.
.
Тақырыбы: Бесік жыры Тақырыбы: Бесік жыры
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5576 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: 1. Бесік жыры, бесік туралы мағлұмат алады.
2. Халқымыздың салт-дәстүрімен танысады, жырды мәнерлеп оқи отырып,
мазмұнын баяндайды.
3. Оқушылар өз халқына, ұлтына, туған жеріне, ұлттық әдет-ғұрпына деген
сүйіспеншілікке тәрбиеленеді.
Көрнекілігі: М.Жұмабаев портреті, бесік суреті, пікір ағашы, ребус, спортшылар
суреті, күнтізбе.
Барысы: І. 1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың жазған мазмұндамаларына тоқталу.
ІІ. Жаңа сабақ: Бесік жыры
1. Психологиялық дайындық
-Балалар бүгін қай күн?
Елімізде қандай айтулы жарыс басталады?
«Азиада-2011», 7-ші қысқы ойындар. Бұл жарысқа Қазақстанның спортшылары
қатысады. Біздің спортшыларымыз жеңіске жетсін десек, біз бүгінгі ашық
сабағымызды жақсы өткізуіміз керек. Ендеше бір-бірімізге, біздің
спортшыларымызға жақсы тілектер тілейік.
( Оқушылар жақсы тілектерін айтады)
2. Балалар бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын тақтаға назар аударайық. Мынау
Азиаданың символы. Азиада 30 қаңтар мен 7 ақпан аралығында өтеді.Бұл байрақты
бәсекеде біздің спортшыларымыз спорттың 11 түрінен бақ сынасса, біз білімімізді
ортаға салып, спортшыларға жанкүйер боламыз.
1. Азиаданың бірінші күні спортшылар конькимен жүгіруден жарысса, біз жұмбақ
шешеміз.
Жұмбақ
Иесі анық - сәби,
Әрі төсек,
Әрі үй.
(Бесік)
2.Азиаданың екінші күні шайбалы хоккейден жарыс өтсе, біз сұрақтарға жауап
береміз
Сұрақтар:
1. Бесік не үшін қажет?
2. Бесіктің неше түрі бар?
Кіріспе әңгіме.
Бесік- нағыз халық мұрасы, бабаларымыздың ғасырлар бойы тұтынып келген мүлкі. Қазақ бесігі талдан, қайыңнан иіліп жасалады. Халқымызда бесіктің екі түрі кездеседі.
1. Жер бесік
2. Аспалы бесік, яғни әлпеншек.
3. Азиаданың үшінші күні шорт-тректен спортшылар жарысса, біз бесік жырын айтамыз.
1. Ананың балаға деген махаббаты не арқылы берілген?
- Балаға деген ана махаббаты «Бесік жырлары» арқылы берілген.
2. Ал, сендер бесік жырларын білесіңдер ме?
- Оқушылар білетін бесік жырларын жатқа айтады.
Бесік жыры
Моынымдағы тұмарым,
Тарқамайтын құмарым,
Алла берген алсын деп,
Ақ бесікке салсын деп.
Моынымдағы маржаным,
Қорадағы мал-жайым,
Бесігіңе жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.
4. Азиаданың төртінші күні мәнерлеп сырғанаудан жарыс өтсе, біз ребус шешеміз.
,,.. ..,,, ,,..
5
Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы «Бесік жыры»
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
5. Азиаданың бесінші күні спортшылар биатлоннан жарысса, біз «Бесік жырын» мәнерлеп оқып, мазмұндаймыз.
«Бесік жыры» өлеңін мәнерлеп оқу. Жырды мазмұндату.
-Бесік жыры қай кезде айтылады?
-Бесік жырын кім айтады?
«Бұл кім» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұндау.
6. Азиаданың алтыншы күні спортшылар тау шаңғысынан жарысса, біз автор туралы мағлұмат аламыз.
Пікірлер ағашы
7. Азиаданың жетінші күні спортшылар фристайлдан жарысса, біз сурет бойынша әңгіме құраймыз.
Сурет бойынша жұмыс
1. Суретте кім бейнеленген?
2. Ана баласына қандай жылы сөздер айтады?
3. Анаң сені қалай еркелетеді?
ІІІ. Қорытынды
Біз бүгін сабақта не үйрендік?
Аналарымыз бесік жырын айиып отырып баланы Отанын сүюге, ер жігітті батыл болып өсуге тәрбиелейді.Бесік жырын тыңдап өскен біздің азаматтарымыз 7-ші «Азиада-2011» ойындарында жеңісті қолдан бермейді деген сенімдеміз.
ІV. Үйге тапсырма: «Бесік жырын» жаттау.
V. Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.