Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тақырыбы: «Білім сапасы – мұғалім ізденісінде» (Мақала) -

Тақырыбы: «Білім сапасы – мұғалім ізденісінде» (Мақала)

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2842 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: «Білім сапасы – мұғалім ізденісінде» (Мақала)
Есенбаева К.К
№ 1 Қосшы орта мектебі, Целиноград ауданы, Ақмола облысы
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық — әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Жинақтай айтсақ, ол – оқыту методикасына әдiсiне жаңа элементтер ендiру, оның нәтижелегi арқасында уақытты тиiмдi пайдаланып, сапалық биiкке көтеру. Мұғалiм – оқушы арасындағы жаңа, өзiндiк педагогикалық ынтымақтастық жолдарын табу, дарынды, уақытша үлгерiмi төмен оқушылармен жеке, топтық жұмыс жүргiзудiң жаңа әдiстерiн өндiру. Мұғалiмнiң пәндер, ғылымдар арасындағы байланысты жетiлдiрудегi өзiндiк үлесi, оқушыларға бiлiм стандарттарын оқыту мазмұнын игеруiне тиiмдi өзiндiк бақылауы, талдауы.
Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет.
Қазіргі мұғалім:
Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
Білімді, іскер, шебер болу керек;
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Жалпы оқушыларымыздың жазу каллиграфиясы талаптарға неге сәйкес болмайды? Неліктен оқушылар көп қате жібереді? Қандай себептері бар? Осы кемшіліктерді қалай жеңеміз? Осы және тағы да басқа сұрақтар мені ұзақ уақыт ойландырды.
Оқушылардың сапалы білім алуға деген қызығушылығын арттыру, сауаттылығын дамыту үшін мұғалім жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, бір сөзбен айтқанда өз біліктілігі мен шеберлігін жетілдіруге атсалысуы керек. Бастауыш сынып оқушыларына бастапқыда техникалық талаптарды орындау қойылса кейін әріпті, буынды, сөзді, сөз тіркесті және сөйлемдерді дұрыс жазу дағдылары жетілдіреді. Е.Н. Потапованың, В.А. Илюхинаның методикалары бойынша балалардың саусақтарын дамыту, бастырып жазу, «құпия жазу» арқылы үлкен жетістіктерге жетуі мүмкін.
Жас ұрпақтың бойында ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасады, ой—қиялы дамиды, мақал құрастыру, өлең, жұмбақ жазуға ойын ұштау тәсіл. Оқушыларға білім беруімен бірге сауатты оқуға, көркем жазуға да, сөйлеуге де,сұлу мәдениеттілікке жол ашатыны сөзсіз. Қорыта келгенде оқушылардың көркем, сауатты жазуға үйрету үшін 4-сыныптың казақ тілі сабақтарында көркем жазу кезеңіндегі қолданылған жаттығуларды топтап көрсетейін:
1—жаттығу: Жақсыдан ғибрат ала бергеннің ісі оңға басады.
1. Әдемі көркем жазу
2. Сөйлемнің мағынасын, мәнін өз түсінігі бойынша айтқызу;
3. Ғибрат сөзіне дыбыстық талдау жасау; үйде осы сөздің мағынасын ажырату –сөздік дәптерге енгізу.
2—жаттығу: Ұстазыңа бар ықылас—ниетіңмен қызмет қыл.
1. Көшіріп жазу; 2. Сөйлемнің мағынасын түсіндіру;
3. Синоним сөздердің астын сызу;
3—жаттығу: Халқыңа қызмет ет,
Ізгілерге ізет ет,
Жаны жақсы жайсаңдарға құрмет ет.
1. Есіңе сақтап, жаттап ал.
2. Үйде шағын дәлелдеуші эссе жазып келу;
4—жаттығу:Надандықтың белгісі—тілін алмау білгеннің. /Асанқайғы/
1. Әдемі, көркем жазу;
2. Сөйлем мағынасын түсіндіру;
5—жаттығу: Сырт тазасы не керек, тазарт әуел ішіңді.
1. Әдемі, көркем , көшіріп жазу;
2. Антоним сөздердің астын сызу;
3. Мысал келтру, дәлелдеу. /үйге тапсырма/
6—жаттығу: Қазақ халқы –ең бір бейбіт халықтардың бірі.
1. Әдемі, көркем жазу; 2. Бейбіт сөзіне дыбыстық талдау жасау;
3. Неліктен бейбітшілікті сүйеміз, / дәлелдеу/
7 — жаттығу: Берекені көктен тілеме — еткен еңбектен тіле.
1. Әдемі, көркем жазу;2. Береке сөзіне синоним сөздер жазу,
3. сөйлем мағынасын түсіндіру;
8 – жаттығу: Білімнің бас құралы – кітап.
1. Білім, кітап туралы мақал -- мәтел айтқызу.
2. Әдемі, көркем жазу;
9 – жаттығу: Жақсылықты міндет етсең, жамандыққа кез боласың.
1. Әдемі , көркем көшіріп жазу; 2. Антоним сөздердің астын сызу;
3. Үйде: жақсылық туралы эссе жазып келу.
10-жаттығу: Сөздің сәулесі де бар, аязы да бар.
1. Көшіріп жазу; 2. Сөйлем мағнасын түсіндіру;
3. Қарама-қарсы мағналы сөздердің астын сызу.
Қорыта келе “Ғылым қалғып кетсе, қараңғылық бас көтереді” дегендей, заман талабына сай жаңа технологиялармен жұмыс жүргізу алдымызда отырған бала тәрбиесіне зор ықпал ететіні белгілі. Қазіргі мынау заман талабына сай ақпараттық технологиялардың даму қарқынының басымдылығы соншама барлық жазу үрдісі компьютермен қамтылған. Көркем жазу емлесі біз үшін, болашақ жастарымыз үшін ешқашан қалыс қалмау қажет. Қарыштаған заманда біз өз қалыптасқан көркем жазу сауаттылығын ұмытпауымыз керек! Көркем жазу, өзіндік жазу жазбалары сауаттылықтың нышаны.
Құрметті ұстаздар! Оқушыларымыз сауатсыз болмасын десек, жазу дағдысын, көркем үлгі деңгейін көтерейік! Оқушының жазу мәнерін әдемі болып қалыптасуына бастауыш сынып мұғалімдері жауаптымыз.





Авторлық жұмыс

Тақырыбы: «Білім сапасы – мұғалім
ізденісінде»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.