Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тақырыбы: ӘЛІППЕГЕ  МЫҢ  АЛҒЫС! -

Тақырыбы: ӘЛІППЕГЕ МЫҢ АЛҒЫС!

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1538 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: ӘЛІППЕГЕ МЫҢ АЛҒЫС!
Мақсаты: 1.Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
2.Білімнің бастауы болған, Әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау ,білімдерінің артып, сөз байлығының молайғандығын, саналарының өскенін көрсету. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру.
3.Отанын, мектебін, ұстаздарын ,ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.
1- жүргізуші: Ассалаумағалейкум, халайық!

2- жүргізүші:
Армысыздар, Ұстаздар, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.
1- жүргізуші:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
2- жүргізуші:
Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер
Қыран құстай болашағын мәпелер
Бүгін міне , әліппемен қоштасады
Азамат боп кешегі сәби еркелер.
1-жүргізуші:
Армысыздар, қонақтар!Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, себебі алғаш сауатымызды ашқан,жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз.Әліппемен қоштасу тойы құтты болсын дей отырып, той иелері 1 «А» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Рустемова Жанар Нұғмарқызын бастауышты бітіріп кеткен түлектерімен бірге ортада қарсы алайық!
Фанфар ойналып,фейерберг атылады.
Слайдтан мектептегі мерекелер көрсетіліп тұрады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті ата-аналар,ұстаздар, оқушылар Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін, оқуға, білімге деген ұмтылысқа шақыратын ӘЛІППЕ-мен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Әліппені аяқтау тойларыңыз құтты болсын! Әліппені бітіру алдыңғы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше , біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық. Сондықтан бүгінгі ертеңгілік сіздер мен біздер үшін ортақ та салтанатты мереке.
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым!
Өзі оқып , жазатын халге жетті,
Құтты болсын білімі балалардың!
Ата-ана қуанып шаттанады.
Оқыды деп баласы мақтанады.
Алдарына бұлардың кім шығыпты.
Барлық маман мектептен аттанады.
2-жүргізуші:
Шашу,шашу шашайық,
Дүбірлетіп тойды бастайық
Бұл мереке,бұл тойды,
Хормен: Шашуменен ашайық
Шашу шашылады.
1-жүргізуші:
Құрметті қонақтар алдарыңызда Жанар апайымыздың шәкірті Мырзаханов Ильястын орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар!
Гауһар, Жанар апайдың түлектері не үшін келіп тұр?
Ақжол, сен білмейсің бе? Олар той иелері 1 «А» сынып оқушыларына өздерінің құттықтау тілектерін алып келіпті. Тыңдап көрсек қайтеді.
Гауһар, тыңдап көрейік онда
Ақжол, тыңдасақ тыңдайық . 5 «А» сынып оқушыларының тілектерін тыңдау. Бастауыш сыныптың кілтін тапсыру.
2-жүргізуші:
Бала деген шіркін-ай балдай екен!
Тәттілігі жая мен жалдай екен!
Арып-ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен!-деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық.
1-оқушы: Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін міне салтанат
Оқулықпен достаспақ, Абай
Әліппемен қоштаспақ.
Ой білімі жаңғырмақ
Әліппеден мәңгілік
Әріптерді таныған
Өңкей білгіш балдырған.
Құтты болсын тойларың!
2-оқушы: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар. Томирис
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар,қасиетті аналар!
3-оқушы: Мен бүгін бұрынғыдан саналымын
Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім Бақытжан
Дәптердің жазылмаған ақ парағы
Ақ көйлектей жеті жасар балалығым!
4-оқушы: Мектеп-кеме,білім-теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда Аяна
Ұстаз берген білім қолда.
5-оқушы: Қадірлі мектеп,бұл мектеп,
Оқыған ата-анамыз.
Атыңды сенің құрметтеп, Дінмұхаммед
Әрқашан еске аламыз.
Хор: «Ұстазым»
1-жүргізуші:
Ақбаян бізде өнерлі,
Әнді жақсы көреді.
Сіздерге қазір «Ертегілер»
Әнін айтып береді,- дей келе алдарыңызда сыныбымыздың әнші қызымыз Мамаева Ақбаянның орындауында«Ертегілер» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Ертегілер»
2-жүргізуші:
Көп рахмет бүлдіршіндеріміздің құрметіне шапалақты аямайық !

