « Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім?
2) Атақты билерді ата.
3) А. Құнанбаевтың табиғатқа арналған өлеңдерін ата.
Қазақ тілі
1) Сөздерге сұрақ қойып, олардың қай сөз табы екенін анықта:
Мектеп, ұзын, жетпіс, жазды, әңгіме.
2) Сөйлемде жалқы есімді тап:
Сырдария мен Әмудария - Арал теңізіне құяды.
3) Сын есімді тап:
Қауырсыны құндыздай,
Қос жанары жұлдыздай.
Математика
1) Сынып оқушыларына 21 оқулық және 42 дәптер таратылып берілді. Дәптерге қарағанда неше оқулық кем берілген?
2) 1 метр неше сантиметр?
3) 1 кг тұз ауыр ма, 1 мақта ауыр ма?
Еркін тақырып
1) Бір әуенге билеу. ( 1 әуенге билеу)
2) Қай қала? ( суретін көрсету)
3) Кімнің суреті бейнеленген?
Осымен бұл сайысымыз аяқталды. Қыздарымызға көп рахмет.
- Кеш қорытындысын әділқазылар шығарады. Оғанға дейін «Қара жорға » биін тамашалайық. Сайыскерлерге өнерлеріне қарай атақ беріледі, жеңімпаз « Балғын арулар » лентасы мен марапатталады.
Марапаттау.
1- жүргізуші: Бақытың бастан кетпесің,
Жамандық қуып жетпесін.
Әсем күлкі жүзіңнен
Өмір бойы кетпесін.
2- жүргізуші: Сау болыңдар, көргенше,
Қайта айналып келгенше
Жиі келіп тұрыңдар,
Қоштасайық ендеше.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.