Мың бұрала билейтін,
Биді жақсы көретін.
Қыздарымыз бар біздің
Қазақ биін билейтін - дегендей мың бұралған биші қыздарымыздың орындауында би «Айгөлек»
Би: «Айгөлек» Тамаша бәрекелді қыздар!
1-жүргізуші:
Ал,кімнің өнері бар қаншалықты,
Би-билеп ал біреуі ән салыпты,
«Өнерлі өрге жүзер» дегендей
Қол соғып ,барша халық тамсаныпты,- дей келе алдарыңызда сыныбымыздың жас сиқыршысы Абайды қарсы алыңыздар тамашалаңыздар.
Абай «Сиқыр әлемі»

2-Жүргізуші:
Балалар,мен сендерге бір сұрақ қояйын.Сендер соған жауап беріңдер.
Іші толған әріпке,
Болашаққа жарық не?
Хормен:Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті ӘЛІППЕ!
Ол сүйікті ӘЛІППЕ!
Мұғалім: Олай болса,бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Балалар: ӘЛІППЕ! ӘЛІППЕ! ӘЛІППЕ!
Әліппе:Армысыңдар,жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппе келді ортаға.
Менің атым-Әліппе,
Мені анаңдай әріпте
Мені оқып ержеткен,
Ағаң менен әпкең де.
- Сәлеметсіздерме,менің сүйікті достарым!Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар,жазуға,оқуға үйрендіңдер.Ал енді бүгін маған өз білімдеріңді көрсетіңдер.

6-оқушы: Әліппедеген -алтын жол.
Апарарсеніалысқа
Жеңілемес,ауыржол,
Тырысыпбақнамысқа.

7-оқушы: Білімге жолды бастаған
Әліппем саған мың алғыс
Оқы деп ұран тастаған
Әліппем саған мың алғыс.
8-оқушы Әліппе жарты жылдай жолдас болдым
Ана тілге әкеліп жалғастырдың
Әр әріпті қостырып, сөзін құрап,
Хат танытып ,алғаш сен көзімді аштың
9-оқушы Бар әріпті үйреткен
Міне менің Әліппем
Жақсы оқимын кітапты
Әріптерді танып мен
1-жүргізуші:
Ал,кімнің өнері бар қаншалықты,
Би-билеп ал біреуі ән салыпты,
«Өнерлі өрге жүзер» дегендей
Қол соғып ,барша халық тамсаныпты демекші, -шетелдің Майкл Джексонынан кем түспейтін бишіміз Дінмұхаммедті қарсы алайық.
Би: Поп реп
2-жүргізуші:
Құрметті Әліппе сіз біздің балалардың Әліппе оқулығынан қалай оқитынын көргіңіз келе ме?Олай болса біздің Керімсеит және Айдана сынды оқушыларымыз журнал, кітап оқып берсін.
Әліппе Бәрекелді кітапты тамаша оқиды екенсіңдер! Талаптарыңа нұр жаусын!
1-жүргізуші:
Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен дей келе 1 «А» сынып оқушыларының орындауында хор«Әліппе»

2-жүргізуші:
Жанар апайымыздың түлегі Жұматаев Ақжол өзінің ұстазы Абзал ағаймен күй шашу алып келіпті.Ендігі кезекте тыңдайтындарыңыз күй«Әлқиса» болса қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші:
Әуені бар шарлайтын кең даланы,
Шырқаса бәріңізде таң қаласыз.
Дастандай ұлымыз ортамызда,
Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыз, алдарыңызда Князь Дастанның орындауында «Әліппеге рахмет » атты әнін қарсы алыңыздар.
Ән: «Әліппеге рахмет »
1-жүргізуші:
Рахмет Дастан,шапалақ достар.
2-жүргізуші:
Ендігі кезекте оқушыларымыздың өлең шумақтарын тағы бір тындап көрейік.

8-оқушы:
Әліппем, менің Әліппем,
Өмірді көрем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп-көп рахмет!
9-оқушы:
Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
10-оқушы:Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
1-жүргізуші:
Ал, балалар Әліппеміз асығып тұр, басқа мектептерде де сендер сияқты 1- сынып оқушылары Әліппемен қоштасып жатыр.
Әліппе Сау болыңдар! Мен кетейін.
Бәрі: Рахмет, саған,Әліппе
Әліппе залдан шығып кетеді.
Әліппе:Сендерді әрі қарай жетелейтін достарың Ана тілі болмақ. Ендігі кезекте Ана тілін ортаға шақырайық.
Хормен; Ана тілі, Ана тілі.
Ана тілі
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Әліппе ал, балалар ойын сауықтарыңды жүргізе беріңдер! Мен кетейін.Сабақтарыңды жақсы оқып,мұғалімдеріңді, ата-аналарыңды қуанышқа бөлеп жүре беріңдер!
(Әліппе кетуге ыңғайланады).
2-жүргізуші:
Барлығымыз әліппеге не дейміз?
Хормен; Қош бол,құтты Әліппем.
1-жүргізуші:
О, біздің Ана-тіліміз жаңа –жылды сүйреп келеді.
Шанасын сүйретіп, шыршаны тиеп алыпты.

Ана тілі:
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте-деп ақын ағамыз айтқандай,мен ана тілі оқулығымын.Сендердің өнерлеріңді көріп қуанып тұрмын.
Әліппе:Маған арнап қандай тағы қандай өнерлерің бар?
11-оқушы:
Ана тілің – біліп қой,
Бостандығың теңдігің.
Ана тілің – біліп қой,
Мақтанышың елдігің.

12-оқушы:
Анам алғаш осы тілде
Бесік жырын жырлаған
Ұзақ түндер анам айтқан
Ертегілер тыңдағам

13 оқушы:
Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген.
Халқын сүйіп жарытпас.

О,жарайсыңдар!

Менің сендерге арнап әкелген бір ойыным бар еді. Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр? (Оқушы жауаптары тыңдалады) Дұрыс айтасыңдар, Жаңа жыл мерекесі. Жаңа жыл мерекесінің көркі, сәні шырша екенін бәріміз жақсы білеміз. Олай болса, «Шыршаны безендірейік» атты ойынды ойнап жіберейік.
( Жылтыр таспен қапталған қорап ішінен оқушылар өздеріне ұнаған шырша ойыншықтарын таңдап алады да, ондағы жазылған сұраққа жауап беріп шыршаға іледі)

1-ойыншық Біздің туған жеріміз,өскен жеріміз,Отанымыз қалай аталады?
(Қазақстан)
2-ойыншық Отан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
3-ойыншық1-ден 10-ға дейін кім тура және кері санап береді?
4-ойыншық Балалар ең алғаш «Әліппені» кім жазды? Ахмет Байтұрсынұлы
5-ойыншық Табиғат нешеге бөлінеді? (екіге) Атын ата?(тірі және өлі табиғат)
6-ойыншық Ана,Отан,бала сөздерін кім жазып береді?
7-ойыншық Математикалық жұмбақ
Табақта 8 алма,
Қолымда 2 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (10 алма)
8-ойыншық Математикалық жұмбақ
Қолымдағы 9 алманың
1 –еуі атам,1-еуі апама
Айтшы сонда қолымда нешеуі қалады? (7 еуі қалады)
9-ойыншық Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2-ге дауысты,дауыссыз )
10-ойыншық 10 санының құрамын айт
11-ойыншық 9 санының құрамын айт
Ана тілі: Балалар сендер жақсы білім алыпсыңдар!Сыныптарыңның шыршасын білімдерін көрсете отыра безендірдіңдер. Қане баріміз 1,2,3 деп айтайық сыныптың шыршасын жағайық. ОООО 1 «А» сыныбының шыршасы жанды. Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар сіздерді жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын сіздерге жаңа табыс,үйлеріңізде ынтымақ,бірлік,береке, балаларыңыз сабақты «4»пен «5»ке оқуларына тілектеспін. Ал енді балалар мен тойдың соңына дейін сендердің білімдеріңді тамашалайын,мен сендермен оқу жылының соңына дейін боламын,жақсы білім алуларыңа тілектеспін!
1-жүргізуші:
Ана тілі: Сіз төрге жайғасып бізбен бірге болыңыз. Төрлетіңіз,төрге шығыңыз.
2-жүргізуші:
Баланың да тірегі
Дананың да тірегі
Шаншылмасын ешқашан
Аналардың жүрегі –дей келе аналардың құрметіне
Тұрар Мейірімнің орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Анашым»
Ойнаңдар билеңдер
Ағарып таң атса да,
Балалық шақ қайта келмес.
Өзен кері ақса да.
- дегендей актерлік шеберлігін көрсететін Нұржанқызы Аружанд және Қайртаев Әлидің орындауында көрініс «Сыныптағы достық! тамашалаңыздар.

1-жүргізуші:
Бишілер бар біздерде қыздар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін,
Таң қалдырып қанекей би билеші,
Қол соғып демеу берер көрермендер,- демекші алдарыңызда сыныбымыздың биші қыздарымыздың орындауында «Матрешка» биін тамашалаңыздар.
Би: «Матрешка»
2-жүргізуші:
Алдарыңызда мектебіміздің сымбатты да,әнші жігіті болған Мырзаханов Ильяспен 5 «А» сыныптас қыздарының орындауында 16 қыз әнін қарсы алыңыздар. Бұл әнмен биді іні-қарындастарына тарту етпек.
Қабыл алыңыздар! Қошемет!
1-жүргізуші:
Шәкірттердің тыңдап жауап сұраған
Жас санаға төгіп білім шуағын.
Хат танытып, жол сілтеген өмірге
Барша жанға құрметті жан- мұғалім, демекші барша бастауыш сынып ұстаздар қауымына алғысымыз шексіз дей отырып ән «Бала тілегі».
Орындайтындар:Жакан Керімсеит, Құмар Жансая
Қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер
Көтерілсін қанекей,көңіл күйлер,
Алдарыңызда қазіргі вальс биі,
Таң қалдырып , қанекей, би билеңдер.,- дей келе 1 «А»сынып оқушыларының биін қабыл алыңыздар.
Би: «Жаңа жылдық вальс»
1-Жүргізуші: Әліппені оқып, білім алдыңдар. Көп нәрсені үйрендіңдер. Қазақстанның болашағы сендерсіңдер. Әр баланың қиял-арманы бар болар, сол армандарың орындалсын деген ниетпен балғын балалық шақтың белгісісары түсті шарларыңды аспан әлеміне жіберейік.Қане, барлығымыз іштей тілек тілейік.
2-жүргізуші:
Қане, тілектеріңді тыңдап көрейік.
3-4 оқушының арман-тілектері тыңдалады
1-оқушы Мен есепші боламын
Мен барлық жұмысшыларға дер кезінде жеткілікті етіп айлық табыстарын беруді қарастырар едім.
2-оқушы Мен әкім боламын
Барлық ауыл, қалалардағы балалар бақшасыy тегін қылар едім.
3-оқушы Мен білім министрі боламын
Мектептегі бастауыш сыныптарға компьютер әперген болар едім.
4-оқушы Мен дәрігер боламын
Кез келген аурудың алдын алып, балалардың денсаулығына көп көңіл бөлер едім.
1-жүргізуші:
О, жарайсыңдар ойлаған арман тілектерің орындала берсін,аңсаған армандарыңа жетіңдер!
2-жүргізуші:
Ұстазымның айтқан сөзі ұғымды
Көтересің қиналмай-ақ жүгіңді
«Бітірдік деп 33 мектеп-лицейді!»
Талай ұрпақ мақтанады бүгінгі дегендей Абдувалиева Айдананың орындауында «Ұстазға арнау» өлең-жыр шумағын қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші:
Ақ тілеу аямайтын баталарын,
Өздеріңнен күш қуат бата алатын
Сынығындай асылдың ардақтысың
Ақ,жүрек,қасиетті паналарым,-олай болса не тұрыс,құрметті қонақтар «аталы сөз,баталы сөз » дегендей ортаға атамызды шақырайық Батасын берсін.
1-жүргізуші:
Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар
2-жүргізуші:
Шәкірттердің қанаттары талмасын,
Көк аспанда қыран болып самғасын.
Ақ жол тілеп, барша мына ұл-қызға,
Ақ батасын мектебіміздің директоры Роза Ашимбекқызы арнасын.
- Келесі сөз кезегі директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары Алиев Нұрлан Меркенұлына беріледі.

Ана деген не деген
Ақ тілеулі жан еді
Алғысын алып ананың
Өсе бергіміз келеді –демекші сөз кезегін анамыз -----------------------------

Құрметті қонақтар!
Осымен 1 «А» сыныбының ӘЛІППЕГЕ МЫҢ АЛҒЫС! атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.